Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі
Алексей Максимович Горький:
«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,
еңбекші халықтың нағыз
тарихын білу мүмкін емес» - деген.
Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын
болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай
асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі
заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық,
ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал –
мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады.
Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз
әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын
шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру
үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне
байланысты анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар,
өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі
салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де
балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері
мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де
баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана
білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте
заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз
күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың
тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді
байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған
мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс
байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл
байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық
қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні
кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық»,
ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін
жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін
беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді
байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін.
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар
балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында
қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде,
бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде
жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.
Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс
уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып
ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем.
Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді
деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді.
Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген
жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын.
Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып,
мағынасын түсіне бастайды.
Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де
қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін
естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып
өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды.
Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ
алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту
сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің
дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру,
сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика
сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында
мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы
түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға
жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық
айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда
сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол.
Мысалы:
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-
әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар
баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға,
сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті
өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін
түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел
барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді.
«Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп
мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында:
«Денсаулық – зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін
түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен
дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық,
шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын
жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-
тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің
үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра
сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем,
бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей
және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте
мол.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz