Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ара мен шыбын

Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі:оқушыларға <<Ара мен шыбын>> мысалының мазмұнын меңгеру.Мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай. Жасау.2.Дамытушылығы:өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту.3.Тәрбиелігі:еңбексүйгіштікке,қонақжайлылыққа және жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі:аралас сабақ
Әдісі:Модельдік дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс:Дүниетану.
Көрнекілігі:О.Әубәкіровтың,Абайдың портреті,суреттер,сызбалар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім-деп бүгінгіашық сабағымызды бастаймыз.
Өткенді қорыту:
1-сұрақ:Мысал дегеніміз не? 2-сұрақ: <<Аққу,Шортан һәм Шаян>> мысалын әңгімелеу. 3-сұрақ:Негізгі мысалдағы негізгі ой-ақынның айтар өсиетін айтыңыз.Негізгі ой ынтымақ,бірлікке шақыру.
Жаңа сабақ.
Танып білу кезеңі.Кіріспе.
Тірі табиғат:адам,шөп,құс,ағаш,жануар,өсімдік,жәндік.
Жәндіктерге:инелік,шыбын,көбелек,құмырсқа,ара жатады.
О.Әубәкіров 1934 жылы туып,1986 жылы қайтыс болған.Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр фаультетін бітірген.Оның <<Қоңырау>>, <<Бөдене>>, <<Күлкіңіз келе ме?>>, <<Анау мен Мынау>>, <<Бір дорба>> т.б. көптеген жинақтары бар. О.Әубәкіров-талантты сатирик.Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап,мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз. Ара мен Шыбын туралы не білеміз? Ара-бал жинайды.Араның балы тағам ретінде пайдаланылады және ауруларға ем.Уы да дәрі Шыбын-буын аяқтыларға жатады.Шыбын жәндіктерге азық.Шыбынның өлексесі топыраққа сіңіп қарашірікке айналады
Ара Шыбын
Пайдалы пайдалы
пайдасыз пайдасыз
Есіңде болсын!
Табиғаттағы барлық тіршілктің өзіндік пайдасы,қоршаған орта қосар үлесі бар!
ІІ Түсіну кезеңі
Мысалмен танысу мәнерлеп оқуып шығу,түсіндіру.Іштей оқу.Дауыстап оқу.
Сұрақтар қою.
а) Шыбын Араға не деді?
ә) Ара оған неге бірден келісе алмады?
б) Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
в) Егер сен Араның орнында болсаң не істер едің?
г) Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Рөлге бөліп оқу.
ІІІ. Қолдану кезеңі
Дәптермен жұмыс.
Өзіндік жұмыс:
Сипаттау.
Шыбын (қандай?) Ара (қандай?)
Жалқау ұқыпты
Өтірікші ұйымшыл
Арамтамақ еңбекқор
Нас шыншыл
тұрақсыз пайдалы

Сергіту сәті.
Ал,балалар,тұрайық,
Қане,қанат жазайық.
Ара болып ұшайық,ыз-ыз-ыз.
Гүлге барып қонайық
Шыбындай жалқау болмайық.
Арадай пысық болайық.
ІV Талдау кезеңі.
1) Сахналық қойылым.Ара мен Шыбыншың қанатын жамылып рөлге бөлініп ойнау.
2) Тақырыпқа байланысты қонақ күту туралы өлең.Поэзия минуты.
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп қол алсаң-
Бірінші еткен құрметің
Түсіңіз деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң-
Екінші еткен қызметіңіз.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп,құп алсаң-
Үшінші ткен қызметің
Ірікпесең барыңды,
Қонақжайлылық сол дағы.
Шығармашылық жұмыс.
1-топ Бір шумақ өлең жазу. 2-топ Мақал-мәтелдер айту. 1.Қонақ-қойдан жуас. 2.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті. 3.Келегше қонақ ұялады,келген соң үй иесі ұялады. 3-топ <<Егер мен шыбын болсам>> эссе жазу (ойтолғау)
V. Жинақтау кезеңі. Тақырып: Ара мен шыбын.
Автор:Оспанхан Әубәкіров
Мәтіннің түрі: Мысал
Сөйлеудің түрі: Диалог
Кейіпкерлер: Ара мен Шыбын
Негізгі идея:Мысалдағы ара сияқты еңбекқор,қонақжай,талапты,адал болу.
Қорытынды:Жалқаулықтан,еріншектіктен,яғни жаман қасиеттерден аулақ болу.
Абай өсиеті бойынша сабақты қорыту.
Кеселді,жалқау,қылжақпас,
Әзір тамақ,әзір ас.
Сыртың-пысық,ішің-нас,
Артын ойлап ұялмас, (6-шы қара сөзінен)
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма:Өлеңді оқып,мазмұндау.


Ұқсас жұмыстар
Абай өсиеті бойынша сабақты қорыту
Ара мен шыбын О.Әубәкіров
Ара мен шыбын. 4 сынып
О.әубәкіров «ара мен шыбын». ана тілі. 4 сынып
Ара мен шыбын. Сабақтың әдістері
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы
Жылқы мәтінін оқу
«жылқышы» әңгімесі
ІІІ деңгей
Пәндер