Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұстаз ұлы тұлға
Ұстаз- ұлы тұлға.
Ұстаз кең мағыналы берері көп,беделі жоғары ұғым, қадірлі мамандық иесі.Өйткені тағдырын мұғаліммен жалғастырмаған,өмір жолын,еңбек бастауын ұстаз өнегесімен ұштастырмаған адам табылмаса керек.Әрбір ұстаз- қайталанбас тұлға.Менің бойымдағы ұстаздық қабілет әке қанымен дарыған болса керек.Өзінің ұстаздық еткен 30 жылдық еңбек жолы мен үшін таусылмас асыл қазына. 1978 жылы Өзбекстан Республикасы,Шоманай ауданы,Ж.Жабаев атындағы орта мектепті бітіріп 1979 жылы Хожелі педагогикалық училищесінің сызу және сурет факультетіне түсіп,1983 жылы бітіріп шықтым.Сызу және сурет мамандығын алдым.Өзімнің алғашқы еңбек жолымды Орта Азия теміржолына қарасты №51 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.Қызығы мен шыжығы мол ұстаздық кәсібім мені өз арнасына алды да кетті.Жастық жігерімнен болар,мектепте,аудан көлемінде болған сайыстардан қалмай қатысып,алғыс хаттар алған күндерім болды. 2005 жылы атамекенім Қазақстан Республикасына көшіп келдім.2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңадан ашылған Манашы орта мектебіне келіп,бастауыш сынып мұғалімі болып ұстаздық жолымды жалғастырдым. Жас ұрпақтарды оқыту,тәрбие беру үрдісінде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында: 1.Тек сауатты оқушыларды тәрбиелеумен қатар,өмірде кез-келген проблеманы шешіп,өз бетінше өмір сүре алатындай жан-жақты дамыған азаматты тәрбиелеу .
2.Оқушының жеке басның сабақты және сабақтан тыс уақытта қарқынды қалыптасып, дамуына жағдай жасау.
3.Баланың өзін-өзі тануына жағдай жасау. Бұл міндеттерді орындауда бастауыш сынып мұғалімдері сүбелі еңбек етіп келеді.Еңбекшіл ұстаз өзі іздене жүріп,көп оқып,көп зерделейді.Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса,өзінің білімін сарқып жұмсаса,баланың дені сау болса үлгермейтін бала жоқ. <<Мектептің тірегі де,тілегі де оқыта білетін адамдар>>-деп А.Байтұрсынов айтқандай,қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.Сондықтан мен проблемалық тақырыбымды <<Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту>>деп алдым.Бұл мұғалімнен жаңа сапалық жетістіктерге жету жолында шығармашылық ізденістер жаңаша қимыл-әрекет жасауды қажет етеді.Сондықтан күнделікті әрбір сабағыма тиянақты дайындалып келемін.Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.Көп ақпараты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,мағынаны тану ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Бұл технологияны қолдандағы 3 кезеңнің байланысы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайды:оқушылардың топта,ұжымда жұмыс істеу,басқаларды тыңдау, бірін-бірі сыйлау өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу. Топтастыру,эссе,Веен диаграммасы,бес жолды өлең, ойлан еркін жазу т.б сабақ мақсатына қызмет ететін,оқушының әр кезеңде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін оқушы деңгейіне қарай сабақ жоспарына енгізіп,қолданамын.Мысалы 1-сыныпта сауат ашу пәнінен Т.Молдағалиевтің <<Біздің ту>>, <<Тасымал>> тақырыбын өткенде осы үш кезеңді пайдаландым. <<Дұрыс тасмалданған сөздерді тап>> кестесі арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті тексерілді.Мағынаны ажырату кезеңінде <<Гүл сиқыран ашу>> ойыны арқалы өткізілді. Мектепішілік семинар сабақта <<Аяулы Жақаң>> тақырыбын өткенде сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін қолдандым.І.Жансүгіровтың <<Малта>> тақырыбында өткізілген ашық сабақта осы технологияның әдістерін қолдандым.Бұл СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін әр сабақта қолдануға тырысамын.Осы еңбегімнің жемісі болар оқытқан оқушыларым мектепішілік,аудан көлемінде өткізілген сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, мектепішілік өткізілген <<Жүрекпен тыңдаймыз>> атты мәнерлеп оқу сайысында 1-орын Жанаділова Жұлдыз, 2-орынды Дүйсенова Мәдина алды. Бастауыш сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиадада матиматика пәнінен Егізбаев Айбек 1-орын,ана тілі пәнінен 2-орын алған Юсупова Қымбат,1-орын алған дүниетану пәні Жанаділова Жұлдызды айтуға болады.2012жылы Бастауыш сынып оқушыларының аудандық пәндік олимпиадасында Тұрарова Динара ынталандыруға ие болды.2013жылы <<Табиғатты аялайық>> тақырыбында өткен сурет көрмесінде Дүйсенбаев Нұрсұлтан 1-орынға, <<Жас суретші>> номинациясын Тұрорава Ақбота иеленді.Осындай жетістіктер мұғалім мен шәкірттің жан-жақты ынтымағы, бірлескен ізденістері деп ойлаймын. Қазіргі таңда Егеменді еліміздің болашағана білімді,ойлы азаматтарды дайындау үшін ұстаздар қауымы білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақты түрлендіріп отырса , балалардың алған білімдері де сапалы болады деп ойлаймын. Әрбір шығармышылықпен жұмыс істеп, жаңа техноогияларды сабақтарда пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артатыны анық. Оқушылардың өзіндік көз қарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру, сонымен қатар эстетикалық тәрбие беру, өнер сабақтарына үлкен орын алады. Оқушыларды өнерді сүйе білуге және эстетикалық талғамын арттырузаман талабына сай әдістерді пайдалана отырып, білім беру-басты мақсатымыз, Н.Ә Назарбаевтың <<Бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену>> стратегиясын басшылыққа ала отырып,өзім оқытқан шәкірттерімнің өмірге қосқан жақсы жаңалығы менің Отаныма қосқан үлесімнің миллионнан бір тамшышсы деп есептеймін .Оқушы жаңа ғасыр, жаңа мың жылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңі, көркейтушісі. Абай атамызша айтқанда мемлекетіміздің кірпіші болып қаланып ата-баба ерлігімен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, Отынның өркендеуіне ат салысатын және де терең біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырын меңгерген, әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген рухы биік еліміздің дамуына бірден-бір үллес қосатын тәрбиелі ұрпаққа білім беру-менің басты мақсатым. Алдағы уақытта еңбек етемін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz