Хабарлы сөйлем: сабақ жоспары, ереже мен практикалық жаттығулар

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, мәтін,

сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін

арттыру.

2. Сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Әдемі, таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сематикалық карта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сабаққа дайындау.

1. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы білімін тексеру. 1-2 оқушыға үй жұмысын оқыту, ереже сұрау. Дәптерлерін жинау.

  1. Ой шақыру.

Мәтін туралы білімдерін тексеру.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бөліктері.

-Мәтіннің неше түрі бар?

2. Жаңа сабақ

2. Ой қозғау. Топтастыру .

Соның ішінде бүгін Хабарлы сөйлеммен танысамыз.

  1. Мағынаны таныту.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықтың 75-бетін ашыңдар. 224-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

а) Ережені оқып таныстыру. ә) Ережелерді сөйлемдер арқылы дәлелдету.

Ереже: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Дәптермен жұмыс: Күннің жады. Көркем жазу. «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі». Кк көзілдірік, күрек.

225-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.

Бұлбұл.

Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.

Бұлбұл туралы білетіндерін айту, еске түсіру.

Сергіту сәті.

(Сөйлемді аяқта ойыны) . Адасқан сөздерден сөйлем құрау.

күредім

қарды

қалың

басты

қарңғылық

төңіректі

суытты

күн

еріді

қар

226-жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек топтастыр.

Әйелдер киімі. Ерлер киімі:

Сәукеле Жейде.

Орамал Күпі

Жаулық. Құлақшын

Ішік. Шекпен.

Қамзол.

Шәлі.

Топтық жұмыс: 227-жаттығу.

1-топ: Орамал сөйлем құрау, дыбыстық талдау.

2-топ: Құлақшын сөйлем құрау, дыбыстық талдау.

227-жаттығу. Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.

Менің досым Қырғыстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

  1. Ой толғаныс. Симантикалық картамен жұмыс.

Терме диктанты.

Хабарлы сөйлемді тауып жаз.

Ажар кітапханаға барды. Үйді кім салады? Алақай, ертең концертке барамыз.

Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма? Бүгін қар қалың жауды.

Ойды шынықтыруға тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру.

А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.

Ә) Болат, тартады, домбыра.

Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.

В) Қандай, керемет, даусы.

5. Бекіту сұрақтары.

6. Тест жүргізу.

  1. Сөйлемнің неше түрі бар?

А) 2. ә) 1. б) 3.

  1. Дұрыс сөйлемді тап.

А) Оқиды Асхат сыныпта екінші.

ә) Асхат екінші сыныпта оқиды.

Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат.

  1. Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?

А) Нүкте Ә) Сұрақ белгісі. Б) Леп белгісі.

  1. Сөйлем деген не?

А) Тиянақты ойды білдіреді.

Ә) Заттың қимылын білдіреді.

Б) Заттың түсін білдіреді.

  1. Мәтін түрлері.

А) Басы, негізгі, соңы.

Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

Б) Хабарлы, сұраулы, лепті.

  1. Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?

А) 3. Ә) 2. Б) 4.

  1. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

А) 2. Ә) 3. Б) 4.

  1. У дыбысы қандай дыбыс?

А) Дауысты Ә) Дауыссыз Б) Кейде дауысты, кейде дауыссыз.

  1. Сабақты қорыту.

Өзіңді тексер.

Нені білем?
Нені үйрендім?
Нені үйренгім келеді?
Нені білем?:

Сөйлем

Мәтін

Сөйлем түрлері

Нені үйрендім?: Хабарлы сөйлем
Нені үйренгім келеді?: Сұраулы, лепті сөйлемдер туралы.

Ұқсас жұмыстар
2-б сыныпқа арналған Хабарлы сөйлем: ашық сабақ жоспары мен жаттығулар
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Хабарлы сөйлем
Сұраулы және хабарлы сөйлемдер: 180-184 жаттығулар бойынша сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі пәні: Хабарлы сөйлем ашық сабақ жоспары
Қазақ тілі: Сөйлем және оның түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) - сабақ жоспары
Сөйлем және айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті - сабақ жоспары
8А сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Компьютер және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
2-сынып Ұйғыр тілі сабақ жоспары: Сөйлем бойынша қайталау (317-321 жаттығулар)
Түймекент орта мектебі. Керимқулова Улбике Молдашқызының 8-сыныпқа арналған 2014-2015 оқу жылы қысқа мерзімді жоспары: Сөйлем және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты)
5-сынып: Жай бөлшектерді көбейту - ереже мен практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz