Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

Сабақтың тақырыбы: &55 Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Қазақстан Республикасынның ұлттық саябақтары мен қорықшалары туралы жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;

2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық білімін, ой - өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, ойын.

Сабақтың технологиясы:

сатылай кешенді талдау, СТО, СТН, рефлекция, сәйкестендіру.

Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану, экология;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

VI. Бағалау.

VІІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру.

а) Сәлемдесу.

б) Сыныпты түгендеу.

(Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін және 3-мамыр д\ж «Күн»күні екенін атап өту. )

ІІ. Үй жұмысын сұрау. (Үй тапсырмасын сұрар алдында оқушыларға сұрақ қою арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып өту. Осыған байланысты бағалау парақшалары таныстырылады. )

1-тапсырма 1топ (тест)

2-тапсырма 2топ (сәйкестендіру)

3-тапсырма 3топ (тақтамен жұмыс)

1. Тест

  1. «Малиус боката» қай қорықта кездеседі?

а. Алматы

в. Наурызым

с. Үстірт

д. Алакөл

2. Қорғалжың қорығы қай жылы ұйымдастырылған?

а. 1968ж

в. 1984ж

с. 1926ж

д. 1934ж

3. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдігі?

а. дермене

в. жолжелкен

с. аралий

д. жалбыз

4. Ең соңғы ұйымдастырылған қорық?

а. Алакөл

в. Қаратау

с. Үстірт

д. Марқакөл

5. Үстірт қорығының эндемик жануары?

а. қоқиқаз

в. ақбөкен

с. муфлон

д. дуадақ

6. Аққұм - Қалқан «әнші тауы»қай қорықта?

а. Алакөл

в. Алматы

с. Ақсу - Жабағылы

д. Алтай

7. «Аққу, реликт шағала, тырна» қай қорықтың құстары?

а. Алтай

в. Қорғалжың

с. Алакөл

д. Барсакелмес

2-топқа. Сәйкестендіру

Қорықтар ерекшелігі

1. Қорғалжың а. аралий, «алтын тамыр»

2. Наурызым в. бадам бұтасы, ақ тырнақты аю

3. Алматы с. қоқиқаз, сусар

4. Үстірт

5. Ақсу-Жабағылы

6. Марқакөл

7. Батыс Алтай

Бұл қай қорық?

1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық?(Үстірт)

2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)

3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )

4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)

5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)

6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)

7. Жаңа қорық? (Қаратау)

3. Суреттер сөйлейді. ( Слайдта суреттер беріледі, кайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді. )

р\с
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?
Иә
Жоқ
р\с: 1.
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?: Қорғалжың қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде алынғанына
Иә: +
Жоқ:
р\с: 2.
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?: Батыс Алтай қорығының 1995ж құрылғанына
Иә:
Жоқ: ---
р\с: 3.
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?: Ақсу -Жабағылы қорығында қабан, ақ тырнақты аю бар екендігіне
Иә: +
Жоқ:
р\с: 4.
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?: Республика аймағында ұйымдастырылған 11қорық бар екендігіне
Иә:
Жоқ: ---
р\с: 5.
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?: Марқакөл қорығы Алтай тауында орналасқандығына
Иә: +
Жоқ:

ІІ. Жаңа сабақ. Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.

1 Баянауыл ұлттық саябағы

2 Іле Алатауы саябағы

3 Қарқаралы саябағы

4 Алтынемел табиғи саябағы

5 Көкшетау саябағы

Баянауыл ұлттық саябағы.

Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50, 7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т. б. деп аталады.

Іле Алатауы саябағы

1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199, 7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды. Қарқаралы саябағы1998 жылы кұрылған. Ауданы 90, 3 мың гектар. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.

Алтынемел табиғи саябағы

1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161, 1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т. б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.

Көкшетау саябағы

Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182, 1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784, 1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.

Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар. Қазақстанда алғаш рет ұлттық пак Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.

Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.

Табиғат ескерткіштерін қорғау - бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады. Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Қорықшалар

Алматы м. қ

Зеренді

Рахман қайнары

Балқащ маңы

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар - белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері - көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т. б. ) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т. б. табиғат ескерткіштері бар.

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі - табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінедіМемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Ұлттық табиғи парктер мен қорықшалар


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар
Қорықтар
Қорықтың мақсаты
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары
Қанық түстер және қанық емес түстер
Тыныс алу мүшелерінің маңызы
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
"жаратылыстану ғылымы және Қазақстан" факультатив курсының бағдарламасы. 11 сынып
Оқушылардың өзін - өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау
Астана қаласы - Қазақстанның елордасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz