Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар


Баяндама

« Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен
технологиялар»

«Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі- тіл, бірі- дінің жүректегі»

Жүсіп Баласағұни

Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім
буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет
етуге,мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі
мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы
іске асырылуда. Балабақшадағы балалардың ( басқа ұлт өкілдері балаларының)
қазақ тілін меңгеруге қойылатын мақсаты:

1. Басқа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту,
қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.

2. Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.

3. Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.

4. Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға
жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.

5. Ұсынған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып
беруге үйрету.

6. Байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа ( өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме
құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап
айтуға үйрету.

7. Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау
әрекеттерін дамыту.

8. Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа,
жолдастыққа тәрбиелеу.

9. Айналадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға
үйрету.

10. Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші
сұрағына сүйеніп әңгімелеуге үйрету.

Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса
маңызды түрі- ауызша сөйлеу. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын
жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақта әр түрлі
технологияларды қолданады.

Сол технологияның бірі- ойын арқылы оқыту технологиясы.Оқу үрдістерінде
ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда,
білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни оқу іс-ірекеттің кез келген
сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап
қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы- тіл болып табылады. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің
пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар
бұлағы. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау
тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін
игеру- баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс.
Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап
жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тііл үйренудің
маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету
күрделі жұмыс. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны
қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына
дейінгі көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші
сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп,
ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру. Шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін
ойын технологиясын пайдалану қажет.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын арқылы
оқыту технологиясын қолданамын.

Мақсаты: Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте
отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тіірек сызбалар арқылы қалыптастыру,
сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды:

Ойын арқылы сөздік қорды молайту;

Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;

Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;

Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу;

Ұлтымыздың салт- дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;

Мәдениет нышандарын қалыптастыру ( амандасу, сәлемдесу)

Жорамалдау:

Егер ойын және үлестірмелі карточкалар арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар
жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметіне ойлау
қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін
тереңдетеді, балалардың қазақ тілін оқуға жоғары нәтижеге қол жеткізуге
мүмкіндік береді, білімдерінің сапасы 85-90%

Күтілетін нәтиже:

Естияр топтарының балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын
сөйлемдерді, ал мектепке дейінгі топтар диалог, монологтарды еркін құрай
алады:

Жаңа сөздер тез меңгере алады;

Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі:

Әрбір сабақ қызықты өтеді;

Әрбір баланы жан-жақты тани аламын;

Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады;

Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ
тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды
ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік-
балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар
белсенді жұмыс істер, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап,
өздерін және бір- бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын
мен көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын түрлері: дидактикалық ойындар,
сюжеттік- рөлдік ойындар, қимылды ойындар, драматизациялық ойындар.
Көрнекіліктер де әр түрлі : тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік
суреттер, пәндік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар. Өзге ұлт
балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра
отырып үйреткен жөн. Естияр тобында сөз тіркесі немесе екі-үш сөйлемнен
құралатын тірек сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден
құралатын сөйлемдер, ал даярлық тобында алты немесе одан да көп сөздерден
құралатын сөйлемдер және әңгімелер, диалогтар .

Мысалы: « Қазақстан Республикасы» атты тақырыпты алатын болсақ, естияр
тобына зат есім мен қоса сын есімдерді, яғни сөз тіркестерін, шағын
сөйлемдерді үйренеді.Қазақстан Республикасы- әдемі, кең, үлкен, жарық,
таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса зат есім, сын есім, етістік
сөйлемдерді меңгереді. Қазақстан Республикасында рәміздер бар. Олар Ту,
Елтаңба, Гимн. Қазақстан Республикасы бай мемлекет. Қазақстанда биік
таулар, ну ормандар, үлкен қалалар, таза өзендер, әдемі ауылдар бар.

Даярлық тобына сөйлемдермен зат есім, сын есім, етістік қоса шағын әңгіме,
диалогтар құрады. Мен кең Қазақстан Республикасында тұрамын. Мен әдемі,
таза Қазақстан Республикасын жақсы көрем-деген сөйлемдерді бүлдіршіндер
тірек сызбалар арқылы құрастырады. Балаларға тірек сызбалар арқылы
сөйлемдер құрастырту тіл байлықтарын дамыту орасан зор септігін тигізеді.
Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға
көмектеседі.Баланың ойы жылдам дамиды, сөздер жеңіл есте сақталады,
зеректігі тәрбиеленеді, зейіні мен жұмыс жасау қабілеті жоғары деңгейде
болады. Тірек сызбалар арқылы балалар жаңа тақырыпты тез және тиянақты
түсініп алады. Қазақ тілі сабағы балалар үшін өте қызықты өтеді.

Мысалы: Мектепке даярлық тобында ТРИЗ элементтерін қолдана отырып «
ағаштар» тақырыбына сабақ өткіздім. ( практикалық түрінде сабақ)

Мақсаты: Ағаштардың белгілерін ажырата білу білімдерін жүйелеу;

Салыстыру мен жалпылауды дамыту; айырықша белгілерін анықтай білу
дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеті мен зейінін жетілдіру.

Қазақ тілі сабағында балалардың сөздік қорын дамыту үшін мынандай әдіс-
тәсілдер қолданамын. Олар: Драматизация әдісі, байқау әдісі, түсіндіру
әдісі, тест әдісі, әңгіме әдісі.

Драматизация әдісі: ертегіні сахналау арқылы үйрету. Баланың түсіну және
тілін дамыту қабілетін арттыру. Әр бір рөл бала қабілетіне қарап бөлініп
беріледі. Бұл әдіс арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

Байқау әдісі: бұл әдіс балалардың қабілетін байқай отырып, тілге деген
ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Түсіну әдісі: дәлелдеу. Балаларға берілетін білімді түсіндіру, жаңа
сөздердің мағынасымен таныстыру.

Тест әдісі. Бақылау жұмыстарының бір түрі. Алған білімдерінің деңгейін
анықтауға тиімді тәсіл.

Әңгіме әдісі: Оқу материалын қаншалықты білетінің аңғаруға арналған сұрақ-
жауап арқылы немесе пікірлесу шартымен жүзеге асырылады. Олар: сұрақ-жауап,
сөйлесу, әңгімелесу, диалог, монолог.

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер,
кестелер,үлестірмелі карточкалармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік
қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып,
толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибиемде қолданып
жүрмін. Сонымен қатар қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшелігін
ескеру әдіс-тәсәлдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші
орынға ойын түрлері қойылады. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Ойындардың түрлері:

1.Дидақтикалық ойындар

2. Драматизациялық ойындар

3. Қозғалыс ойындар

4. Ұлттық ойындар

5. Логикалық ойындар

6. Рөлдік ойындар

7. Фонетикалық ойындар

8. Интеллектуалды ойындар

Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын-балалардың тілді
үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей
рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,
сөйлеседі. Балалар белсене жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп,
жұмыстарын мұқият тыңдап,өздерін жіне бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек
бағыттаушы болады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру
қажет.Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап
алған жөн. Сода ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді
шығады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.

Қазақ тілін сабақтарында драматизацияланған ойындар балаларға керекті
сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп
және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде
көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер
ретінде қазақ балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым-
қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

2. Балаларды сөйлеуге үйрету

3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде
көрсете білуге үйрету.

Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді көрнекіліктердің арқасында ( тірек
сызбалар арқылы) қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне
көздерін жеткізу. Балалар дара, жеке, жұппен, топпен, орталықтарда
белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді. Осындай қажырлы еңбектің
нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының білім сапасы соңғы жылдардың
қорытындысы бойынша 85-90% құрайды. Қорытындалай келе, қазақ тілі-
еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, .йрену- әр Қазақстандықтың
парызы. Менің парызым- бүлдіршін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту.
Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету- үлкен ғанибет.

Қолданылатын әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы. Астана 2007ж

Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан халқына жолдауы»

Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі
халықаралық конференцияның материалдары. Алматы 2007ж

Республикалық оқу-әдістемелік газеті « Мұғалім» Алматы 2011ж №2

Гүлмира
Тұңғатарова,

№4 ясли-
бақшасы

қазақ
тілі пән мұғалімі,

Талдықорған қаласы


Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
Орыс сыныбындағы қазақ тілін оқыту мәселелері
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер
Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары
Заманауи әдіс - тәсілдер арқылы көптілділікті жүзеге асыру жолдары
Тәрбие өзегі балабақшадан басталады
Суреттегі табиғи денелерді ата
Интерактивті әдіс - тәсілдер
Біздің балабақшада
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар
Пәндер