Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"болашаққа- біліммен” интеллектуалды – шоу ойыны



Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімдері
Махмет Кенжекул
Сергебаева Гулзана Отарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: “Болашаққа- біліммен” интеллектуалды –шоу ойыны
Мақсаты:
1.Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша қайталау арқылы
жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2.Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез
ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге қосымша
іздену.
3.Достарын тыңдай білуге, өзін дұрыс ұстап мәдениетті түрде ойын, пікірін
дұрыс жеткізуге үйрету.
Сабақтың түрі: сыныптан-тыс (интеллектуалды -шоу)
Жүргізуші сөзі:
-Армысыздар құрметті білім нәрімен сусындатқан аса қадірлі ұстаздар
қауымы
-Бармысыздар сыныптас, жолдас деп жиналған жанкүйер оқушылар қауымы
Бүгінгі “Болашаққа- біліммен” интеллектуалды –шоу ойынына қош
келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1.
2.
3.

Ж: Ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.Үй жұмысы
2.Бәйге
3.“Кімнің сөзі”
4. Сәйкестендір
5. Ымға түсінбеген, дымға
түсінбейді
6.”Қарлы кесек”
7.”Кім жылдам”
1. Кезең
“Үй жұмысы”
(Командалар өздерін
таныстырады және эмблемаларын қорғайды)
2 кезең:
“Бәйге” (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
3 кезең “Кімнің сөзі” (берілген сөйлемнің авторын табу)
4 кезең “Сәйкестендір”
(оқиғалар мен уақытты сәйкестендіру керек)

5кезең «Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді» (тапсырма конвертке
салынып
беріледі, ыммен, мимикамен, пантомимамен көрсетеді)
1 топқа- демонстрация, ресми сапар
2 топқа- көтеріліс, мәдени байланыс
6 кезең “Қарлы кесек”
(топ басшылары 1-1не сұрақ қояды)
7 кезең “Кім жылдам тест тапсырмаларын орындау ”
Қорытындылау: Жеңімпаздарды анықтау
1 кезең «Үй жұмысы» (Командалар өздерін таныстырады және эмблемаларын

қорғайды)
2 кезең: «Бәйге»
1 топқа:
1. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген сұлтан (Барақ сұлтан)
 2.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз
жасақтарын:1735-1737 жылдары пайдаланды
3.1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:
Иран
4.Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан»
кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды? 1741-1742 жыл
5. Орынбор қаласы қай жылы салынды 1743 жылы
6. Мемлекетімізді ширек ғасырдан астам уақыт басқарған қоғам
қайраткері кім? ( Д.Қонаев)
7. Құрманғазы “Кішкентай” деген күйін кімге арнады? (Исатайға)
8.”Азиялық скифтер” деп сақтарды кім атады? (Геродот)
9.1822 жылы “Сібір қазақтарының жарғысының” басты мақсаты не?
10.ХХғ-да транспорттың қай түрі жедел дамыды? (темір жол)
2 топқа:
1.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:
Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру
2.1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор
комиссиясының басшысы : В.Татищев
3. XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың
ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы:
Фольклор
4.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар
мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:
Қобыланды батыр
5.Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым: Тасаттық
6. XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік
ретінде пайдаланған еңбектің аты: «Кодекс куманикус»
7. XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың
әдеби шығармасы: «Жүсіп – Зылиха»
8. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық
жыр: «Ер Тарғын»
9. Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің
поэмасы: «Жүсіп – Зылиха»
10.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:«Сағыныш»
ңыз:«Сағыныш»

3 кезең
“Кімнің сөзі”
1 топқа:
1.“Қанқұмар...” Жеңіске желікпе.Сен менің ұлымды ашық айқаста қару
құдіретімен жеңген жоқсын...” Бұл сөзді кім айтқан? (Томирис)
2«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
3.«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар
даладағы өмірдің сипаты белгісіне айналды» -деп жазды (Т.Рысқұлов)

2 топқа
1.“Желпілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша, жігіт адамның өлгені
жақсы” (Абылай)
2.”Қазақ елі отар болып келді, отар болып қалады ” (С.Садуақасов)
3.”Мен дегеніме жеттім, елімді аман алып қалдым.Енді қолыңнан келгеніңді
істей бер...” (Шырақ)

4 кезең “Сәйкестендір”
(оқиғалар мен уақытты сәйкестендіру
керек)
|Рет |Оқиғалар | |уақыты |
|саны| | | |
|1 |Елдің еуропалық бөлігінен 2 млн 400 мың адам | |1907-1912ж |
| |қашан әкеліп қоныстандырылды? | | |
|2 |Екібастұз бен Спасск мыс кеніштерінің және | |1915ж 25 маусым |
| |Орынбор –Ташкент теміржолының жұмысшыларының | | |
| |ереуілге қашан шықты? | | |
|3 |Патша жарлығы қашан шықты | |1916ж 25 маусым |
|4 |Генерал-губернатор Куропаткиннің қара жұмысқа | |1916ж 23 тамыз |
| |шақырудан босату туралы бұйрығы шыққан жыл | | |
|5 |Қазақтың демократиялық зиялылары “тыңдаңыздар, | |1916 |
| |қан төкпеңіздер”, “Қарсыласпаңыздар” деген | | |
| |хатын қашан жазды? | | |

5 кезең «Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді» (тапсырма конвертке
салынып беріледі,
ыммен,
мимикамен, пантомимамен көрсетеді)

1 топқа-демонстрация, ресми сапар
2 топқа- көтеріліс, мәдени байланыс
6 кезең “Қарлы кесек”
(топ басшылары 1-1не сұрақ қояды)
7 кезең “Кім жылдам тест тапсырмаларын орындау ”
Қорытындылау: Жеңімпаздарды анықтау


Ұқсас жұмыстар
Физикалық шаманы
40 миллион теңге интеллектуалдық ойыны
Интеллектуалды ойын
Компьютер ауруы
Болашаққа сенімділік
ЭКОНОМИКА АРУЫ
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Жұлдызды сәт 7-сыныпқа арналған интеллектуалдық сайысы
Математика, физика және информатика апталығы
Интерактивті технологияны меңгеру
Пәндер