Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіз елім – тірегім

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан.
Өтес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дабысова Риза Қуанышқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім - тірегім
Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық
нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық
қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап
оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын,
көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
-Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің <<Тәуелсіз елім - тірегім>> танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық?
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы -- 1986 жылы 17 -- 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Себептер 1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы
2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше, осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.
* Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
* Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек - қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.- Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды. 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі" деп көрсетілген. 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
* Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны - ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар .
( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
Ендеше , балалар бүгін біз осы туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру.
3. Бұл қай ғимарат?
4. Мәнерлеп оқу
5. Қабырға газетін қорғау.
6. Ұйқасын тап.
-Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.
- Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
* Әр топ өздерін таныстару.
2. <<Кім көп біледі?>> бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
* Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрнісі?
* Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
* 16-желтоқсан қандай күн?
* Тудың авторын атаңыз.
* Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?
* Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
* Елтаңбаның авторы кім?
* Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
* Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
* Қазақстан Республикасыныңтөл теңгесі қашан айналымға шықты?
* <<Желтоқсан оқиғасына>> қатысқан кімдерді білесің?
* Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)
3. Бұл қай ғимарат?
1. Хан шатыры -
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
2. Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)
Ән тыңдау: Десантшылар ( 2 ұпай)
4. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.
Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)
5. Қабырға газетін қорғау.
6. Ұйқасын тап.
1-топ:
Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған...
2-топ: Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.
Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:
* "Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
* Ал, балалар, тәуелсіздік туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!
*


Ұқсас жұмыстар
Қазақ елім
Қазақ тілі. Ағылшын тілі
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Егеменді елім, Тәуелсіз елім - Қазақстан
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сценарий
Тәуелсіз елім - тірегім жайлы ақпарат
Тақырып Тәуелсіз елім – тірегім
Әнұранның авторы кім
Пәндер