Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: "диалог арқылы оқыту"
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІ : “ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ”
Маншарипова Ақжан Телеуқызы
№123 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі
Аңдатпа
Бұл жұмыста білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі диалог арқылы оқытуды
сабақта тиімді пайдалану жолдары көрсетілген.
Жұмыста алдымен диалог арқылы оқытудың оқушының білімінің артуына көп
көмегін тигізетіні туралы айтылып, сол айтылғандардың айғағы ретінде
сабақта диалогтік оқытудың қалай жүргендігі айқын көрсетілген. Әр сабақта
сұрақтардың қалай қойылғандығы талданып, сабақтағы сұрақ қоюдың үлгілерін
пайдалану жолдарын айтылған.
Мұғалім өз кәсіби қызметін талдай келе, оны одан әрі жақсарту туралы
пікірін де айтып кеткен.
Аннотация
В этой работе показан один из новых практичных методов в
образовании, используемых на уроке – диалог.
В работе сначала говорится о большой пользе диалога для
повышения знаний ученика, и вследствие сказанного показано, как проходило
диалоговое обучение на уроках. Говорится также в работе, как обсуждалась
постановка вопросов на каждом уроке, а также пути применения постановки
вопросов на уроках.
Учитель, обсуждая свою профессиональную деятельность,
выражает мнение о дальнейшем ее улучшении.
Annotation
As one of the new technology in teaching the effective way of
teaching students at the lesson with the lesson with the help of dialogue
is said on this work.
Dialogue help students to arise their knowledge and that’s
why working with a dialogue is defeated mentioned on this work. At each
lesson the kind of questions are selected and examples of how to ask
questions is explained.
Having discussed her professional activity the teacher
expresses her opinion of further improvement of this method.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің
нәтижесінде саналы әрекет, қарым-қатынас жасайтын, рухани, зерделілік мінез-
құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Олай болса, жеке тұлғаны дамыту
ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек. [1]
Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол
мұғалім шығармашылықпен қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-
меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық
жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын, мәдениеттілігі,
іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің
нәтижесін жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек. [2]
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ
оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ.
Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. (Цицерон)
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – оқушылардың алған білімінің
терең болуы және алған білімінің оқушы есінде сақталуы. Білім оқушының
есінде сақталуы үшін оқушы осы білімді өзі қалыптастыруы қажет, яғни
мұғалім сабақта оқушыға осындай жағдай тудыруы қажет.
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде
сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған
жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.
Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы
және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін
жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. [3]
Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға
түскен тапсырмалар, оқушы мен оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы
есінде ұзағырақ сақталады және олар қойылған қалың сұрақтарға жауап беру
арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.
Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда диалог арқылы оқытуды
пайдалануға тырыстым.
Менің оқушыларым алғашқы өтілген “Санды өрнектер. Әріпті өрнектер”
тақырыбындағы сабағымда сұрақтарға тек бір сөзбен ғана жауап бергісі келді
және өздерінің ойын жеткізе алмады. Сұрақ тек «Бастама-жауап-кейінгі
әрекетпен» ғана шектеліп қалды: Бастама: Мұғалім: Әріпті өрнек деп
қандай өрнекті айтады?
Жауап: Сымбат: Құрамында әріптері бар өрнекті
Кейінгі әрекет: Мұғалім: Жақсы!
1-сурет. Сұрақ қоюдың «Бастама-жауап-кейінгі әрекет» үлгісі
Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба
қойған жоқ.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ
дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де
оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Осы кездескен қиындықтарды жою үшін оқушыларға сабақ барысында
берілген тапсырмалардың, сұрақтардың сипатына біршама өзгерістер енгіздім.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер
қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі
сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі
сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап
алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес»
деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты
белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және
талдауға тиіс болады. [3]
Сыныпта өтілген келесі сабақтарымда сабақтың әр кезеңіне сәйкес
сұрақтарды нақтырақ қоюға назар аудардым.
“Натурал санның еселігі” тақырыбындағы сабағымның «Тұсаукесер»
кезеңінде тапсырманы баяндаған әр оқушыға қосымша сұрақтар беруге
тырыстым. Мысалы,
Мұғалім: Берілген натурал санның ең кіші еселігі қандай сан?
Айзат: Еселіктерінің ең кішісі
Мұғалім: Ал, санның еселіктерін қалай табамыз?
Айзат: Осы санды 1-ге, сосын 2-ге, сосын 3-ке және ары қарай солай көбейте
береміз
Мұғалім: Сонда берілген санның ең кіші еселігі қандай сан болады?
Айзат: Сол санның өзіне тең болады
Бұл мұғалім мен оқушы арасында болған диалог формасы.
2-сурет. Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог
Менің түйгенім, диалогтың бұл түрін қолдану оқушы білімінің
тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Оқушыны ізденімпаздыққа, дәлдікке
үйретеді.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан
өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және
оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым
етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және
толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым
толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға
көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз
ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар
беріп отырады.
Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе
алатындар бар ма?» [3]
Әр сабағымда мен де сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын қолдануға
тырыстым. Мысалы «Пифагор теоремасын қайталауға есептер шығару»
тақырыбындағы сабағымда осы әдістер пайдаландым.
Сабақ барысында бір оқушыға түрткі болуға арналған «Ұзындықтары
5, 4, 3-ке тең кесінділер тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары болады деп
есептеуге бола ма?» деген сұрақ қойдым. Сұраққа бұл оқушы жауап бере
алмады. Сондықтан сынақтан өткізу үшін осы оқушыға «Тікбұрышты үшбұрыш
қабырғаларын қандай теореманы қолданып табуға болады?» деген сұрақты тағы
қойдым. Бұл сұраққа да тұшымды жауап болмаған соң басқа оқушыларға қайта
бағыттау сұрағын, яғни «Көмектесе аласыңдар ма?» деген сұрақты қойдым.
Сұрақ қоюдың бұл үлгісін «3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері»
тақырыбындағы сабағымда да қолдандым:
Түрткі болу : Мұғалім: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке
бөліне ме?
Гүлбаршын: Бөлінеді
Сынақтан өткізу: Мұғалім: Ал енді 3-ке бөлінетін санның
барлығы 9-ға бөліне ме?
Гүлбаршын: я,........ жоқ
Қайта бағыттау : Мұғалім: Көмектесе аласыңдар ма?
Жанерке: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке
бөлінеді,
себебі 9 саны 3-ке бөлінеді
3-сурет. Сұрақ қоюдың «түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау»
үлгісі
Менің тағы бір түйгенім, сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану
оқушылардың білімінің артуына және олардың бір-бірінің идеяларын
құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып айтуға
үйренуіне себеп болады деп ойлаймын.
Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының
білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде
көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын
топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша
бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің
идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті
қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.
Сыныпта өткізілген «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбындағы
сабағымда диалог болуына назар аудардым. Оқушыларға «Неліктен
төртбұрыштардың кейбіреуін дөңес төртбұрыш деп атаймыз?», «Температура оң,
теріс сандармен және нөлмен өрнектеледі. Аудан неге тек оң самен
өрнектеледі?» деген және тағы да басқа сұрақтар, тапсырмалар берілді.
Маған ұнағаны оқушылардың осы сұрақтар төңірегінде топта талқылау
жүргізіп, оны өз ойларымен айтып түсіндіруге тырысқаны.
Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап,
айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін»,
«егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін
«сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда
«Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Пікірталастың мақсаты жеңімпаздар мен жеңіліске жеткендерді
анықтау емес, керісінше, тіпті басқаларда қарама-қайшы пікір болса да, өз
ойын дәлелді негіздер келтіре отырып, оны қорғай білу дағдыларын дамыту.
[4]
Менің бір қуанғаным аталған жұмыста оқушылар «мүмкін», «егер»,
«бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өздерінің айтқандарын дәлелдеуге
тырысып жатты. Өздерінің ойын ашық, еркін айтуға ұмтылды.
Сабақ барысында оқушылар арасында зерттеушілік әңгіменің болуы
олардың сабаққа деген ынтасының артуына, пәнге деген қызығушылығының
артуына көп көмектеседі деп ойлаймын.
Жаңаша әдіспен сабақ өту барысында менің түйгенім, сыныпта
диалог өз дәрежесінде жүру үшін:
- Топтағы оқушылардың рольдерін дұрыс бөліп алуына ықпал ету;
- Сабақта берілетін тапсырманы дұрыс таңдау;
- Тақырыпқа байланысты қойылатын сұрақтарды дұрыс таңдау;
- Сабақта қойылатын сұрақтардың түрлі әдістерін пайдалану;
- Топта зерттеушілік әңгіме жүретіндей жағдай жасау керек деп
ойлаймын.
Сондықтан әр сабақты өткізу барысында оқушыға олардың арасында
зерттеушілік әңгіме өрбіп, диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет деп
ойлаймын.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін
анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен
қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін
сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да
білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді
түрі болып табылады.
Сонымен білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер оқушылар
білімінің сапалы болуына көп септігін тигізеді. Олар өздері қалыптастырған
білім арқылы үлкен нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «12-жылдық білім» журналы, №2,2008 ж
2. «Математика және физика» журналы, №2,2012 ж
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық
4. С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
Қарағанды, 2011-«Кәсіби даму мектебі» сериясы
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz