Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Дара және күрделі етістік. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: <<Дара және күрделі етістік>>Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Етістік туралы түсініктерін кеңейте отырып,дара және күрделі етістіктің жасалу ерекшеліктерін меңгерту.Ә) Дамытушылық: Жеңілден күрделіге көше отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,сауатты,көркем жазуға баулу.Б) Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ұқыптылыққа,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді бекіту
Сабақтың типі:Жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыкаСабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,салыстыру,түсіндірмелі,көрнекілік әдісі,талдау.Көрнекілігі: Интерактивті тақта,мультфильм,бейнетаспа.
Сабақтың кезеңдері
Сабақ барысы
* Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

3.Өтілген тақырыпты пысықтау

5. Тақырыпты бекіту

6.Сабақты қорытындылау

7.Үй тапсырмасы

8.Бағалау

1.Балалар,бүгін бізде қазақ тілі сабағы. Сабаққа әзірміз бе? 2. Қандай мереке жақындап келеді? 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні.Аналар,әжелер,қыздар мейрамы.-Ендеше ,бүгінгі сабағымызды аналарымызға арналған өлең жолдарымен бастайық. Анам мені <<Айым>>-дейді. Мен мұңайсам,уайым жейді. Анам мені <<Күнім>>-дейді, Мен қуансам күлімдейді.-Бүгінгі біз сабағымызда аналарымызға арнап, гүл теруге шығамыз.Ол үшін біз екі топқа бөлініп алайық.Топ басшыларын сайлап алыңдар.Әр топ өздерінің аты мен ұранын ойластырады. 1топ: атымыз: <<Білімділер>> Ұранымыз: Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз,
Білімді болып шығамыз. 2топ: атымыз: <<Алғырлар>> Ұранымыз: Айтқан тілді аламыз. Қиындықтан қашпаймыз.

-Балалар,біз гүл тере отырып,бірнеше тапсырмаларлы орындаймыз.қай топ гүлді көп жинайды сол топ жеңіске жетеді.
Зат есім,етістік тақырыбын қаншалықты меңгергендігімізді білу үшін тест сұрақтарына жауап берейік.
Тест
1.Заттың қимылын білдіретін сөз
А) зат есім ә)сын есім б)етістік
2.Ұшып барады етістігі:
А) күрделі етістік ә)дара етістік б) туынды етістік
3.Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтары қай сөз табының сұрақтары?
А) етістік Ә) сан есім б)зат есім
4.Көкшетау,Сырдария,Асқар сөздері зат есімнің қай түріне жатады?
А) жалпы есім ә)жалқы есім б)жекеше түрі
5. Етістіктің сұрақтарын белгіле
А) қандай?қай? ә) кім?Не?б)Неістеді?Неғылды?
Қайтті?(жұппен тексеріп бағалау)
Бүгін біз <<Дара және күрделі етістік>> тақырыбын одан әрі жалғастырамыз Бәріміз экранға назар аударайық.
1. <<Артық сөзді тап>> Тақтада жазылған сөздерді оқып шығайық.
Жақсы көреді,еркелетеді, оқулық,күлімдейді,сүйеді,ақыл айтып отырады.(Оқушылар сөздердің қай сөз табына жататынын , әр етістіктің неше сөзден құралған айтып,дара және күрделі етістік екенін дәлелдейді)Қандай сөз артық ? <<оқулық>>. Неге олай деп ойлайсың? Себебі, ол-не? деген сұраққа жауап береді,заттың атын білдіреді.Оқулық сөзі- <<Зат есім>>Ал қалған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Осы сөздер кімге қатысты айтылған деп ойлайсыңдар ?(анамызға,әжемізге)-Ендеше, осы сөздерді көркем етіп,дәптерімізге жазайық. (<<Ана>>туралы музыка ойнап тұрады.) <<Жылдам ойла!>>1. Оқулықпен жұмыс 140-бетті ашайық.390-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Етістіктерді тап.Әр топтан 1 сөйлемнен оқып,етістіктерге сұрақ қойып,етістіктің түрін ажыратып,дәлелдеп,тақтаға орындайды.жазады.Ажар биледі.Әсет сурет салып отыр.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Сәуле ертегі оқыды. Сергіту сәті. <<Қызыл өрік>> әуеніне би қимылдарын орындау2. <<Ұйқасын тап>>.
1-топ <<Әже>>тақырыбына өлең ұйқасын құру.
Мені жақсы көреді,Күндей ... .... .Көп ертегі біледі,Маған ... .... . 2-топ: <<Ана>>тақырыбына өлең ұйқасын құру.Мен гүлдерді жұлмаймын,Торғайларды ... .Айтқан сөзін тыңдаймын,Анашымды ... .
Оқушылар құраған өлеңдерін тақтаға шығып оқып береді. 3. <<Жануарлар қалай дыбыстайды? >>
Оқулықпен жұмыс. 391-жаттығудың тапсырмасын оқиық. Экранға назар аударайық. Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту.Сызба арқылы сәйкестендірейік.
Әтеш шырылдайды
Мысық ызыңдайды
Шегіртке арсылдайды
Ит шақырады
Маса мияулайды

4.Мультфильм тамашалау <<Ғажайыпстанға саяхат>>
-Балалар,сендер мультфильм тамашалағанды ұнатасыңдар ма ?
-Ендеше, бәріміз мультфильмді тамашалай отырып,қимылды білдіретін сөздерді анықтап,дәптерімізге жазамыз.5. <<Адасқан сөзді тап>>
Оқулықпен жұмыс 392-жаттығу.
Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу,етістікті тауып,сұрақ қойып,астын екі сызықпен сызу 1топ. Дидар,сүргіледі,тақтайды 2топ. Суардық,малды,біз.6. <<Сенің әрекетің?>> Жағдаяттар шешу1- топ: жағдаят: Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен жүріп,бұл өтінішті ұмытып кеттің.Анаң жұмыстан келіп,өзі үйді жинап,сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді,сенің әрекетің?2-топ: жағдаят: Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана.Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң,ауылдан келген алыс туысқан апаң. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды ескерткен. Сенің әрекетің?( Әр топ өз ойларымен бөліседі)-Балалар,гүл теріп шаршадыңдар.Енді сабағымызды Венн диаграммасы арқылы қорытындылаймыз.Экранға назар аударайық.Зат есім Етістік

1-топ: зат есім жайында білетіндерін дөңгелектің ішіне орналастырады.2-топ: етістік жайында алған білімдерін қорытындылайды.Не істеді? Не қылды? Қайтті? Кім? Не? Кімдер? Нелер? Заттың қимылын білдіреді.Көпше түрі,жекеше түрі,дара және күрделі ,заттың атын білдіреді.сөз табы

-Осы жинаған гүлдерімізді анамызға табыстау үшін үйге жол тартамыз.
Үй тапсырмасы: 141-бет 394-жаттығу сурет бойынша шағын әңгіме жаз
Бүгінгі сабағымызды анаға арналған тілектерімізді г күн сәулесіне жазып,күн шуағын құрастырамыз-Ал ,енді, бәріміз біраз еңбек еттік ,<<құшақ-құшақ гүл жинадық>>.Гүлдерімізді санайықшы? Кім көп гүл жинағанын білейік.(Топбасшы жинаған гүлдер саны бойынша әр топ мүшесін бағалайды)Әр топ өздерінің жинаған гүлдер саны бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі








Тақырыбы: Дара және күрделі етістік

Пәні:қазақ тілі
Сыныбы: 3<<Ә>>
Мұғалім: Шаукенова З.А.

2011-2012 оқу жылы

.



Ұқсас жұмыстар
Дара етістік
Сөйлемдерді көшіріп жазу
Туынды етістіктерді теріп жаз
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістіктер
Болымды және болымсыз етістік
Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау
Болымды және болымсыз етістік. 6-сынып
Дара сын
Етістік жайлы ақпарат
Пәндер