Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ойлау қабілетін дамытуға бағытталған Ойлаумен ой толады сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ойлауменен ой толады

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушылардың жалпы танымдылығын, пәндер бойынша білім білік дағдыларын пысықтау, молайту.

Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Түсіне мәнерлеп оқу, әңгімелесу дағдысын, тілдік қорын, ауызша есептеуге, логикалық тапсырманы шеше білуге үйрету.

Тәрбиелік : кішіпейілдікке, зеректіке, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер : түсіндіру, сұрақ-жауап.

Түрі: өткенді пысықтау, бекіту, тиянақтау.

Стратегиялары: қызығушылығын ояту, ой қозғау.

Көрнекілік: суреттер, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең.

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ойлауменен ой толады.

-Осы біздің ойымыз толу үшін біз «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады. 1-ші «Тас қақпа», 2-ші «Күміс қақпа», 3-ші «Алтын қақпа». Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Егерде үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз. Олай болса тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.

Тас қақпаның 1-ші тапсырмасы «Сөзді тап».

Ал енді келесі тапсырма аңдар туралы тапсырма. Оның ішіндегі қыс мезгілінде өмір сүретін аңдардың түсіп қалған әріптерін тауып орнына қойып табайық.

Қоян, қасқыр, ақ аю, тиын.

2- тапсырма «Жұмбақ шешу».

Жайған жастық сөгілді

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Желден желігеді

Судан шегінед. і(От)

Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (Су)

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады. (Қоян)

3- тапсырма «Кім сөз табады»

Н, Б, Т, С әріптерінен басталатын сөзді айтыңдар.

4- тапсырма «Әзіл аралас сұрақ».

Тас қақпаның ол балалар сендерге арналған әр түрлі қызықты шумақты сұрақтары. Ол сұрақтарды мұхият тыңдап, шатаспай ойланып жауап беріңдер, жарай ма?

1. Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауатын сен тез айт

Қанша, қонжық кетті алда ? Шешуі: 5

2. Үйге кірді Алдияр

Оған қоса Мадияр

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала? Шешуі: 3

3. Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойласақ

Тұрғаны бар, отырғаны

Болады бәрі қанша? Шешуі: 4

Сергіту сәті:

Кел бала, кел бері

Қыздырайық денені

Орнымыздан тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ

1, 2, 3. 1, 2, 3,

Екпіндей түс

Аяқты алға соз

Тік көтеріп қозғайық.

ІІ. Күміс қақпа.

Тас қақпаның тапсырмаларын жақсы, дұрыс орындадық. Ал енді күміс қақпаның тапсырмаларын орындап көрейік. Күміс қақпаның 1-ші тапсырмасы.

1 -тапсырма «Суретшінің қатесін тап».

Балалар қазір мен сендерге 2 сурет алдарына беремін, сол суретке қарап суретші Асанның қатесін табыңдар.

2-ші тапсырма «Шатасқан әріптер»

Әріптерді тура, тауып орнына қойсаң қыста киетін киімдердің аты шығады.

ОНТ, ЕКІТ, МТАҰҚ, ҚОПАҒЛ. Шешуі: тон, етік, қолғап, тұмақ.

3-ші тапсырма «Дұрыс жауапты тап».

Етікте әрқашан . . . бар?

1. Етіктің бауы.

2. Қайыс

3. Түйме

4. Табан

Ағашта әрқашан . . . бар?

1 жапырақ.

2. гүл

3. тамыр.

4. жеміс

Бір жылда қанша ай бар?

1. 24 ай

2. 12 ай

3. 3 ай

4. 1 ай

Қыс айы ?

1. қыркүйек

2. қазан

3. ақпан

4. наурыз

4-ші тапсырма «Не артық»

Алдарыңда тұрған суреттің ішінен бір артық затты табуларың қажет.

НЕ артық?, Не үшін? түсіндіріңдер.

Ал балалар Алтын қақпағада жеттік, барлық тапсырманы дұрыс шешулерін шештіңдер. Енді алтын қақпаның тапсырмаларын шешейік.

1 -ші тапсырмасы «Таңғажайып баспалдақ»

Бұл тапсырмада балалар «С» әрпінен басталатын сөздерді табуларың керек.

2 тапсырма «Сөз жұмбақ»

Бұл жерде қай қатарға, қай сөзді жазамыз.

3- тапсырма «Не жасырылған»

Бұл жерде алдарыңда тұрған суреттке мұхият қарап, суретте не жасырылғанын табуларың қажет.

1-ші суретте 7-дельфин,

2-ші 10- бүркіт,

3-ші 2 арыстан, 1-бұғы, 1-адам, 1-аю .

4-тапсырма «Сөзді аяқта»

Мынау алдарыңда тұрған сөздер аяқталмаған, сол сөзді аяқтайық: Мысалы: Ал- алма, алмұрт, Алмас. т. б

Ре-,

МА-,

НА-,

Си-,

Мы-.

5-тапсырма «Бұрын кім немесе не болған?»


Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған теңгемен сауда жасау сабақ жоспары
Ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған кеңістікті бағдарлау сабақ жоспары
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған Ертегілер әлеміне саяхат: қатынас, тіл және қоршаған ортамен танысу арқылы психологиялық-педагогикалық түзету сабағы
Логикалық есептер: ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сабақ
Екінші сыныпқа арналған жұмбақ есептер: ой-өріс пен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын сабақ жоспары
Алғырлар мен тапқырлар сайысы: бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған топтық сабақ-жоспары
3-сыныпқа арналған математикалық ойлау мен логиканы дамытуға бағытталған ойындық сайыс сабақ жоспары
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған ритмика: қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған түзете-дамыту сабақ үлгісі
Тапқыр болсаң, тауып көр: ойлау қабілетін және логикалық дағдыларды дамытуға арналған интеллектуалды ойын сабағы
Диалог пен монолог арқылы оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілетін дамытуға арналған қосымша мәтіндер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz