Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
ХХІ ғасыр көшбасшысы жайлы
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты : Білімділік : Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой -
өрісін кеңейту , білімге құштарлығын арттыру , озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын , білімге қызығушылығын және ойлау ,
ойды жүйлелеу қабәлеттерін дамыту.
Тәрибелік : Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: "ХХІ ғасыр көшбасшы" деген лента, әр пәннен "Қызықты
деректерге арналған" сұрақтар.Ойншылар көтеретін номерлер.Оқушылардың
сыныбы,топтардың жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Сайыстын барысы:
1.Ойынның мақсатымен таныстыру.
2.Әділқазылар алқасымен таныстыру.
3.Жеңімпазды анықтау.
4.Жеңімпазды марапаттау.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі біздің ХХІ ғасыр көшбасшы аты
сайысымызға қош келдіңіздер.
Ойынның негізі шарты:
1- кезең:Таныстыру
2- кезең:Қазақ тілі,әдебиет пәндерінен сұрақтар қойылады.
3-кезең: "Кім жылдам" тұрақты сөз тіркесі
4-кезең:"Кім көп біледі" 2-минут беріледі
5-кезең: Мақал - мәтел,жұмбақтар сайысы
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар
білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе
сайыскерлерге сәт - сапар тілейік.
1 кезең.Таныстыру «Тапқырлар» және «Ойшылдар» топ басшысы топтарын
таныстырып өтеді.
2- кезең: «Тапқырлар» тобына сұрақтар
қойылады.
1.Омонимдер дегеніміз не?(Біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ
мағынасы басқа сөздер.) 2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар,атап
шық. (9. зат,сан,сын,есімдік,етістік,үстеу,еліктеу,шылау,одағай)
3.Сан есім
мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
(Есептік,реттік,жинақтық,болжалдық,топтау,бөлшектік.(6)
4.Сөз тіркесі дегеніміз не?
(сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса
байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.)
5.Жақты сөйлем дегеніміз не?
(бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын
сөйлем)
6.Біріккен сөздер
деген не? (екі немесе одан да көп түбірден бірігіп , тұтас бір ұғымды
білдіретін сөз)
7.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара,күрделі)
8.Тұйық буын дегеніміз
не? ( дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады)
9.Қосымшаның қандай түрлері бар? (жұрнақ, жалғау)
10.Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем)
11."Менің атым Қожа" авторы кім? (Бердібек Соқпақпаев)
12."Бай баласы мен жарлы баласы" авторы кім?
(Ы.Алтынсарин) 13.Қырағықыз,Желаяқ,Саққұлақ,Таусоғар,Көлтаусар
кездесетін ертегі. (Ер Төстік) 14."Оян , қазақ!" кітабының авторы
(М.Дулатов)
15."Көксерек" шығарманың авторын ата. ( М.Әуезов)
ІІ кезең. «Ойшылдар» тобына сұрақтар қойылады.
1.Синоноимдер дегеніміз не? (мағыналары
жақын,әр түрлі дыбысталады)
2.Қазақ тілінде қанша септік бар,атап шық. ( атау,ілік,барыс,табыс,жатыс
шығыс,көмектес)
3.Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді?
(сапалақ,өатастық) 4.Қос сөз
дегеніміз не? (сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуы)
5.Жақсыз сөйлем дегеніміз не? (баяндауышытың бір өзі
сөйлемге негіз болатын жай сөйлем) 6.Қос сөздің қандай түрлері
бар? (қайталама,қосарлама)
7.Етістік дегеніміз не?
8.Бітеу буын дегеніміз не? (дауыссыздан
басталып,дауыссыздан аяқталады)
9.Туынды түбір деген не? (бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер)
10.Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем)
11."Білім таппай мақтанба" авторы кім? (Абай)
12."Ереуіл
атқа ер салмай" авторы кім? (Махамбет)
13.8 ағасын іздеп шығатын
ертегі кейіпкері? (Ер Төстік)
14.Қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамал"
15."Маса"
кітабының авторы. ( А.Байтұрсынов)
ІІІ - кезең : "Кім жылдам" Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады.
1.Тас бауыр – мейрімсіз
2.Су жүрек - қорқақ
3.Айы оңынан туды - жолы болды.
4.Қыздың жиған жүгіндей - әсем,көрікті
5.Көзге ілмеу - байқамау
6.Аты жер жару - шулату
7.Мұзға отырғызып кетті - алдады
8.Қас қаққанша - жылдам
9.Қара жүрек - сұм
10.Бас ұру - өкіну
11.Жұмған ауызын ашпау - ештене айтпау
12.Бетінен от шықты - ұялу
13.Зәресі ұшу - қорқу
14.Жүрегі зу ету - шошып кету
15.Ауызына қақпақ болу - ауызын аштырмау
16.Көзді ашып - жұмғанша
17.Қолды болды
18.Жүрегі орына түсу
19.Ат ізін салмау
20.Көз қырын салу
ІҮ - кезең. "Кім көп біледі"
«Тапқыр»: Қ- әріпінен басталатын сөздер жазып шығады
«Ойшылдар»: С- әріпінен басталатын сөздер жазып шығады.
5 - кезең: Мақал - мәтелдің жалғасын , жұмбақтын шешуін табады.Бірінші
«Тапқырлар» тобы сұрақтарға жаупа береді.Екінші «Ойшылдар» тоба жауып
сұрақтарға береді
І - «Тапқырлар» тобына:
1.Кітап - білім ...не? (бұлағы)
2.Байлықтың табысы... не? (еңбек)
3.Ат адамның ... (қанаты)
4.Ел іші - алтын ... (бесік)
5.Балалы үй.... (базар)
6.Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Шиыр - шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді. ( қарындаш)
7.Аппақ дала , қара дән,
Сепкен дәні түсінуге жараған. (әріптер)
8.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
9.Түсі аппақ қарадан да,
Жеңсең тәтті баладан да. (Қант)
10.Көк көлекті
Көлбен - көлбен етеді (түтін)
ІІ - «Ойшылдар» :
1.Ата - кеме, ана - (дария)
2.Отан үшін отқа түс - (күймейсін)
3.Елдің көзі - (елу)
4.Баяғы жартас .... (бір жартас)
5.Оқу кілті - (еңбек)
6.Ортасында шегесі,
Жіп - жіңішке денесі. (Қарындаш)
7.Қашсам - құтылмадым,
Ұстасам - қолыма тұрмады (Көлеңке)
8.Бес ін,
Бес іннің ауызы бір ін (Қолғап)
9.Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар , шапаны жоқ. (Мысық)
10.Аттан биік,
Қойдан аласа. (Ер - тоқым)
Әділқазылар алқасы ойының қортындысын шығарады.
Осымен ХХІ ғасыр деп аталатын 10 -11 сынып арасында өткен сайысымыз
аяқталды.Көрермендерге , білсенді қатысқан оқушыларға рақмет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz