Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Экономика пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
ЭКОНОМИКА ПӘНІНДЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кусаинова Ж.А
экономика пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің <<Көпбейінді №3 мектеп - гимназиясы>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру - уақыт талабы. Қазіргі заманда білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы - білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа сай қызмет ету үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына, білім сапасының артуына ұстаздың өткізген әр сабағы шешуші роль атқарады. Оқушы білімінің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Жаңа заман талабына сай білім беру - бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан - жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты - білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, мәселелік жағдаяттарда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру, дамыту міндеттерін қойып отыр. Әр оқушы сабақта шығармашылықпен жұмыс жасап, өздігінен ізденіп, белсенділік танытатын болса, білім сапасының да артатындығында күмән жоқ. Білім беру сапасын арттырудың бір көзі - жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Менің өзекті тақырыбым да осы мәселені көздейді. Өз іс - тәжірибемнен түйгенім: көптеген инновациялар арасында білім беру сапасын арттыруда аса тиімді, қолайлы технология - сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз - бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты - демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін - өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
СТО жобасының философиялық ұстанымы: RWCT философиясы (негізгі қағидалары):
* Өмірлік тәжірибеге сүйену;
* Ойлау жүйесіне қозғау салу;
* Ынталандыру және белсендіру;
* Бірлесіп жұмыс жасау;
* Үш кезеңді (құрылымды) сақтау;
* Сыни ойлау проблема тудырудан басталады;
* Мәліметті дайын түрде бермеу.
1 кесте Сабақтың құрылымы
Қызығушылықты ояту
Мағынаны ажырату
Ой толғаныс
Мақсаты: қызықтыру; оқушылардың біліміне ой салу; бар білімге көпір салу; жаңа мәліметтерді дайындау, ойлау белсенділігін арттыру
Жаңа мәліметпен танысу; туындаған сұрақтарға жауап іздеу; білімді кеңейту; тақырыпты ашу
Білімді толықтыру, тиянақтау; ізденіске жетелеу; алған білімді талдау, ортаға салу
Сын тұрғысынан ойлау жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыру үшін оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу қажет. Оның бастылары оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Сын тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынып оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады. Ал, бүгінгі таңда бұл қасиеттерді оқушы бойына шоғырландырып, сіңдіру ауадай қажет екені айдан анық.
СТО жобасының көптеген стратегиялары бар. Мен өз сабақтарымда Венн диаграммасы, ББҮ, Эссе, ЖИГСО І, Т - кестесі, түртіп алу, үзбей жазу, семантикалық кесте, концептуалды кесте және т.б. стратегияларын қолданамын. Оқушылар СТО жобасы бойынша жүргізілген сабақтар арқылы сенімділікпен жұмыс жасап, ойларын еркін айтып, бір сөзбен айтқанда, бар ынтасымен оқуға беріледі. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айтатын болады.
СТО технологиясы негізінде өткен сабақтарда оқушы өзін өзі еркін ұстап, өзгеге деген сенімін, жылуын күшейтеді. Бұл оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Бәсекеге қабілетті, мәселелік жағдаяттарда өзіндік шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастырады
Сын тұрғысынан ойлау
Ақпаратты саралап, тиянақтауға дағдыландырады, шығармашылық қабілеттерді дамытады
Білім, білік, дағдыларын сарамандық жұмыстарда қолдана білуге үйретеді
Өз бетінше ізденіп, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелейді
СТО технологиясы - білім берудің сапасын арттыруда өте тиімді жоба. Ол үшін ұстаз сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, оның ой -өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің <<Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді>> дегені мәлім. Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда үнемі қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:
2 кесте Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда үнемі қолдану нәтижесіндегі жетістіктер
Қызығушылықты ояту
Мағынаны ажырату
Ой толғаныс
* пәнге қызығушылығы артады;
* жаңа сабақты меңгеруге талпынады;
* оқуға белсенділігі артады;
* ақпаратты білгісі келеді.
-өз бетімен ізденеді;
-мәселелік жағдаяттарды шешеді;
-білімін кеңейтеді;
-сөйлеу мәнері қалыптасады;
-талдау жасауға үйренеді;
-топтық жұмысқа үйренеді.
-өз пікірін айтуға, дәлелдеуге үйренеді;
-ақпаратты саралап, тиянақтайды;
-шығармашылықпен жұмыс жасайды;
-басқаның іскерлік қабілеттерін байқайды;
-пікір алмасады;
-өз еңбегімен басқаның еңбегін салыстырады.
Сондай - ақ cын тұрғысынан ойлау технологиясына негізделген сабақ оқушының ой - өрісін дамытып, жан - жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Менің алға қойған мақсатым - оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу.
СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақытты үнемдеуге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық талғамын жетілдіруге, коммуникативтік құзыреттіліктерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы білім сапасын арттыруға негіз болады.
Әдебиет
* Жұбауова Ж. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру. //Қазақстан мектебі, 2010, №7, 42-43бб.
* Исабаева С. Танымдық іс - әрекетін арттырудың әдіс тәсілдері. //Қазақстан мектебі, 2010, №11, 40-41бб.
* Қажыкенова С. Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі. //Қазақстан мектебі, 2010, №8, 134-137бб.
* Рысқалиева Р. Оқу белсенділігін арттыру. //Қазақстан мектебі, 2010, №9, 34-35бб.
* Леспаева С. Шығармашылық қабілетті дамыту - мұғалім міндеті. //Қазақстан мектебі, 2008, №8, 20б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz