Танымдық тәрбие: 1-5 сандар, геометриялық пішіндер және түстерді қайталау арқылы оқу-ойын тапсырмалары

Білім саласы: Таным

Танымдық оқу іс-әрекеті: Математика

Тақырыбы: қайталау

Мақсаты: Өткен тақырыптар туралы білімдерін жетілдіру. Ұлттық ойындарды ұмытпай ойнауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін, зейінін, жылдамдығын дамыту.

Көрнекілігі: 5 ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер, түстер (қызыл, көк, сары, ақ, жасыл, қара, қоңыр) сүйектің суреттері

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотив-қ қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру бөлімі

Қуаныш шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

-Өте жақсы балалар барлығымыз орнымызға отыра қояйық.

-Бәріміз тақтаға қарайықшы тақтадан нені көріп отырмыз

-Дұрыс айтасыңдар, қане бәріміз санайықшы

-Дұрыс осы бес санның әрқайсысының біздерге дайындаған тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?

-Олай болса, жақсы 1 санының тапсырмасы «Адасқан сандар» деп аталады.

Шарты: Адасқан сандарды тура және санайтындай етіп орналастыру

-2 санының тапсырмасы «орамал тастамақ» ойынының шарты: айнала отырған балалар көздерін жұмып отырады, бір баланың алдына санды қойып, көзін ашқан бала сол санның көршісін табады

-өте жақсы балалар енді біраз сергіп алайық

Сергіту сәті

1 деңгейде орнымыздан тұрамыз. 2, 3, 4 шапалақты ұрамыз. Оңға иіліп, солға иіліп тынығып бір алайық, 5 дегенде қайтадан орнымызды табайық

3 санының тапсырмасы «қандай пішін?» балалар қолдарындағы пішіндерінің қандай пішін екенін, түсінің қандай түс екенін айтады. Үй мен машина құрастырады.

4 санының тапсырмасы «өз түсіңді» тап деп аталады.

Балаларға түстер таратылып беріледі. Балалар түстерді атап, сондай түстегі ашық хатқа апарып орналастырады.

5 санының тапсырмасы «Ақ сүйек» ойынын ойнау арқылы логикалқы есептер шешу (шарты түсіндіріледі)

  1. Ұлпа жүнін қыздырып

Күншуақта 1 күшік

Отыр еді маңына

Келді тағы 1 күшік

Нешеу болды сен сана

  1. Жанып тұрған 4 шамның

сөніп қалды 2 еуі

қалды енді нешеуі?

  1. Мысықта қанша құлақ бар?

Мысықта қанша аяқ бар?

Мысықта қанша құйрық бар?

  1. Ағашта 4 алма

Піскен екен тимей құрт

Самат алып 1 еуін

Қалдырған екен нешеуін?

  1. Табақта 2 алма

Қолымда 3 алма

Барлығын қосқанда

Балада неше алма?

Балаларды мадақтау.

Қорытынды.

Балалардың іс-әрекеті:

-Қолдарын жоғары жаяды

-Қолдарын алдына жаяды

-Бір-біріне қарайды

-Апайға амандасады

Орындарына отырады

Орындарына отырады

  • 1, 2, 3, 4, 5

-Ия

-балалар санды 1ден 5 ке дейін сосын 5 тен 1ге дейін орналастырады.

-мысалы: «8» көршісі

«2» мен «1»

Балалар сергіту сәтін жасайды

-орындарынан тұрады

-қол шапалақтайды

-оңға, солға иіледі

-қайтадан отырады

-дөңгелек түсі

Көк

-үшбұрыш, түсі

Қызыл т. б

Балалар тапсырманы орындайды

-қызыл

-көк

-сары

Қара т. б

Балалар есепті қызыға шешеді

-2 күшік

-2 шам қалды

-2 құлақ

-2 аяқ

-1 құйрық

3-еуі қалды

5 алма


Ұқсас жұмыстар
2-сәбилерге арналған Орман әлеміне саяхат: 1-10 сандары, геометриялық пішіндер мен түстерді меңгертуге арналған білім беру жоспары
Бөбекжайға арналған сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер туралы ертегі - 1-5-ке санау және пішіндерді таныту
Балабақшада санау, геометриялық пішіндер және ұзын-қысқа ұғымдарын дамытуға арналған ойын сабағы
Мектепке дейінгі геометриялық пішіндер сабағы: Монтессори және билингвальды оқу-әдістемелік жоспар
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: 1-5 сандарын тура және кері санау, геометриялық пішіндер және уақыт пен кеңістікті бағдарлау
Мектепалды даярлықтағы сенсорлық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер
Балабақшаға арналған дидактикалық ойындар: геометриялық пішіндер, өлшемдер, кеңістік және сандық құрам
Геометриялық пішіндер мен Күзгі ағаш бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Математика (Таным): 2-сәбилер тобына арналған Ұқсасын тап - пішіндер мен түстерді сәйкестендіру сабағы
Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ Күннің көзін бұлттан арылтайық: 1-10 сандарын санау, дыбыстық талдау және геометриялық пішіндер арқылы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz