Еңбек жолыңа сәттілік: жас мамандар арасындағы ұстаздық сайыс

«Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!»

(жас мамандар сайысы)

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Мерекелеріңіз берекелі болсын!

Бүгін біздің колледжде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

2- жүргізуші:

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

1-жүргізуші:

Әр сөзі мейіріммен басталатын,

Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,

Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,

Қалайша атамасқа асқақ атын!

2-жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

1-жүргізуші:

Көк байрығым көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген шалқыған.

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,

Елбасы да өткен ұстаз алдынан.

2-жүргізуші :Ұстаз . . . ! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы, жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші . . .

1-жүргізуші :«Ұстаз . . . ! Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» - деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың, жас мамандардың « Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші : Сайыс кезеңдері:

1. «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)

2. «Өнердің өрі- таланттың төрі» (өнерін көрсету 3 минут)

3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация)

2-жүргізуші: Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты . . .

Бар ғалым, барлық қоғам құрметтейді,

Нұр сепкен шәкіртіне мұғалімді.

1-жүргізуші : Бүгінгі сайыстың сайыпқырандарын шақырудың кезегі де келіп жеткен сияқты.

1. Тиыннан теңге құра білгеннің есебі түгел деп пайымдайтын - Маржан Садыкова

2. Жұмыс күнін жоспарлап, жүйелейтін - Нұргүл Альмолдина

3. Кешегі колледж түлегі, бүгінгі өндіріс шебері - Ердос Қомар

4. Кемеден келіге топ еткен жап -жас маман - Ануар Хамитов

5. Өз құқығын өзгеден артық білетін - Мақпал Раис

6. Кезекті демалысын Араб Эмиратында өткізсем деп армандайтын - Диана Кушкунбаева

7. Адам жан дүниесінің жанашыры болсам дейтін психолог - Айғаным Оразбаева

(сайыскерлер ортаға шығады, сонан соң шығып кетуге рұқсат)

2-жүргізуші: Сайыскерлерлермен танысып болсақ, сайыс кезеңдеріне кезек берелік.

1-жүргізуші :Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді,

Танытатын бар болмысын барын сап.

2-жүргізуші: Ұстаздықты мұрат еткен жас толқын, қадамдарыңызға құт, «сапарларыңызға» сәттілік тілейміз!

1-жүргізуші: Сайыстың бірінші кезеңі: «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)

1. №1 сайыскеріміз - Маржан Берікқызын қошеметпен ортаға шақырамыз.

2. Алдарыңызда №2 сайыскер - Нұргүл Ахатқызы.

3. №3- сайыскеріміз - Ердос Құрманбекұлы

4. Келесі сайыскеріміз - Ануар Бағдатұлы ортада. Қарсы алыңыздар.

5. Қошеметтеріңізбен ортада - Мақпал Төлеубекқызы

6. Сахнада №6 сайыскер - Диана Серікқызы

7. №7 сайыскеріміз -Айғаным Қабдірахманқызы. Қошеметтеріңіз!

2-жүргізуші: « Талантты мұғалім-барлық істе де талантты». Ендеше «Еңбек

жолыңа сәттілік, жас маман!» атты сайысымыздың келесі кезегінде «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деген ұлы Абайдың пайымын жас мамандарымыз қалайша өрнектейді екен?! Байқайық!

Сайыскелеріміз белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен сахнаға шығады.

1-жүргізуші:

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы - қилы ойды ортаға салайық.

Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

Педагогикалық жағдайды тиімді шешу де - үлкен шеберлік. Біздің сайыскерлер педагогикалық жағдайдан қалай шығады? Кезек берелік!

(Сахнаға барлық сайыскер шығады)

3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация)

2-жүргізуші:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,

Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

Жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман - Сіздерсіздер!

1-жүргізуші: Бүгінде білім - өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман - болашақ ұлт ұстазы Сіздерсіздер! Сіздерге - Ақ жол!

  1. жүргізуші: Хан бол, мейлі қара бол, Дарын бол, мейлі, дара бол. Өтетін бәрі алдынан, Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - елдің жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі - дей келе, жас мамандардың ұстаздық еңбек жолына бағыт беріп, сәттілік жолдау үшін Жезқазған қалалық депутаты, Білім меценаты, колледж құрылтайшысы Бекзат Қомарұлына ақ жол тілек берелік.

1- жүргізуші: Сайыс қорытындысын саралау үшін ЖММ жетекшісі Акимжанова Гаухар Сауалханқызын ортаға шақырамыз.

(Марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма,

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,

Бас иіңдер, Ұстаз деген қасиетті жандарға!

Жүргізуші: Осымен жас мамандар сайысы мәреге жетті. Алда талай асулы жол, бағындырар биік, жеңісті мәре бар. Баршаңызға сәттілік!


Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафета: ата-аналар мен мамандар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыс
Ұстазым, менің ұстазым: мектептегі мерекелік концерт пен жас мамандар байқауының сценарийі
5-6 сынып оқушылары арасындағы математикадан Жас математиктер сайыс сабақ жоспары
С. Мұқанов атындағы мектептің 6-сыныптар арасындағы Жас тарихшы және 7-сыныптар арасындағы Жас географ зияткерлік сайыстары: бағдарламасы мен сұрақтары
Жас ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекетін ұйымдастыру
Менің педагогикалық сенімім: ұстаздық тәжірибе мен мақсаттар
Ұстаздық: кәсібилік, жауапкершілік және шәкірт тәрбиесі
Ұстаздық жол - ұлылық: тәрбиелік тәжірибе мен кәсіби бағдар
Жас Архимедтер математикалық сайысының бағдарламасы мен тапсырмалары (4-сыныптар арасындағы)
3-сыныпқа арналған Жас математик сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz