Болашақ бірлікте

Тақырыбы: «Болашақ бірлікте ! »

Мақсаты: 1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз отанын сүйюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімдері, шарлар, гүлдер.

Баяндама: Атамекен әні орындалады оқушылар саппен залға кіреді. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар сіздерді 1-ші мамыр халықтар достығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

(Әнұраны) орындалады.

«Бірлік бар жерде бақыт бар»

«Ынтымақ достық кепілі »дегендей.

Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз . Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансызда өмір сүре алмайды. Отан біздің туған жеріміз өзіміздің туысқанымыз, дос жарандарымызбен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз Қазақстан. Бүгін Қазақстанды көптеген мемілекеттер таныған ел. Оның өз Ел таңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991жылы 16 желтоқсанда алды.

Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігін Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін

Әнұранымыз біздің салтанатты үні өр үні, өміршең үні. Оның халықтай көтерілген әнінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді арманыңды аялай самғытады. (Ән ұранын орындау) Елтаңбасы қандай тамаша! Елтаңбамызға қарасақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтары шашырай шапағын шашқандай екі жақтағы қанатты пырақтары орынды да, қарымды да, жоғарыда бес бұрышты жұлдызы жарқырайды жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей. Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі Тұнығындай көңілді Ортада аспан әлемі Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды көңілім қалықтайды жалауым жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. Жырласа қазақ түркімен Молдаван тәжік үн қосқан Дос жүректер біріккен Мейірлері жарасқан. Әр қашан күн сөнбесін (Әні орындалады) Бақытты өмір сүргенін Туған елге еркелеп Қуанғанын күлгенін Сусынымыз қанады Өнер білім нәрімен Әлемдегі баланың Дос боламыз бәрімен. Би «Қазақ вальсі» Кім білген қазағымның қою шайын Жал-жая, қазы -қарта, құртпен майын Ақ тілекпен келген әрбір қонағына Құрметпен шығаратын төрі дайын Келіңіз ұсынамын төрден орын «Досым » деген адамға міне қолым Әр қазақтың жүрегінде осы тілек Адамзат оң сапарда болсын жолың Қазақ әні «Балдаурен» Тыңда, тыңда, тыңда мені Ұлы жұртым орыс халқым Сен тербетіп өсіргенсің Сенің даңқың менің даңқым Орыс ұлт өкіліне сөз. Много слов сказано Сколько песен сложено И стихов искренных На разных языках О степях ветренных Снегом запорошенных О тебя вечная Цветушая земля Орыс ертегісінен көрініс: «Бауырсақ» Своих детей хрони, земля Пусть ночи будет мирными У нас на всех одна, земля Своих детей, люби земля Ведь Родина у нас на всех одна Орыс биі. Украина ұлт өкіліне сөз беріледі. Туған тілім Туған жерім Ардақтаған айбыным Арманымсың арманым

Қадірменді бір досым өзбегім Қалтқысы жоқ демің өз демің Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің Өз көзімдей күлімдейді көздерің Дастархандар жайылады сәнімен Палауымен бесбармағы сыбайлас Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. Өзбек ұлт өкілі сөз алады. Өзбек биі.

Көрініс. Сахнада шешеннің жаңадан көшіп келген жанұясы . Әйелдер киімі жүдеу, дастархандарыда жүдеу. Әйелі: Отағасы-ау! Балада ауру ішерге тамақ жоқ. Енді қайтып күн көреміз? Отағасы: Менің қолымнан не келеді? Ертен басқармаға барып жұмыс сұраймын. Оғанға дейін талға жаулыққа қазақ көршімізден біраз бидай ала тұрайық. Олай етпесе болмас . Әйелі: Жарайды мен барып келейін. Осы кезде қазақ көршісі кіріп келеді. Көршісі: Қоныстарың құтты болсын. Көрші ақысы тәңір қоқысы дейді біздің халық. Сіздерді Ерулікке шақыра келдім жүріңіздер әлі-ақ ел қатарына қосылып кетесіңдер. Сахынада шешен жанұясы. Отағасы. Біздің жанұяға қазақ жері құт болды. Төрт ұрпақтың бәрі тіс дәрігеріміз. Қазақ еліне мыңда бір рахмет. Қазақ қырғыз бір сананың егізі Ел жұрттың бірге еккен негізі Қазақ озса-ол қығыздың мерейі Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі Қазақ қырғыз туыссыңдар доссыңдар Бір тамырдан сендер өскен қос шынар Дос туыстар көп болсада дүниеде Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар

Біз балдырған тең басқан Дос құшағын елге ашқан Тілейміз бейбіт күн Ашық болсын кең аспан « Біз өмірдің гүліміз » әні орындалады. Жолым түсіп, тағдыр талап Грузин дос болдым қонақ Қазағымдай кең пейілің Дастарханды жайдым мол-ақ Би «Лезгинка» Татар ұлт өкіліне сөз беріледі. Туған жерім тірегім Сен деп өстім Бір сен деп үнемі Соғады жүрегім Ұйғыр ұлт өкіліне сөз беріледі. Асқарлы, қарлы шың Аялаған ән құсым Түған жер армысың Саған мың алғысым. Ойын: Қонақтармен «Хан талапай» 1. Қазақтың жаңа жыл мейрамы? 2. Ұлттық тағамдарын ата? 3. Қазақтың ұлттық тағамдары? 4. Ұлттық аспаптарды атаймыз?

Тақпақтар. Бейбітшілік деп салған Халықтардың ұраны Қара күшке жұмсалған Ең жеңімпаз құралы Таң шапағы атқанда Серпілмейтін түн барма? Әділеттік қашанда Жеңбей қалған күн барма?

Достық, тату өмірге Дүние жүзі сенеді Соғыс өртін өшірсе Бейбітшілік жеңеді


Ұқсас жұмыстар
Ұстаз болу жүректің ұлылығы
Сөз бен мағына
Білім бастауы тәрбие
Бастауыш мектепте ағылшын тілін 1 сыныптан оқыту заман талабы
Мен өз Отанымның патриотымын
Жолдауға - қолдау. жаңа дәуір келбеті – мәңгілік ел
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Бірлік - түбі тірлік!
Күш бірлікте
Ынтымақ - достықтың бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz