Ана тілі сабағы: Сәкен Сейфулиннің Наурыз өлеңін талдау және М. Дулатовпен салыстыру

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Наурыз Сәкен Сейфулин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру өлеңнің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге және және өз беттерінше ой түйгіндей білуге төселдіру.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту танымдық білімдерін арттыру, ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың формасы: жұптық, топтық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, талдау, жинақтау
Кестемен жұмыс: шығармашылық ізденіс
Көрнекілік: буклет Наурыз-думан, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:дүниетану еңбекке баулу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Шаттық шеңбер - дене мүшелерінің амандасуы.
ә) Шеңберде түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу
І топ Ақ түс - қыс
ІІ топ Сары - күз
ІІІ топ Жасыл - жаз
ІV топ Көк - көктем
ІІ. Біліміңді байқап көр:
1) Мәнерлеп оқу
2) әр топ бір-бір шұмақтан өз сөздерімен мазмұнын айту, талдау
3) М. Дулатовтың “Наурыз өлеңіне” пікірталас
4) Ақылды алты қалпақ
Ақ қалпақ - мағұлмат беру.
Қызыл - ішкі сезімі
Сары - логика ой айту
Жасыл - шығармашылық
Қара - теріс ой
Көк - қортындылау
Қалпақтар ойлармен бөлісу
ІІІ. Игерейік білімді:
1) Сәкен Сейфулиннің “Наурыз” өлеңіне тоқталайық. С. Сейфулин туралы мәлімет беру
2) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру
3) Іштей оқу
4) Дауыстап оқу
5) Өлеңнің мазмұнын өз топтарында талқылау, мазмұнын бір-біріне түсіндіру.
6) Ойымды жалғастыр (Постер жасау
7) Ойланайық, кім ойшыл?
ІV. Сергіту сәті:Қара жорға
V. Қайсысын қалайсың? (Мақал-мәтелдер, халық тәжірбиесі, шығармашылық өлеңдер. )
Қорытынды: М. Дулатов пен С. Сейфулиннің “Наурыз” өлеңін Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып “Наурыз” саған ұнайма деген тақырыпқа ессе жау.
Өзін-өзі бағалау парағымен жұмыс.