Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
"ана - өмір шуағы" ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: <<Ана - өмір шуағы>>
Мақсаты: 8 наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, ана туралы өлеңдерді айтуда мәнерлі, анық оқуға үйрету. Сөздік қорын молайту. Адамгершілікке баулу.
Түрі: Әдеби монтаж
Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, даналық сөздер, презентация.
Барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қандай биік болса дағы бақ асу?
Қандай биік
Болса-дағы дара шың?
Бәрінен де сен биіксің анашым! - дегендей 8 наурыз - отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің апаларымыз, аналарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Құрметті аналар өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!
Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Өздеріңізге арналған ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
<<Ана - сен қымбатсың маған>> презентациясы көрсетіліп тұрады.
1 жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдыңызда жауқазындай құлпырған,
Алаңсыз балғын шақты балалар.
2 жүргізуші: Бас иген ғаламда дана да
Ізгілік бастауы анада
Ана - өмір, бала - гүл
Анадан асыл бар ма екен
1 жүргізуші: 1910 жылы Даниядағы Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол өз сөзінде капиталистік елдердегі бейбітшілік, демократия, теңдік жолындағы күрестің ынтымақ күнін жыл сайын наурыз айының 8-де атап өтейік деді.
2 жүргізуші: Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады. Кейін бұл күн 8-наурыз - Аналар мерекесіне айналды.
Біржан: Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің Аналар!
Нұрсұлтан:
Тойды бүгін ашайық!
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Асхат: Сағындым мамық қолыңды,
Күтемін сенің жолыңды
Сен үшін Ана өмірде,
Қиюға бармын жанымды.
Жандос: Өмірде ана бұлақ, ана-пана
Өмірді өркендетер Ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Бағжар: Келбетіңде ұлылық,
Даладан кең пейілі
Ана деген жылылық,
Ана деген мейірім.
Ділназ: Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың.
Кенжегүл:
Айналайын анашым,
Әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Жасұлан: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда
Муслим: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Ерсұлтан: Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сізді құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Хор <<Әлемнің жарығы>> орындайтын 6а,б сынып оқушылары
Анаға арналған өлеңдер, ақындардың жазған естеліктері:
Аяжан, Назерке, Аяжан, Ұлдана, Гүлвира, Айым, Құралай, Айым
1 жүргізуші: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға ардагер ұстаз апайларымыз келіп отыр, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға береке тілейміз, сонымен қатар біраз сұрақтар қойып, сұхбаттасссақ деген ойымыз бар.
2 жүргізуші: Шарларды үлестіреді. Шарларда сұрақтар жазылған.
Сұрақ - жауап кезеңі:
Ардагер апайларымызға:
1 сұрақ: Өз өміріңізде болған қызықты оқиғаны баяндап берсеңіз.
2 сұрақ: <<Бала тілі - бал>> дегендей балаларыңыздың қызықты оқиғасы
3 сұрақ: 8 наурыз мерекесі несімен қызықты?
4 сұрақ: Балаларыңызды қалай еркелетесіз?
5 сұрақ: 8 наурызға қандай тілегіңіз бар?
Оқушыларға сұрақ:
Дүниеде не қымбат?
Ана неден қымбат?
Анаға деген махаббат қай күннен басталады?
Сендер аналарыңды қалай құрметтейсіңдер?
Анаға қатысты қандай теңеулерді білеміз?
Ұлдардың қыздарға өлең жолдарын арнауы
(Қ. Қарашев <<Біздің елдің қыздары>>)
Біздің елдің қыздары,
Бәрі сұлу шетінен.
Қызғалдақтай қырдағы,
Нұр тамады бетінен.
Біздің елдің қыздары,
Бәрі сұлу шетінен!
Біздің елдің қыздары,
Туған айдай үр жаңа.
Көз тартады судағы,
Гауһар тастау қырлана.
Біздің елдің қыздары
Бәрі-бәрі су жаңа!
Жүрісін-ай, жүрісін,
Су төгілмес су жорға.
Жұлып алар күлісі-
Жүрегіңді біржола.
Біздің елдің қыздары
Су төгілмес шын жорға.
Біздің елдің қыздары,
Сұлулардың сұлуы
Лағылдайын құбылып,
Есіңді алар қылығы
Біздің елдің қыздары-
Сұлулардың сұлуы!
Біздің елдің қыздары,
Талшыбықтай талдырмаш,
Сәуле шашар судағы,
Ақ сазандай алтын шаш.
Біздің елдің қыздары,
Талшыбықтай талдырмаш.
Сол қыздардың реңі,
Сап-сары емес, ақ сары.
Гүл-гүл сары біреуі,
Сап алтындай құбылып,
Нұр төгеді шаштары.
Біздің елдің қыздары,
Сап-сары емес, ақ сары.
Біздің елдің қыздары,
Қызыл шырай аққұба.
Сес көрсетіп ызғарлы,
Қарамайды шақшия.
Біздің елдің қыздары-
Қызыл шырай аққұба.
Біздің елдің қыздары,
Бидай өңді монтиған.
Өздері де ибалы,
Сөздері де ибалы,
Киім кимес шолтиған.
Біздің елдің қыздары-
Бәрі әдемі монтиған.
Бұл қыздардың әрбірі,
Оймақ ауыз, күлім көз.
Өнері бар сан қырлы,
Тауып айтар алғыр сөз.
Ұстаз болса біреуі,
Бірі білгір дәрігер.
Сөз айтатын жүйелі,
Бірі бастық жөн білер.
Қабақ шытса сол қыздар,
Сөніп кете жаздайсың.
Жанап кетсе лап етіп,
Жанып кете жаздайсың.
Көмейіңе біржола
Салып кете жаздайсың.
Көтеріп ап бір жаққа
Алып кете жаздайсың.
Айналайын қыздар-ай!
Өмір жоқ қой сендерсіз,
Көңіл жоқ қой сендерсіз,
Мына жарық әлемге
Сендер үшін келгенбіз.
Талайлардың сазайын сендер үшін бергенбіз.
Айналайын қыздар-ай,
Бұл өмірде сендерсіз,
Жүре аламыз біз қалай?!
Концерттік бағдарлама:
Ұлдардың әзілі
Би <<Ковбой >> орындайтын қыздар тобы
Күй <<Келіншек>>
Ән <<Анаға жыр>>
Қорытындылау:
1 жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Аналарымызға, ұстаз апайларымызға деген көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз.
2 жүргізуші: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады Сіздерге келе жатқан Аналар мерекесі құтты болсын дей отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Осымен <<Ана - өмір шуағы>> атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz