Ауаның құрамы

Сабақтың тақырыбы : Ауаның құрамы.
Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру;

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділігі. Тақырып мазмұнын меңгерту. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
2. Дамытушылығы. Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру. Қорытынды шығара білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: стакан, банка, май шам, доп, слайд, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Назарын аудару
  • Амандасу

II. Психологиялық дайындық

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық.

998024101.gif

Сабақ оқушыларға әңгіме айтудан басталады. «Көрінбейтін сиқыршы».

  • Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайынды екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, ұша жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. - Бұл не?- Ауа. - Ауа туралы не білеміз? Мұрнымызды қысып дем алайық (тұншығамыз) . Яғни ауамен демаламыз. 1. Ауа неге қажет?2. Бізді қоршап тұрған не?

IV. Инсерт жүйесі бойынша жұмыс.

Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
Не білемін?:

Ауамен дем аламыз

Ауаны көрмейміз . тб жазу

Не білгім келеді?: Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?
Не білдім?:

Осы білгілерің келгендерді бүгінгі сабақта білуге тырысамыз.
- Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ деп ойлайсыңдар? (Ауаның құрамы)
- «Ауа» дегенде біздің әрқайсысымызға қандай ой келеді? Ойланамыз.

V. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру

-Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазу;

- Жаңа сабақтың тақырыбын жазу;

- Оқулықтан 64 бетті ашып, мәтінге назар аудару;

- Мәтіннің бірінші бөлігін бір оқушыға оқытып, мағынасын ашу;

О-роли-дыхания-300x290.jpg

  • Қандай жағдайларда ауа ластанатынын көрдік, ендеше ауадағы оттегі неге таусылып қалмайды деп ойлайсыңдар?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

Инсерт жүйесіне жазу

Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
Не білемін?:

Ауамен дем аламыз

Ауаны көрмейміз . тб.

Не білгім келеді?:

Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Не білдім?:
  • Мәтіннің 2 ші бөлігін екінші оқушыға оқыту;

-Балалар, өсімдіктер ауаны оттегіге байытатынын білдік.

Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
Не білемін?:

Ауамен дем аламыз

Ауаны көрмейміз . тб.

Не білгім келеді?:

Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Не білдім?: Өсімдік көміркышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі.

І тәжірибе Доппен тәжірибе жасап көрсету

  • Ендеше, алғашқы зерттеуімізді бастайық, сендер мұқият бақылап отырыңдар. Мына доптың ішінде не бар?- Ол қалай үрленіп тұр? (Ауа толтырылған. ) - Допты екі бүйірінен қысып едім не байқадыңдар? (Ішке қарай кірді. ) - Неліктен, ішіндегі ауаға не болды? (қысылды, сығылды. ) - Ал жіберіп қалып едім не болды ? (өз орнына келді. ) - Еденге ұрғанда не байқадыңдар? (Қайтадан жоғары көтерілді. ) - Яғни серпіледі екен. Бұл тәжірибеден не бақыладыңдар, ауаның қандай қасиеттерін білдіңдер?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
Не білемін?:

Ауамен дем аламыз

Ауаны көрмейміз . тб.

Не білгім келеді?:

Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Не білдім?:

Өсімдік көміркышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі. Ауа

қысылды, сығылды.

серпілді

Мәтіннің 3-ші бөлігін үшінші оқушыға оқыту.

География пәнінің мұғалімі Дина Кадыровна мәлімет береді;
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ - азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 / - ы азот, 21 / - ы оттегінің үлесінде.

VI. Дәптермен жұмыс.

Ауа құрамында ең көп газ-

Aзот - 78 %

Оттегі-21 %

Көмірқышқыл газы-1%

VI. Сергіту сәті

Мұғалім: -Балалар, сендер оттегі беретін ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

-Олай болса, бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып, барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып, қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрды. Желдің арты жаңбырға ұласып, ағаштар алғашқы жаңбыр тамшыларын сезінді.


Ұқсас жұмыстар
Ауа қабаты
Ауа және оның қасиеті
Ауаның құрамы. дүниетану, 4 сынып
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Ауаның ластануына сипаттама
Ауаның қасиеттері
Лас ауаның денсаулыққа зияны
Ауа райы. Климат жайлы ақпарат
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Ауаның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz