Астана - бәйтерек. 6 сынып

Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «№ 17 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі -
Салтанат Рымбековна Такауиева
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептегі қазақ тілі сабағы, 6-сынып)
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Астана - Бәйтерек
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сан есім, сын есім, көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғауларын, емес шылауын қайталау, дыбыстық талдау, сөз құрамына талдау жасау.
Сабақтың мақсат-міндеттері:
1. Білімділік. Астана қаласы, еліміз туралы өткен білімдерін пысықтау. Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс атай білуге, сабақ барысында кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйленім үлгілерінде дұрыс қолдана білуді үйрету.
2. Дамытушылық. Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйленім барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларға еліміздің бас қаласы - Астана қаласының мемлекет өміріндегі алатын орнының маңыздылығын түсіндіру, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуға баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Кластер, пысықтау, көрнекілік арқылы шығармашылық ізденіс тәсілі, пысықтау, тест орындау.
Сабақтың түрі: ойын сабағы, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, суреттер, Астана туралы слайдтар, компьютер.
Пәнаралық байланыс: ән-күй, бейнелеу өнері.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Отырғызу.
Психологиялық жағдай.
Жұппен айту.
Бүгінгі сабағымызда - сәттілік, шаттық, санамыз терең ой қалыптассын.
Біздің Отанымызда бейбітшілік, тұрақтылық, ынтымақтастық болсын.
Отбасымызда барлығы жақсы болсын деп тілейміз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ой шақыру стратегиясы
Кластер әдісі арқылы өткенді қайталау.
Мұғалім оқушылардан Қазақстан, Астана тақырыбында. Мұғалім интерактивті тақтада жазып тұрады. Барлық атаулар толық аталған соң, суреттерін тақтадан көрсету.
- Бас қаласы Астана деп аталатын ел, қай ел?
- 1 желтоқсанда қандай мереке тойланды?
- Астана күні қашан тойланады?
- Мына сандар не дейді? (1832 жыл, 1961-1992 жылдар, 1993-1998 жылдар, 1998 жыл) .
- Сен Қазақстанның ірі қалаларын білесің бе?
- Астана қандай қала?
- Астана қаласының символы не?
ІІІ. Меңгерілетін жаңа сөздер:
Бәйтерек - үлкен ағаш
Өмір ағашы- көп жыл жасайтын ағаш
Самұрық құс - үлкен, қыран бүркіт тәрізді құс
Күн бейнелі - күн түрінде
Ер Төстік - батыр, ертегі кейіпкері
Бәйтерек бейнесі - Бәйтеректің кешені
«Аялы алақан» - Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаевтың қолы, алақаны
ІV. Мәтін бойынша жұмыс.
Астана - Бәйтерек.
«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтерекегі ұяға киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Аңыз бойынша Ер Төстік батыр жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңа Қазақстанның көрінісі.
Бәйтеректің жоғары бөлігінде алтын түсті алып шар орналасқан. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. «Аялы Алақан» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі.
(Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан жолы” атты кітабынан) .
- Мұғалімнің мәтінді оқып беруі;
- Мәтінді тізбектей оқу.
- Сөйлемдерді рет-ретімен орналастырып, оқушылардың мәтінді құрауы;
- Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою.
- Бәйтерек қандай ағаш?
- Аңыздың кейіпкерлері кімдер?
- Аңыз ненің белгісі?
- Бәйтерек нелерде бейнелеуде?
- Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?
- Шардың диаметрі мен салмағы қанша?
- «Аялы алақан» кімдікі?
V. Ережелерді қайталау мақсатында мысалдар келтіру. Жалғау түрлері: көптік, тәуелдік, жіктік және дыбыстық талдау (фонетика) .
- ҚАНДАЙ? - сұрағына жауап беру.
- Көптік жалғаулары
( Қала, бала, кешен, өзен, тау, көл, ескерткіш, ағаш, жылан, құс, ) .
- Жіктік жалғау:патриот
- Сөзді септеу: Бәйтерек, Астана
- Дыбыстық және морфологиялық талдау:Бәйтерек, Астана; Бәйтеректің, өзенінің, бейнелерде
VІ.
Сергіту сәті.
«Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Сауаттылық хаты
І деңгей:
Мәтінді суретпен бейнелеп, мәтіннің мазмұнын ашу.
Астана сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
ІІ деңгей:
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап
1. Болашағы, зор, Астананың.
2. Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып.
3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.
4. Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.
5. Қала, жас, сұлу, Астана, ең.
ІІІ деңгей:
Бәйтерек - сөзін семантикалық карта бойынша толтыру
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру.
VІІІ. Ой шақыру стратегиясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz