Білгенге маржан - оқушылардың білім-білік пен ұлттық мәдениет дағдыларын бағалау сайысы

Тақырыбы: «Білгенге- маржан».

Мақсаты: “Жас ұрпақ- ел тірегі, ертеңіміздің сенімі” екенін айта отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын байқау, өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету.

Танымдық ақыл-ой, логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту.

Өз ойларын нақты, дәл айта білуге баулу, өнегелі, білімді, инабатты болуға тәрбиелеу.

Сайыс жоспары:

І. Таныстыру

ІІ. Жасырын сұрақтар

ІІІ. Шеберліктерін сынау “Жеті рет өлшеп, бір рет кес”

ІҮ. Капитандар жарысы - “Бәйге”

Ү. Сөз жұмбақ (үй тапсырмасы)

ҮІ. Тапсырма сұрақтар “Ата мұраң - асыл қазынаң”

ҮІІ. Өз өнерлерін көрсету

ҮІІІ. Қорытынды сөз

І. Таныстыру:

«Шебер»-6 « »; «Өнер»-6 « » сыныптары.

ІІ. Жасырын сұрақтар:

20
30
40
50
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50

1. Ұлттық тағамдар.

(20) Саба дегеніміз не? Неше литр қымыз сияды?

Жауабы: семізжылқы терісінен жасалады. Сабаға 100 литр қымыз сияды.

(30) Қымыздың қандай емдік қасиеттері бар?

Жауабы: жүйке жүйесіне, ас қорыту бездеріне, туберкулез ауруларына ем.

(40) Ұннан жасалған ұлттық тағам түрлері.

Жауабы: бауырсақ, шелпек, кеспе, жайма нан, таба нан.

(50) Қазақстанда алғашқы қымызбен емдеу орны қай жылы, қай жерде ашылды?

Жауабы: 1910 жылы Бурабайда ашылды.

2. «Қолөнер саласы».

(20) Қолөнер саласына арналған мақал-мәтелдер айту.

Жауабы:

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

«Ел іші-өнер кемесі», «Көз қорқақ, қорл батыр»,

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,

«Ердің атын еңбек шығарар»

(30) Қолөнер салаларыныңтүрін атау.

Жауабы: зергерлік, тігінші, етікші, ағаш ұстасы.

(40) Шиді қай мезгілде және кімдер жинайды?

Жауабы: Шиді қыркүйек, қараша айларында жастар жинайды.

(50) Киіз үй сүйегін жіктеу. Елтаңбадағы шаңырақтың мағынасын түсіндір.

Жауабы: Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, қанат.

Шаңырақ -киіз үйдің күмбезі. Елтаңбадағы шаңырақ «Отан-отбасынан басталады» деген киелі ұғымды білдіреді.

3. Ұлттық киімдер:

(20) Әйелдер ұлттық баскиім түрлері.

Жауабы: Сәукеле, тақия, кимешек, бөрік, жаулық.

(30) Шапан қандай киім түрі, ерекшеліктері.

Жауабы: Шапан ерлердің де, әйелдердің де сыртқы киімі, шапанның матасы, безендіруң түрлеріне қарай қай елдің, қай жердің, қай таптың адамы екенін білуге болады. Сыйлы, қадірлі адамдардың иығына сыйлық ретінде жабылады.

(40) Иткөйлекті қандай матадан тігеді және кімдер киеді?

Жауабы: Иткөйлекті табиғи таза матадан тігеді, жаңа туған нәрестеге қырқынан шыққанша кигізеді.

(50) Сәукелені кім киеді, сәукеле құрылысын тап бер.

Жауабы: Сәукелені қалыңдық киеді, аса қымбат бағалы, кәделі, әсем баскиім. 2 бөліктен тұрады: басқа киетін бөлігі сырылып биіктігі 25 см конус тәрізді, жоғарғы жағында сәукеле орнатылады, асыл тастармен әшекейленеді.

ІІІ. Шеберліктерін сынау.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес».

Әр топ конверттегі жасырын тапсырмаларды алып орындайды.

1-тапсырма. Қағаз қиындыларынан құрақ құрау.

2-тапсырма. Қағаздан ою қию.

ІV. Капитандар жарысы-«Бәйге ».

І топ капитаны.

1. Жаңа төлдеген малдың алғашқы сүті. (уыз)

2. Түйенің сүті қалай аталады. (шұбат)

3. Қайнап жатқан құрттың беті. (көбік)

4. Сүтке мәйек қосып ашытып, сары суы алынғанша қайнатып әзірлейтін тағам түрі. (сары ірімшік)

5. Ұлттық ерлер баскиімінің түрлері. (тақия, бөрік, айырқалпақ, тымақ)

6. Шапан қандай киім түріне жатады. (сыртқы)

7. Жерге төсейтін киізден жасалған төсеніш. (сырмақ)

8. Зергерлік бұйымға не жатады? (жүзік, сырға, білезік)

9. Көрімдікті не үшін береді? (көрімдік, адамға жандыға берілетін сыйлық)

10. Сықырлауық қандай қызмет атқарады? (есік)

11. Қас пен көздің арасы қандай мағынаны береді? (жақын)

12. «Әке көрген оқ жонар . . . (шеше көрген тон пішер») .

ІІ топ капитаны.

1. Бие сүті. (қымыз)

2. Ұйытылған сүт. (айран)

3. Шикі сүттің беті. (кілегей)

4. Ашыған айранды сүзіп, тұздап сығып әзірлейтін тағам. (сықпа құрт)

5. Ерлердің сырт киімдері. (шапан, тон, ішік)

6. Байғазыны не үшін береді? (жансыз заттарға берілетін сыйлық)

7. Жасауды кімге береді? ( ұзатылған қызға береді. )

8. Саптама етікті кімдер киеді? (ерлер)

9. Қазақтар қабырғаға не іледі? (тұскиіз)

10. Киелі сандарды ата. (3, 4, 5, 7, 9, 12, 30, 40, т. б)

11. Ақшам қай уақыт? (кеш)

12. «Еңбек етсең ерінбей . . . (тояды қарның тіленбей») .

V. Сөзжұмбақ (үй тапсырмасы) .

Әр топ үйде дайындап келген сөзжұмбақты ұсынады.

«Шебер» тобы дайындаған тапсырма.

Негізгі бағанада қазақтың өнер саласының бір түрінің атауы шығуы керек. (Қолөнер)


Ұқсас жұмыстар
4-сыныптар арасындағы Білгенге маржан білім сайысының сценарийі мен тапсырмалары
Білгенге маржан: ана тілін насихаттауға арналған пәнаралық сайыс сабақ
Сыныптан тыс танымдық сағат Білгенге маржан - пәнаралық зияткерлік сайыс
8-сынып қазақ тілі сабақ жоспары Білгенге маржан Қазақстан қалалары модулі ойындық білімді жүйелеу сабағы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: ұлттық жоспар, бағалау және мектептік тәжірибе
Отбасы сайысы: ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиені бағалау және дамыту
Сиқырлы бояулар сайыс сабағы: оқушылардың графикалық редактор дағдыларын бағалау
Көңілді тапқырлар сайысы: ауыз әдебиет пен жұмбақтар арқылы оқушылардың логикалық ойлау мен есеп дағдыларын дамытуға арналған математика сабағы
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың ізденіс пен шығармашылық дағдыларын дамыту әдістемесі
Қазақстан тарихы пәнінде проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық пен танымдық дағдыларын қалыптастыру (1960-1980 жылдар мысалы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz