Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сан есім. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімСабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.Сабақтың міндеттері:1. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.2. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.3. Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: тірек - сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз, интерактивті тақта, слайдӘдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, бірін - бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру1. Психологиялық дайындық.- Екі көзің не үшін керек?- Жақсыларды көру үшін.- Екі құлағың не үшін керек?- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.- Екі қолың не үшін керек?- Елге көмек беру үшін.- Екі аяғың ше?- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.2. Сабақтың мақсатын хабарлауІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материалды <<Иә, жоқ>> ойыны арқылы пысықтау.Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, <<иә>> деп, дұрыс емес болса <<жоқ>> деп жылдам жауап беру керек. Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә), <<Ұқыпты>> сөзі етістікке жатады (жоқ) т. б. сұрақтар қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.Дәптермен жұмыс.1. Көркем жазу2. Орфографиялық - сөздік жұмысы.Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар.Бұғы, ғарышкер, тоғыз, екінші, кітаптар, он бес, таяқ, елу бесінші, үйшік, төртеу.- Неліктен олай топтадыңдар?- Әр сөзге сұрақ қоямыз.- Екінші бағандағы сөздерге қандай сұрақтар қойылды? ( Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз таптарының бірі <<Сан есім>>. Сан есім дегеніміз не?Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.Екі, үшінші сөздеріне ауызша сөйлемдер құрау, сұрақтар қою.Тірек - сызбамен жұмыс (ауызша)Сөз таптарыЗат есімЕтістікСын есімТірек - сызбамен жұмыс (жазбаша). Сызба бойынша сөйлем құрап, сан есімнің зат есіммен байланысын көрсету.Сөз таптарыЗат есімЕтістікСын есімСан есімОқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.477 - жаттығу (ауызша). Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, берілген сұрақтарға жауап беру, талдау.Сергіту сәтіЖалғыз саусақ тіпті де,Ұстай алмас жіпті де.Екі саусақ бірікті,Ине қолға бірікті.Үш саусағым орамдыЖүгіртеді қаламды.Өнерлі екен он саусақҚала салсақ, жол салсақ.448 - жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Сан есімдердің астын сызып, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Шешуі: домбыра. Домбыра туралы әңгімелеу.Ойын: <<Ойнап отыр, ойлап отыр>>Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету.Кеспе қағаздармен жұмыс. Әр оқушы алдына қағаздар тарату, кеспе қағазда берілген сөздердің ішінен артық сөзді жылдам тауып қай сөз табына жататындығын анықтау.449 - жаттығу. (өз бетімен) Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.Шешуі: Жүз екіІV. Қорытындылау.
Тест арқылы бірін - бірі бағалау.1. Заттың санын білдіретін сөз табы - А) зат есімӘ) сын есімБ) сан есім2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.А) Қандай? Қай?Ә) Қанша? Неше? Нешінші?Б) Не істеді? Қайтті?3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап.А) бесіншіӘ) бесБ) бесеу4. Сан есімді тап.А) сана, оқыӘ) жиырма, үш жүзБ) биыл, былтыр5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды.А) ОлжасӘ) біріншіБ) орынВ) алды.V. Үйге тапсырма
VІ. Сабақты бекіту
VІІ. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Болжалдық сан есім
Есептік және реттік сан есім
Жинақтық сан
Сан есім. сан есімнің мағыналық түрлері
Қазақ тілі оқулығы
Сан есімнің құрамы қанша
Сан есім зат есім
Уақыт. Сан есім туралы түсінік
Телефон сөзін жазу
Сан есім туралы түсінік беру
Пәндер