Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Х дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы.

МАД <<Б>> тобы Уақыты 10.04.2014ж

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Х дыбысы және әрпі
Мақсаты: сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.
Сөздік жұмыс:
Билингвальдық компанент:
Көрнекілік кеспе әріптер, суреттер

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті
Себепті (дәлелді) - ықпалды

Жылулық шеңберіне тұру.

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жайнай түссін қаламыз
Қайырлы күн достарым

Балалар бүгін аптаның қай күні
Сейсенбі күні бізде сауат ашу сабағы ендеше барлығымыз бірге өткен сабақты қайталап өтейік.

Бейсенбі
Ұйымдастыру - барлау
-дыбысты естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп қолымызбен жазамыз екенбіз. Біз сендермен көп дыбыс, әріптермен таныстық. Қане маған кім бір дыбысты айтып, сол дыбысқа мысал келтіріп береді?
Мысалы: а-алма, д-доп, -қ- қияр, с-сағат т.б.

Ендеше балалар біз бүгін сендермен жаңа дыбыс Х дыбысымен танысамыз.
Қане бәріміз Х деп айтайық.
Балалар мен сендерге осы әріпке байланысты жұмбақ жасырып көрейік, қане бәріміз мұқият тыңдалық
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жүрмейтұғын жолы жоқ (хат)

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап, жадына сақтады.

Ұйымдастыру - барлау
Х дыбысынан басталатын сөздер буынға бөлу.
Хат, хор, шахмат сөздерін дыбыстық талдау жасау.

Х дыбысын ауада жазу.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымыздан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Биік болып өседі

Қол жаттықтыру дәптер мен жұмыс.
Топтастыру ойыны:
Шарты Балаларды екі топқа бөліп
Х дыбысына байланысты сөздер айтып
екі топты жарыстыру.
I-топ Сұңқар тобы
II- топ Тұлпар тобы
Бүгінгі Х дыбысына бйланысты сөздер болуы қажет.
Бір сөз айтқан топқа 1 жұлдызшадан беріліп отырады.Қай топ көп сөздер айтса сол топтың жұлдызшаларын санап жеңіске жеткен топ анықталады.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқиат тындады.

Рефлексивтік - қорытындылау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар риза болды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Х дыбысы және әрпі туралы білу керек
Істей білу керек:

Істей білу керек:

Тәрбиеші: Тілеубекова И.Б____________
Тексерген: Малгеждрова Ж.С
Қойылған сұраққа жауап бере алу
Әрқашанда ұйымшыл бола алу.


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Х х әрпі мен дыбысы
Х дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Х х дыбысы мен әріпі
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Х дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Ұйқасын тап
Г дыбысы және әрпі
Пәндер