Онтогенездің негізгі кезеңдері

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет аулы
Б Сүлейменов атындағы орта мектеп
Қ. А. Омархан -биология пәні мұғалімі.
Технологиялық карта. Биология 8 ә класы
Ауызша журнал сабағы
1 бет
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзімді өзім дегізген.
(Шәкәрім)
I. "Тез, шапшаң" Ой шақыру
1. Аталық безден бөлінетін жасуша
2. Аналық безден бөлінетін жасуша
3. Аналық безден бөлінетін гормон
4. Аталық безден бөлінетін гормон
5. Ұрықтану жүретін аналық мүше
6. Ұрық дамитын мүше
7. Сперматазоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы
8. Дене жасушасындағы хромосома саны
9. Жыныс жасушасындағы хромосома саны
10. Анасы мен ұрықты байланыстыратын арнайы мүше
11. Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым
12. Жүктілік мерзімі
13. Көбеюдің түрлері
2 бет
I. "Ер дәулеті- еңбек" Білім мен білік
II. Тригерлі суреттер ( ат қою, мақсатын ашу, мазмұнын айту )
III. Рольдік ойын
Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған еншім көп сен де менің
3 бет
I. "Білгенге маржан" адам өмірінің негізгі кезеңдері
8 - 11 жас қыз
8 - 12 жас ұл
12-15 жас қыз
13-16 жас ұл
16-20 жас қыз
17-21 жас ұл
21-55 жас әйелдер
22-60 жас ерлер
56-74 жас әйелдер
61-74 жас ерлер
ІІ. Ғасырдан ұзақ ғұмыр(өзің іздеп өзің тап)
Кітаптағы материалмен танысу
Жүргізуші: Ұрықтан жұмыртқа жасуша тез екіге бөлінеді, 10 сағаттан кейін тағы да митоз, болашақ адам енді 4 жасушадан тұрады, бір жұмадан кейін жасушаның саны 100-ге жетеді, салмағы 1 грамдай ғана ұрық жатырға бекініп, дами бастайды. Ана құрсағында болашақ сәбидің дамуы 270-280 күнге созылады.
1-оқушы. Ана құрсағында дамудың 1-айы. Бір аптадан кейін мен, балаға салынған жайлы төсектей шырышты, қалың қабатқа орналастым. Бірінші аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, бұлар әзірге менің өкпем, асқазаным, бүйрегім, себебі осылар арқылы мен анаммен байланысамын, тыныс алып, қоректенемін. Қағанақ маған зиянды микробтарды, улы заттарды өткізбейді. 18 күнде жүрегім соға бастады, айдың соңына таман өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлағым пайда бола бастайды. Мен өсіп келемін, ұзындығым 5 мм-дей.
2-оқушы. Дамудың 2-айы. Мен қоршаған дүниені көрген жоқпын. Бірақ жарық дүние адамның құрсағындай жайлы, жағымды, сәулелі есігін маған айқара ашады деп ойлаймын. Жүйке жүйем дамуда, миым үлкен адамның миындай қыртысты. Инфекциядан қорғайтын "тимус" безім жұмысқа кірісті, аяқ-қолым өсіп келеді, саусақтарым қалыптаса бастады, олар сондай кішкентай. Мүмкін, осы саусақтарыммен скрипкада ойнармын, сурет салармын, мүмкін биші болармын. Бойым 2-3 см-дей, барлық мүшелерім қалыптасып болды.
Жүргізуші: ғалымдардың айтуы бойынша ақыл-ой қабілеті тұқым қуалаушылықпен беріледі екен, баланың интелект деңгейі әкесінен гөрі, анасына көбірек байланысты көрінеді, ата-бабаларымыздың текті жермен құда болуы тектен-тек емес, көрегендігінде. Баланың миының жетілуі үшін, анасының дұрыс тамақтануының маңызы зор, дәмді, сапалы тамақпен қоректенсе, баласы да соғұрлым ақылды болмақ.
3-оқушы. Дамудың 3 айы. Бойым 5-6 см, мұрыным, көзім, ауызым, бұлшық етім, сүйектерім қалыптасып болды. Мені енді ұрық демей бала деп атайды, ұл немесе қыз екенімді айыруға болады. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.
4-оқушы. Дамудың 4 айы. Бойым 10-16 см, салмағым 40-50 гр-дай, бауырым, асқазаным, бүйрегім жұмыс істей бастады. Басыма алғашқы шашым шықты, ана құрсағында еркін жүзіп жүремін, анам аяғымның қозғалысын анық сезінеді.
5-оқушы. Дамудың 5 айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым, анамның көңіл күйін тез байқаймын. Оның маған арнаған жылы сөздеріне масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет аузымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.
Жүргізуші: Нашақор мен маскүнем ата - аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, аурушаң арқылы кем әртүрлі дене кемістіктерімен туылып, халқына пайдасыз болып, осы зиянды әдеттерге биім келетіні зерттеліп, анықталған.
6-оқушы. Дамудың 6 айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20-60 рет қозғалыс жасаймын, ұйықтаймын, оянамын. Әлі алаңсыз, қамсыз, өмір сүрудемін, дегенмен, ана құрсағы маған тарлық ете бастағандай. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.
7-оқушы. Дамудың 7 айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да, қабағымды қақпастан айнала қараймын, түрлі-түсті суреттерді қашан көрер екенмін? Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz