Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ елінің тарихи жолдары


Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
А.Т.Базарбаева

Қазақ елінің тарихи жолдары
(интеллектуалды ойын)
І. Мақсаты.
1. Білімділік: Оқушылардың тарих сабағында алған білімдерін саралау,
жылдам
ойлауға, ұшқыр ой құрастыруға, әдемі де әдеби сөйлеуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыта
отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздық қасиет
қалыптастыру
3. Тәрбиелік: Партиоттық сезімін дамыта отырып, елжандылыққа, отан
сүйгіштікке, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу

ІІ.
Ойянның барысы:
1. Қатысушыларды таныстыру
2. Әділқазылар таныстыру
3 Ойының кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру
3. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
Әділ-қазылар алқасы:
Бірінші кезең „Ұйқы ашар“
Екінші кезең „Асу“
Үшінші кезең „Лого “
Төртінші кезең „Жұмбақ оқиға “
Бесінші кезең „Жылдар эстафетасы“
Алтыншы кезең „Тарихтан хат“
Жетінші кезең „Жұмбақ кейіпкерді тап“

І-кезең
Ұйқы ашар (шарты: сөздердің мағанасын тап)
І –тобына ІІ-
тобына
1. Январь-қаңтар 1. Март-
наурыз
2. Темучин-Шыңғысхан 2. Томирис-
патшайым
3. Кир- парсы патшасы 3. Тас дәуірі
-палеолит
4. Нептун- планета 4.
Юпитер- планета
5. Мезалит- орта тас ғасыры 5. Неолит- жаңа
тас ғасыры
6. Энеолит-мыс-тас ғасыры 6. Геродот- грек
тарихшысы
7. Албан-тайпа 7.
Шапырашты-тайпа
8.Әже-әкенің шешесі 8. Жеңге-
ағаның әйелі
9.Сыма Цянь- қытай тарихшысы 9. Аттила – ғұндар
басшысы
10. Прииск - Византия елшісі 10.
Тигрохауд – сақ тайпасы

ІІ-кезең
„Асу“ (әр тарихи дәуірде көрсетілген сұрақтарға жауап тап)
№ 1 Тас дәуірі
1. Тайпалық одақтарды ата;
2. Үйсіндердің астанасы
3. Тас дәуірінің үш кезеңі палеолит мезолит неолит
№ 2 Қола дәуіріндегі Қазақстан
1. Сақ патшасы Томирис
2. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады? (Тастан)
3. Егіншілік қай мың жылдықта пайда болды? (10 мың жылдықта)
№ 3 Сақтар
1. Энеолит сөзінің мағанасы не? (Тас-мыс ғасыр)
2. Ботай тұрағы қай жерге орналасқан? (Солтүстік Қазақстан)
3. Қаңлы елін кім басқарды? (хан)
№ 4 Ғұндар
1. Мезолит дәуірін қалай айтамыз? (орта тас ғасыры)
2. Ағаштан не тастан ойып жасалынған табыну мүсіні. (тұп)
3. „Аң стилі“ қай ғасырда пайда болды? (б.з.б. 7 ғасыр)
№ 5 Үйсіндер
1. Б.з.б. 4 ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген кім? (А.Македонский)
2. Үйсіндерді кім басқарды? (Гуньмо)
3. Қаңлылардың өмір сүру кезеңі (б.з.б. 2ғ- б.з. 5 ғ.)
№ 6 Темір дәуірі
1. Қауыншы, Отырар, Қаратау, Жетіасар мәдениеті қай тайпалық одаққа

жатады? (Қаңлы)
2. Ғұндардың басшысы қалай аталды? (шаньюй)
3. Қазақстан аумағында қаңлылардың қанша теңгесі табылды? (1300)
№ 7 Қаңлылар
1. Адамзат тарихында адамдар даму сатысы қандай дәуірлерге бөлінген?
2. Тас дәуірі нешеге бөлінген? (3, Палеолит-б.з.б. 2 млн..500 мың-12 мың
ж., Мезолит б.з.б. 12 мың-5мың ж., Неолит б.з.б. 5 мың-3 мың ж.)
3. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атадық? (парадарайа)
№ 8 Сармат тайпалары
1.Ғұндар қанша руға бөлінді? (25)
2.Үйсіндер үйлерін неден тұрғызды? (шикі кірпішпен және тақтатастан)
3.Қаңлылар соғыс болған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алған? (120мың)
№ 9 Орта тас ғасыры
1.Ғұн атауы қай ғасырда пайда болған? (б.з.б. 3 ғ.)
2. Парсы әскерлері қай жылы қайтадан сақтарға шабуыл жасады? ( б.з.б.
519 ж.)
3. Қаңлы елі өз ішінде нешеге бөлінді? (5-ке)
№ 10 Жаңа тас ғасыры
1. Үйсін атауы қытай жазбаларында қай ғасырдан бастап кездеседі? (б.з.б.
2ғ.)
2. Б.з.б. 55 жылы ғұнднр неше тайпаға бөлінді? (2)
3. Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған дәуір (темір)
Үшінші кезең „Кім жылдам “ (Шарты кезектесіп 2 топ оқушылары шығып
сұрақтың қасына дұрыс жауаптарын іледі)

1. Ғұндардың мемлекет басында кім болды? (Мөде)
2. Қола дәуірдегі мәдениетті ата
(Андронов мәдениеті)
3. Синантроп қайдан табылды?
(Қытайдан)
4. „Құдіретті еркектер деп сақтарды кім атады? “ („Парсылар“)
5. Мезолит дәуірі қай мыңжылдықта болды? (б.з.б. 12-5 мыңжылдық)
6. Қазақстанға ғұндар екінші рет қашан қоныс аударды? (б.з.б. 93 жыл)
7. От пен Күннің ишарасы (символы) ретінде сақтар қабірге қандай бояу
жаққан? (қызыл)
8. Сақ қоғамы қанша топқа бөлінген? (жауынгер, абыздар, малшылар)
9. Үйсін мемлекетінің басында кім болды? (гуньмо)
10. Ғұндардың аты аңызға айналған қолбасшысы? (Атилла, Еділ )
Төртінші кезең „Жұмбақ оқиға “(Шарты алдын ала жазылған тарихи оқиғаны
тыңдау арқылы
жұмбақ оқиғаны шешеді)
1.Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді, оларға өзіне
қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады. Енді өзін өкпелетендерден
кегін алмақшы екенін айтады. Мақсаты қарсыласын қырғынға ұшырату еді. Ол
бұл мақсатын жүзеге асырады. (Б.з.б. 521-486 ж. Шырақ)
2. Олар көрші империя үшін өте қауіпті, қатерлі болды. Талдан тоқылған
бөгеттер мен терең орлар да, берік қамалдарда да ешқандай бөгет бола
алмады.Тіпті тұғыры берік әрі қымбамтқа түскен қорғаныс та түкке жарамай
қалды. Орталық азияны, Сібірді бағындырды. Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.
Оларға көрші халықтар алым салық төлеп тұрды. Олар адам келбетті, арыстан
жүректі болды. Рим шекарасына беттеді. (Ғұндар)
1. Мемлекет оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай
өкілінің императорға хабарында „олар өркөкірек, өжет келеді. Біздің
елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін
елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына
тамақты алдымен береді, ал содан барып біздің елшімізге таратады“ делінген.
(Қаңлы)
2. Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның
ішкі құрлысы бөренеден салынып, үстінен тал, шөп төселген, топырақпен
жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып,
бастары оңтүстік –батысқа қаратылған. Олардың жанына қажетті деген заттары,
қол айна, алтын сырғалары, моншақтар және тістері ақсиған қасқыр бейнесі
бар үш аяқты құрбандық тақта қойылған. (Сарматтар)
Бесінші кезең „ Жылдар эстафетасы“
1. Б.з.б. 8 ғасырдан – з.б. 6 ғасырға дейін -
темір дәуірі
2. 100 мың жыл бұрын
- жер беті суи бастады
3. Б.з.б. 12-5 мың жыл
- орта тас ғасыры
4. Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж.-б.з.б. 12 мың ж. - тас
дәуірі палеолит
5. 1938 жылы
- Өзбекстанның Тесіктас
6. Бұдан 10 мың жыл -
егіншілік пайда болды
7. Б.з.б 5-3 мың жыл
- жаңа тас ғасыры неолит
8. Б.з.б. 2800 жыл- б.з.б 900 -
қола дәуірі
9. Б.з.б. 484-425 жылдары - грек
тарихшысы Геродот
10. Б.з.б.530 жыл - Кир
бастаған парсы әскері сақ

жеріне басып кірді.
1. Б.з.б. 519 жыл -
парсылар сақтарға қайта

шабуыл жасады
2. Б.з.б. 490 жыл -
Марафон шайқасы
3. Б.з.б. 4 ғасырда - Гректер
сақ жеріне қауіп төндірді.
4. Б.з.б. 7 ғасырда - „Аң
стилі“ пайда болды
5. Б.з.б. 3 ғ. мен б.з. 4 ғ. -
Үйсіндер өмір сүрді
6. Б.з.б. 3-2 ғ.- б.з. 5 ғ. -
Қаңлылар өмір сүрді
7. Б.з.б. 4 ғ. мен б.з. 3ғ. -
Ғұндар өмір сүрді.
8. Б.з.б. 55 жыл -
Ғұндар оңт. және солт. болып

екіге бөлінді
9. Б.з.б. 1 ғасырында - Ғұн тайпалары
батысқа қарай жылжыды
10. 451 жыл - Галлиядағы
Каталаун шайқасы

Алтыншы кезең „Тарихтан хат“ (шарты хатты кім жазды ,соны табу керек)
1. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жіберді.
Бірақ Томирис „әйел болса да жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ“ деп
жазды. (Рим тарихшысы Помпей Трог.)
2. „Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс
шекараларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл
жасаған кезде гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен
ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны
емізген. Шанью (сюннулардың билеушісі) бұған таңғалып , мұны ғажайып
нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсіреді“. ( Қытай тарихшысы Сыма Цянь)
1. „Ертелі - кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,
кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді Олар өздеріне төніп тұрған
патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі
басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді“.
(А.Марцеллин)
2. „Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен,
орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы
сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі
құлаққа жағымды“. (Византия елшісі Прииск)
Жетінші кезең „Жұмбақ кейіпкерді тап“ үй тапсырмасы (шарты әр сынып
көрніс көрсетеді, оқиғаның болған уақытмен ,кім туралы болып жатқанын
табу).

4 кезең „Жұмбақ оқиға “(Шарты алдын ала жазылған тарихи оқиғаны тыңдау
арқылы жұмбақ оқиғаны шешеді)

1.Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді, оларға өзіне
қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады. Енді өзін өкпелеткендерден
кегін алмақшы екенін айтады. Мақсаты қарсыласын қырғынға ұшырату еді. Ол
бұл мақсатын жүзеге асырады. (Б.з.б. 521-486 ж.

Шырақ)

2.Олар көрші империя үшін өте қауіпті, қатерлі болды. Талдан тоқылған
бөгеттер мен терең орлар да, берік қамалдарда да ешқандай бөгет бола
алмады.Тіпті тұғыры берік әрі қымбамтқа түскен қорғаныс та түкке жарамай
қалды. Орталық азияны, Сібірді бағындырды. Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.
Оларға көрші халықтар алым салық төлеп тұрды. Олар адам келбетті, арыстан
жүректі болды. Рим шекарасына беттеді. (Ғұндар)

4 кезең „Жұмбақ оқиға “(Шарты алдын ала жазылған тарихи оқиғаны тыңдау
арқылы жұмбақ оқиғаны шешеді)

1. Мемлекет оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай
өкілінің императорға хабарында „олар өркөкірек, өжет келеді. Біздің
елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін
елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына
тамақты алдымен береді, ал содан барып біздің елшімізге таратады“ делінген.
(Қаңлы)
2. Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның
ішкі құрлысы бөренеден салынып, үстінен тал, шөп төселген, топырақпен
жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып,
бастары оңтүстік –батысқа қаратылған. Олардың жанына қажетті деген заттары,
қол айна, алтын сырғалары, моншақтар және тістері ақсиған қасқыр бейнесі
бар үш аяқты құрбандық тақта қойылған.

(Сарматтар)


Ұқсас жұмыстар
Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың
Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары
Қазақ тілінің мәртебесі
Күнтізбелік жоспар. 10 сынып жаратылыстану- математикалық бағыт
Мұхтар шаханов. «отырар»поэмасы. «төрт ана». «желтоқсан тағылымы». 5-сынып
Тың және тыңайған жерлерді игеру. 9 сынып
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері 8-сынып (ұбт-ке дайындаудың жолдары)
Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым
Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Пәндер