Ғ дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты : 1. Сөздерді талдата отырып, ғ айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету

2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Есту диктанты:

Арыстан орманда. Орманда аңдар мол. Олар аң аулады.

Жаңа сабақ

Қолымда шалғы -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ғ)

Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар

Жеңде жоқ. (Ғ)

Мұғалім аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстырады

(А-ғ-ғ-ғ, жа-ғ-ғ-ға)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың осы бетіндегі баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құратуға болады. Сөздік жұмыстарын жүргізу де қажет.

Мұғалім «Ол - Сағат аға. Сағат аға шалғы тартты» деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, меңгертткеннен соң, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен оларың қатарын арттыруға болады. Сөйтіп, әңгімеге ат қойылады.

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар Ғ дыбысының бас әрпін жазып үйренеді. Бас әріптен басталатын сөздерді жазып, көркем жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Олар суретке және сызбаға сүйеніп, сөйлем құрап жазады.

Қорытынды

Балға, таға, ибұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату


Ұқсас жұмыстар
Г дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Т дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Ж дыбысы мен Ж әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
В дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Балабақшада В дыбысы мен әрпін оқытуға арналған біріккен сабақ жоспары
Х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ертегі түріндегі сабақ жоспары
Х х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған Ғ дыбысы мен әрпін тану бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz