Schools in britain

Пәні: ағылшын тілі
Класы: 8 а
Уақыты: 29. 11. 13
Пәні:ағылшын тілі: Сабақтың тақырыбы: Schools in Great Britain
Пәні:ағылшын тілі: Мақсаты: Оқушыларды Ұлыбританияның білім беру жүйесі, мектеп түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру; «мектеп» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлеу кезінде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру; оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту; топта ынтымақтаса жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және топ мүшелерінің пікірін тыңдауға баулу.
Пәні:ағылшын тілі: Күтілетін нәтиже: Ұлыбританияның білім беру жүйесімен, мектеп түрлерімен танысады; топта талдау арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша таныстырылым дайындай алады, жаңа сөздерді үйреніп, оларды сөйлеу кезінде қолдана алады. Топ мүшелерінің пікірімен санасуға, өзін және өзгені сыни бағалауға қалыптасады.
Пәні:ағылшын тілі: Кезеңдері
Класы:8 а: Мұғалім әрекеті
Уақыты:29. 11. 13: Оқушы әрекеті
Ресурстар
Пәні:ағылшын тілі: Ұйымдастыру кезеңі
Класы:8 а: Оқушылардың сабаққа қатысымын, класс тазалығын тексеру, Класты топқа бөлу, топбасшысына бағалау парақтары мен критерийлерді үлестіру.
Уақыты:29. 11. 13: Мұғаліммен сәлемдесу, кезекшінің мәліметі. Топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындайды.
түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы
Пәні:ағылшын тілі: Үй тапсырмасын сұрау
Класы:8 а:

2 жаттығу, 112 бет. Сөйлемдерді аяқтау.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында, дұрыс жауабын тақтаға шығару.

4 жаттығу, 113 бет. Досына өз мектебі туралы хат жазу.

Әр топтан бір оқушыдан «Автор орындығы» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Уақыты:29. 11. 13:

Топтағы оқушылар сағат тілі бойынша дәптерлерін алмастырып, интерактивті тақтадан көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша бір бірін тексереді, берілген критерий бойынша бағалайды.

Топ ішінде өзара ақылдасып, өздері таңдаған ең үздік хатты оқиды. Басқа топтағы оқушылар сұрақ қояды. «Үш шапалақ», «отшашу» әдістері бойынша бағалайды.

интерактивті тақта, дәптер

дәптер

Пәні:ағылшын тілі: Қызығушылықты ояту
Класы:8 а: Әр топқа «School» сөзіне ассоциация жасауға тапсырма беру.
Уақыты:29. 11. 13: Берілген сөзбен байланыстыратын ұғымдарды, суреттерді плакатқа жазып-салады, қорғайды, «үш шапалақ» әдісі бойынша формативті бағалауды жүргізеді.
плакат, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер
Пәні:ағылшын тілі: Жаңа сабақ
Класы:8 а:

1. Ой шақыру

1. Where is Great Britain?

2. What’s the capital and the official language of Great Britain?

3. What do you know about educational system of Great Britain?

2. «ББҮ» стратегиясы бойынша таратылған парақшаларға кестенің 1, 2 -бағандарын толтырту

3. Мәтінмен жұмыс

1 жаттығу, 115 бет

Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі туралы мәліметті ЖИГСО әдісі арқылы меңгерту.

4. Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында өзін-өзі тексеру тапсырмасын беру.

5. Сергіту сәті

“If you are happy and you know it…” бейне клипын тақтадан көрсету.

6. Ұлыбританиядағы мектеп түрлері бойынша топтарға таныстырылым жасауға тапсырма беру.

Уақыты:29. 11. 13:

Сұрақтарға жауап береді.

«ББҮ» кестесінің 1, 2 -бағандарын толтырады.

Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі туралы мәліметті жеке оқып, жұппен және топпен талқылайды; оқығанын басқа топқа түсіндіреді, өз тобына келіп басқа топта естігенімен бөліседі.

1 топ 116 беттегі 2, 2 топ 116 беттегі 3, 3 топ 116 беттегі 5 жаттығуды орындайды. Тақтадан берілген жауаптар бойынша өздерін тексеріп, критерий бойынша бағалайды.

“If you are happy and you know it…” өлеңін айтып, бейне клипте көрсетілген қимылдарды жасайды.

1 топ - Primary schools

2 топ - Secondary schools

3 топ - Private schools тақырыптары бойынша таныстырылым дайындайды, қорғайды. Бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.

интерактивті тақта

«ББҮ» кестесі жазылған парақшалар

оқулық

оқулық, дәптер, интерактивті тақта

интерактивті тақта, бейне клип

плакат, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер

Пәні:ағылшын тілі: Сабақты қорытындылау
Класы:8 а:

1. Сабақтан алға білімдерін жинақтау мақсатында «ББҮ» кестесінің 3-ші бағанын толтырту.

2. Үй тапсырмасын беру

Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып Ұлыбритания мектептеріндегі оқушылар ережесі мен міндеттері туралы жоба жұмысын жасау.

Уақыты:29. 11. 13: Тапсырманы орындайды, өзара талқылайды, ойларын ортаға салады.

«ББҮ» кестесі жазылған парақшалар

интерактивті тақта

Пәні:ағылшын тілі: Бағалау
Класы:8 а: Топ басшылары бағалауларын айтуы сұралады.
Уақыты:29. 11. 13:

Топ мүшелеріне берілген критерийлер бойынша баға қояды.

12-15 балл - «5»

8-11 балл - «4»

5-7 балл - «3»

5-тен төмен бағаланбайды.

бағалау парақшалары

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

С. К. Алиев

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Schools in Great Britain»

Класы: 8а

Пән мұғалімі: А. А. Жиенбаева

2013 - 2014 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Unit 4. Step1. Primary, secondary, education. Бастауыш және ЖББ мектептер
Иллюстрациялар арқылы есту қабілетін арттыру дағдысы
Синоним сөздерге мысал келтір
Fauna of Kazakstan ,Great Britain and the USA
Оқушыларға интернет туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Traditional food
Спорт және ойын
Ағылшын тіліндегі зат есім
Who is taller? кім ұзынырақ?
Сынып оқушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz