Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
<<сән мен сымбат әлемі>> сайысы
ОҚО Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы С.Қожанов
атындағы жалпы орта мектебінің технология
пәнінің мұғалімі Смайл Күлжан.
<<Сән мен сымбат әлемі>> сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың мамандық таңдау барысындағы ойларын нығайту,кәсіптік білімнің маңыздылығы,шығармашылық еңбекке араласуы арқылы өмірге өзіндік таңдау жасау.
Дамытушылық: ой-өрісін, ынта-ықыласын, бейімі мен қабілетін анықтап,еңбекке деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай кәсіпке тәрбиелеу.
Бүгінгі сабағымыздың ұстанымы:
Ұйымдасып істеген,
Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.
Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Біз технология пәнінен алған білімді, іс-әрекетімізді қорытындылай келе, қыздарымыздың қандай кәсіпке икемділігі бар екенін анықтау мақсатында сайысымызды бастаймыз.Бұл сайыста қыздар тамақ әзірлеу, киім пішу және тігу, үлгілеуді, сәнді киінуді және қол мен бетке күтім жасау, шашты әсемдеу әсемдеу, экономикалық есеп жүргізу сияқты өнерлерін көрсетеді және жасаған, тіккен бұйымдарын жарнамалайды, әрине бұл жарыс бір-бірімен бәсекелесетіндей ой жылдамдығы мен тапқырлық, икемділікті қажет етеді.
Ал, енді қыздардың стилист, дизайнер, аспазшы, экономист, менеджер, тігінші, тілші, шаштаразшы т.б мамандықтар бойынша қандай кәсіпке бейімділігі бар екенін анықтайтын кез келді.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңыз да қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Жарыстың барысы:
І. <<Сәлем сөздің атасы>> сәлемдесу, таныстыру
ІІ. Әр ұлттың сән үлгілерін көрсету.
ІІІ. <<Ас- адамның арқауы>>
ІҮ. <<Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз>> - қолөнер.Тіккен бұйымдарын, өз жұмыстарын жарнамалау.
Ү. Шаш үлгілері.Қыздардың шаштарын әсемдеу.
ҮІ. <<Өнерлі өрге жүзер>> өз өнерлерін көрсету.
Қорытынды, марапаттау.
Жүргізуші: Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,
Ақ орда аспанында ән қалықтар.
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Ән жырмен ойға толы сын сағаттар,-дей келе сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
-Алдымен бүгінгі кештің төрелерін сайлап алайық.
Әділдікті ең алға мақсат еткен
Өнер білім өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таңқаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Кімдер шебер, кім іскер білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші,
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
Ұзақ ғұмыр, қуаныш, нұр сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары,-дей отырып, ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.
І тур.Сайысымыздың 1-шарты бойынша өздерін таныстыру.
<<Сәлем сөздің атасы>> демекші, кезекті өнерлі қыздарға берейік.
ІІ тур.Әр ұлттың сән үлгілерін көрсету.оны дайындаған дизайнерлер ортаға шығып, қандай ұлттың киім үлгісі тігілгенін айтып береді. (<<Дастарқан>> әні ойналады)
Ас көңілдің ажары деген күнім,
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
ІІІ тур.
-Сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті.Ендеше,сайыскерлер, сөз кезегі өздеріңе беріледі.
<<Ас-адамның арқауы>> дегендей, әр топ өздері үйден дайындап әкелген салаттарына ат қойып, әшекейлеп қорғайды.
ІҮ тур. Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жиғандай өнер бағын.
<<Ана көрген тон пішер>> деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын.
Келесі кезекті <<Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз>> - деп аталатын сайысымыздың шарттарының бірі - қолөнер бұйымдарын көрсету, өнерлі қыздар көрсеткен бұйымдарын, өздері әзірлеген үй жұмыстарын әділқазыларға тапсырады.Тіккен бұйымдарын, өз жұмыстарын жарнамалау.
Ү тур.Шашы ұзын қыз. (шаш өру)
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне берейік.
Қыздардың шаш дизайнерлері шаштарын әсемдейді, әр топ өз арасынан бір сән үлгісінде киінген қызға шаштың сән үлгісін жасап, беттеріне, қолдарына қалай күтім жасау керек екенін әңгімелеп, макияж жасайды.Әр топ шаш турал өз ойларын ортаға салады.Слайд арқылы көрсету.
-Ендеше іске сәт, сайыскерлер!
ҮІ <<Өнерлі өрге жүзер>>.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлесі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым
Тамамдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып арулардың,-дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқасынан күтеміз.
-Әділқазылар алқасынан сайыстың көрсеткіш есебін сұраймыз.
Қыз балаларға төмендегідей номинациялар беріліп,марапатталады.
Аспазшы - <<Бармағынан бал тамған аспазшы>>.
Техникалық сәнгер - <<Үздік дизайнер>>.
Көркемдеуші сәнгер - <<Жаңашыл сәнгер>>.
Шаш дизайнері - <<Бұрымды қыз>>.
Тігінші - <<Шебер тігінші>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz