Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Астана. брейн ринг


Умарова Айнура Мақсатқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№18 орта мектеп
Кластан тыс жұмыс
Астана
Брейн ринг
Мақсаты:
• Жалпы Қазақстан туралы мағлұмат беру. Елордасы-Астана туралы жан-жақты
білімдерін кеңейту, алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы
бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын
қалыптастыру. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал-мәтелдерді айту арқылы
тіл ұстарту.
• Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін
құрметтеуге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
• Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,
оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс
сөйлеуге үйрету.

Кіріспе сөзі: Егеменді еліміздің елордасы – Астана. Есіл өзенінің бойында
1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған.1868 жылы қала мәртебесін
алды.
Бүгінгі күні Астанада 80-ге тарта ұлт өкілдері тұрады. Астана –
Қазақстанның астанасы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтің туған
елі.
Астана қаласы Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Еуропа мен Азияны жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала.
Бүгінде Астана қаласы Қазақстанның саяси, экономикалық мәдени және ғылыми
орталығына айналды. Астанада Президент Ақ Ордасы, Парламент сенаты мен
Мәжіліс үйлері, «Конгресс холл», «Интерконтиненталь» қонақ үйі, мұражайлар,
мәдени орындар т.б. көптеген ғимараттар бой көтерді.
Астана – елімнің тірегі,
Астана – қазақтың жүрегі.
Сәніңе сәулетің сай келген,
Өзіңді күллі әлем біледі! – деп сайсымызды бастайық.

Сайысқа әділ-баға беретін қазылар алқасы.

Сайыс жоспары:
1. Топ жетекшілерінің сайысы. (эмблема, тобымен таныстыру)
2. Мәнерлеп оқу.
3. Сұрақтармен жұмыс.
4. Мақал-мәтелдермен жарысу.
5. Ойлан, тап!
6. Сөзжұмбақ шешу.
7. Қорытынды.

Топ жетекшілерінің сайысы.
І. «Бәйтерек» - тобының жетекшісі Құдайбергенов Нұрбол. Топтың аты –
Бәйтерек.
Елордамыздағы Астана – Бәйтерек монументі – архитектуралық
ескерткіш ғана емес, еліміздің бүгіні мен келешегінің көрінісі.. Бұл
бәйтеректің биіктігі – 97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу
идеясының авторы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Астана – жас қалам
Астана – бас қалам
Төрінде – «Бәйтерек»
Тура жолға бастаған.

ІІ. «Алтын адам» - тобының жетекшісі Сарқұлова Әсел. Топтың аты – «Алтын
адам». Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік қорғасынан
табылған «Алтын киімді адам». Бұл қорған 1969-1970жж. қазылды. Алтын адам
қазір Астанада. Астанада «Алтын мен бағалы тастар» деген мұражай бар. Алтын
адам сонда жатыр. Түп нұсқасын кез келген адамға көрсете беруге мемлекеттің
мүмкіндгі бола бермейді. Ол мұражайда тәртіп қатаң сақталған. Жыл сайын
комиссия тексеріп барып тұрады.

Мәнерлеп оқу

Астана
Астана – арман қала, Бой көтерді бір қала,
Бағы бір жанған қала. Ол біздің сұлу Астана.
Тұрады ол жап-жасыл боп, Астанада бәрі бар,
Мен үлкен болғанда да. Қараймыз соған шаттана.
Төкті оған нұрын дала, Күміс күннің астында,
Астана – сұлу қала. Желбірейді туымыз.
Біз оны анамыздай, Қазақ деген халықтың,
Сүйеміз шынында да. Ұлы менен қызымыз.
Жүректе сақтап атын, Ардақтайтын Астанам,
Жүретін салтанатым . Мәртебесі бар қалам.
Астана – биігіміз, Көркейе бер күн сайын,
Биіктер күнге жакын. Алға қарай бір қадам!

Қазақстан жалауы

Көк аспандай көкпеңбек, Астана – бұл жарқын жандар қаласы,
Қазақстан жалауы. Астана – бұл шаһарлардың дарасы.
Көк емес ол тектен-тек, Ел жұртыма арман қала сап берген,
Елдің ашық қабағы. Нұрсұлтандай қазақтың ер данасы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны. Өркенде, жаса, жаңа Астанамыз,
Жалауы бұл халқының Атағың жер-жаһанға болған аңыз.
Мәртебесі, Туы, Ары. Байрағың желбіреген, қазақ елі,
Бұлт баспасын күнімді, Біз сенің мәртебеңі сақтанамыз.
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды -
Қасиетті борышым.

Сұрақтармен жұмыс.
1. Астана қаласының туған күні.
2. Н.Ә.Назарбаевтің туған күні.
3. Қазақстан Республикамыздағы рәміздері туралы мәлімет беру.
4. Қазақстанның жер көлемі.
5. Тәуелсіздік күні.
6. Тұңғыш президентіміздің сайланған күні.
7. ҚР рәміздері. Жоғары Кеңесте не бекітілді?
8. Ұлттық теңге қашан айналымға шықты?
9. Ата Заңның қабылданған күні.
10. Астана Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
11. Ұлттық музыка аспаптары.
12. Ұлттық тағамдарды ата.
13. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
14. Қазақстан Республикасының экономикалық аймағы нешеге

бөлінеді?
15. Қазақстан қандай мемлекет?
16. ҚР неше облысы бар?
17. Біз қай облыста тұрамыз?
18. Орталығы қандай қала?
19. ҚР Әнұранның әнің, сөзін жазған кім?

Мақал-мәтелдермен жұмыс
Тақырыптары: «Отан», «Туған жер», «Ерлік», «Атамекен»

Ойлан, тап!

ҚАЗАҚСТАН сөз құрастыру

Сөзжұмбақ шешу.

1. Қазақ халкының ұлттық музыка аспабы.
2. Қазақстан Руспубликасының елтаңбасының есімі.
3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.
4. Қазақ халқының ұлы ақыны.
5. Ас атасы - ....
6. Қазақстан Республикасының рәміздері.

| | | | | | |
|А | | | |
|Н | | |

| | |А | | | | |
Қорытынды

Ескендір Хасангаливтің «Атамекен» әнін орындау.
.


Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері
Интеллектуалды ойын "брэйн-ринг". 1 сынып
Қызықты жеті пән
Сабақтың көрнектілігі
М.мақатаев. "райымбек! райымбек!" поэмасы.9-сынып
Бағалау парақшасы бойынша бағалау
Екі топқа ортақ сұрақ
Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек
Брэин-ринг жайлы ақпарат
Тақырып Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер