Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топырақ


Дүниетану 2 - сыныпТақырыбы: ТопырақМақсаты:Білімділік. Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.Дамытушылық. Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту.Тәрбиелік. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу.Сабақтың типі: тәжірибелі, жаңа сабақСабақтың түрі: аралас сабақПәнаралық байланыс: ана тілі, география.Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, , вен диаграммасы, топтастыру стратегиясы.Сабақта пайдаланған қөрнекіліктер: тәжірибе жасауға қажет заттар, физикалық карта, суреттер, слайдСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топтарға бөліп алу
Туған жер Туған тілім Туған ел
Әр топ өз топтарына байланысты өлең шумақтар оқиды.
Психологиялық дайындық: Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.Яғни, мен ақылдымын.Білімділік деген мен,Күш деген менТабиғатты сүюші менОтанды қорғаушы менСауаттылық деген менЖастық шақ деген менДенсаулық деген менБәрі біздің қолымызда, Үй тапсырмасын тексеру:1. Суға байланысты жазған шығармасын, мақал - мәтелді, жұмбақтарын оқыту.2. Судың қасиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке - жеке мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту.Өткенді пысықтау.- Қазір балалар, қай жыл мезгілі?- Қыс айларын атайықшы?- Қандай еңбек түрлері атқарылады? Ребус шешу Ребусты шешу жауап арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады.Т О П Ы Р А ҚЖаңа сабақ.Ой қозғау:- Балалар осы топырақ дегеніміз не?Әрбір оқушының ойын тыңдауҚортынды шығару.Мұғалім түсіндіруі:Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Слайд№2Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.Кітаппен жұмыс.
Іштей оқу
Топтар бөліп оқидыТәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?(Қорытындыны тақтаға іліп отыру)
Туған жер тобы1-тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?Бұл ауа. Ол қайдан шықты?А У А
Туған тілім тобы2-тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.С У
Туған ел тобы3 -тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?Өсімдік қалдық, тамыр жанды.Ш І Р І Н Д І
3 Топпен жұмыс4- тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.Лайланған суды тұндырып қойдық.Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.Қ Ұ МС А ЗДәптермен жұмыс.Топырақ құрамын жазғызу.Сабақты бекіту.Веен диаграммасы бойынша Су мен Топырақты салыстыру.Қорытындылау:Сыр бойының атақты күрішшісі Ыбырай Жақаев атамыздың нақыл сөзін айта отырып.Қорек көзіТопырақ Тіршілік бесігіЖерКартамен жұмыс:- Балалар қарайықшы, картадан қандай түстерді көруге болады?Жасыл, сары, қоңыр, көк, т. б.Олар нені білдіретінін сұрау.- Бұл біздің жеріміздің кең екенін, алуан түрлілігін, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеді.Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек.Бағалау. Өзіндік бағалау.Үйге тапсырма:Шығармашылық тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы топырақ типтері. 8 сынып
Қазақстандағы топырақ типтері жайлы ақпарат ( 8 сынып )
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстанның топырақ жамылғысы. 8 сынып
Топырақ құрамында
Тақырып Топырақ
Топырақ. топырақ түрлері, ерекшелігі, құрамы
Өлкеміздің топырағы
Топырақ жайлы ақпарат
Жануарлар немен қоректенеді? 2-сынып дүниетану
Пәндер