Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Прманова Әйгерім Уәлиханқызы
Қызылорда обл.,Жалағаш ауд.
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 201 орта мектеп
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУ.
«Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау... Оқытудың жаңа технологияларын,ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану».[1]
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа
әдістерін, педагогикалық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр.
Педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытып білім сапасын көтеруде.
Қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі
күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту негізінде білім беруді көздейді.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының
тереңінен алады. «Қабілет» ұғымын ғалымға алғаш енгізген Платонның да, оның
ізбасарларының да бұл ұғым жайлы түсініктері таптық көзқарастарға
негізделген болатын. Олар адам туғаннан бастап бірі басқарушылар, бірі
жауынгер, бірі жер иеленушілер болып туады дегенді уағыздайды. Қабілеттерге
байланысты адамдар арасындағы теңсіздік осы кездерден басталса керек.
Испандық дәрігер Хуан Уарте адам қабілеттерінің шектеулі екенін, сол
себепті ол әртүрлі әрекеттерді бірдей нәтижелі орындауы мүмкін еместігін
айтса, бұған керісінше чехтық педагог-гуманист Я.А.Коменский оқыту арқылы
балада әртүрлі қабілеттерді қалыптастыруға болады деген идеяны
ұсынады.[2,108]
Өз заманындағы сан алуан ғылым сапаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп
Баласағұн өзінің «Құтты білік» атты дидактикалық дастанында жан-жақты
дамыған адамды, барлық қабілеттерді дамыған кісіні «толық пішімді адам» дей
келе, оған жетудің жолы білім, ғылым екенін атап көрсеткен. Адамның ақыл-
парасаты барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір
айтқан.[3,11]
Ал тұтас бір халықтың ұлы Абай «...жан қуаты әуелден кішкене ғана
болады. Ескеріп баққан адам ол қуатын зорайтады, ескрусіз қалса, ол қуаттар
жоғалады, не аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады. Адам
ішіп-жеп тән қуатын ғана ойламай, жан қуатын да жетілдіруі үшін қам жеуі
керек,»- деп тұжырымдайды.
Қабілет жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай
келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан
өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға
келеміз.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктерін –дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалаптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап
көрсеткен.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін айтады.
Қабілеттер – іс-әрекеттің белегілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті,[174,232] т.б.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2
топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан
талдаса, екінші топ өкілдері – нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Енді
сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтереген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің
қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте
дамитындығы жайлы теория қалаптасып, бұл екі категория біртұтастықта
қаралатын болды.
Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М.Теплов және оның
шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның
психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы
нышандардың рөліне ерекше назар аударды. Қабілеттер туа пайда болады деген
пікірлерге қарсы, туа берілетін тек табиғи алғы шарттар, яғни нышандар деп
қорытындылайды.
Сонымен, қабілеттер – оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер
туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер
дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы жалпы және
арнайы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте
байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1. Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынща қабылдай
алу деңгейі.
2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу»
дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы қол жеткізу деп
түсіну керек. Ғылымда шығармашылық туралы ұғым ХІХ – ХХ ғасырларда пайда
болып, зерттеліне бастады. С.Ожеговтің сөздігінде «шығармашылық –
материалдық және мәдени құндылықтар жасау» делінген. Философиялық сөздікте:
«шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ащатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі.
Шығармашылық жайлы еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға
келдік. Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс – әрекет
түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп
жасына дейін де көрінеді. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде
жүзеге асады.
Бастауыш мектеп шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді.
Сондықтан әрбір бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап,
тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата – ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып
отыруы қажет.
Ал бастауыш сыныптағы оқушылардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық
болып табылатын субъективті жаңалық.
Тірек – сызба арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру және
дамыту мәселесі шығармашылық үдерістің қандай кезеңдерден, яғни неден
басталып, немен аяқталатынындығын білуді талап етеді.
Шығармашылық үдерістің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалақ
қасиеттер қалыптасып жатады. Мәселен, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік,
шығармашылық елес орын алады. Белгісіздікті кезеңіндегі «бас қатырулар»
табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің
нәтижесі, баланы жоғары көңіл – күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді.
Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып
табылады.
Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-
бітімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай
дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша
көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың
бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған
сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды
Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына
жеке мән беру болып табылады.
Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып,
шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларына тірек-сызба
технологиясы арқылы шығармашылық қабілетін дамытуда төмендегідей
тапсырмалар беруге болады. Мәселен:
- «Көктем», «Наурыз» тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың өзіне
жазғызу, мұғалім толықтырып отырады.
Тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрау.
_ _ _ _ _ _жұмбақ, Тоны сондай жұмсақ,
_ _ _ _ _ _қорқақ. Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)
_ _ _ _ _ _домалақ, Резеңке домалақ,
_ _ _ _ _ _домалап. Тоқтамайды домалап. (Доп)
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларын танымдық, шығармашылық
қабілеттерін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын,
ынтасын арттыра түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы.
2. Коменский Я.А. Материнская школа. – М: Учпедгиз, 1947. – 140 бет.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 262
бет.
4. Теплов Б.М. Способности и одаренность – М: 1958.
-----------------------
табиғат
айлары
ауа райы
Наурыз
құстар
көктем
жылы
ериді
ағаш
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz