Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аяулы жақан

Сабақтың тақырыбы: Аяулы Жақаң
Мақсаты: 1. <<Аяулы Жақаң>> мәтінімен таныстыра отырып, оның өнегелі өмірі, мүддесімен таныстыру.2. Қоғам қайраткері, ақын, жазушы мұралары арқылы балалардың ой-өрісін, есте сақтау сезім талғамын, танымдық қасиеттерін дамыту.3. Оқушылардың патриоттық, адамгершілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: М.Дулатов,А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,суреттері, <<Оян қазақ>> кітабы, <<күзгі орман>> суреті.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық жұмыс,сто стратегиялары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.Балалар,бір-біріне қарап жымиыңдар,көздеріңді жұмыңдар.Мен бақытты баламын.Білімді болғым келеді.
2. Үй тапсырмасын сұрау Шешенің балаларын сүюі.Өлеңді жатқа айту.
Сұрақтарға жауап беру.
- Ана баласын қалай сүйеді?
-Ана неге көз жасымен бетін жуады деп ойлайсың?
Оқушылар, аналарыңа арнап өлең,шығарма жазып келдіңдер ме?
3.Үй тапсырмасын пысықтау.Ана қасиетті қастерлі, сондықтан оны сыйлап құрметтеу керек.Ал өлеңнің авторы кім?Автор туралы не білеміз?
4. Жаңа сабақ
Мақсат қою кезеңі.Олай болса, бүгінгі сабағымызда М.Дулатовтың балалық шағынан естелікті ағасы А.Дулатов жазған <<Аяулы Жақаң>> әңгімесін өтеміз.
Дәптермен жұмыс.Күннің жадын жазу.Аяулы Жақаң
Қызығушылығын ояту.
Балалар, сол заманда бір мақсатта, ұлттық мемлекет құруды аңсаған ұлы тұлғаларды айтқым келіп тұр.
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Дулатов.
Бұлар халқының аяулы перзенттері жазықсыз қудаланып,құрбан болған .1988-ж ақталып халқымен қайта қауышты 1992-ж <<Бес арыс>> кітабы басылып шықты.Жүрегі халқым деп, елім деп соққан аяулы азаматтарымыздың бірі М. Дулатов ! Қандай шығармаларын оқыдыңдар ? (Қырдан келген жас қазақ, Қоян күз,шешелерінің балаларын сүюі,кітабы <<Оян,қазақ !)
А.Дулатовтың өмірімен таныстыру.
Ал, балалар бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ болмақ.Күзгі орманға саяхатқа шығамыз.
Күзгі орманды кім суреттейді?
5. Мағынаны тану.Оқушыларды топқа бөлу.
Мәтінді түсіндіру.Іштей оқу.Әр бөлікті бір оқушыға оқыту.
Сөздік жұмысы.
Орманда ең алғаш аю кездесті.Аюға ұйықтауына көмектесейік.Ол үшін сұрақтарға жауап берейік
1-топ.Естелікті кім жазған?
2-топ.М.Дулатов нені армандаған екен?
3-топ.Алғашқы кітабының <<Оян, қазақ>> деп аталу себебі неде?
Өте жақсы жауап бердіңдер.
Сергіту сәті.
Саяхатымызды жалғастырайық.Тиінге саңырауқұлақ жинауға көмектесейік.
Топтық тапсырма.
1-топ.Мәтіннен анасының сөзін тауып оқу.
2-топ.Міржақыпты сипаттаған жерін тауып оқу.
3-топ.Мәтіндегі өлеңді оқу.
Күзгі орманда қыстап қалатын құстар ғана қалған екен.Құстарға жем тауып жеуіне көмектесейік.
6.Ой түйіндеу.Шығармашылық тарсырма.
1-топ.Бес жолды өлең арқылы мінездеме беру.
2-топ.Міржақыптың сыртқы түр-әлпеті,ерекшелігі.
3-топ.Автордың көзқарасы,ойы.
Ал,балалар орманнан сыныпқа ораламыз
Бекіту.Мен не білдім?
Ақын арманы орындалды ма?
Жапырақ жинау ойыны.Жапырақтағы сұрақтарға жауап беру.
Қорытынды: М.Дулатов өлеңдерінен үзінді оқу.Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұндау.

Ұқсас жұмыстар
Міржақып туралы. аяулы жақаң. асқар дулатов
Аяулы жақаң. а. дулатов
Жүректен жүрекке
Мухтар Әуезов Жетім әңгімесі
Жеті күнді ата
Ұстаз ұлы тұлға
Оқушылар енді ойларыңда қалған дана сөзінің мағынасын тақтаға жазыңдар
Жуан дауысты дыбыстар
Отан туралы м.мақатаев
Айтшы әжетай
Пәндер