Құрақ құраудың технологиясы

Сабақтың тақырыбы:
Құрақ құраудың технологиясы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік
: Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
ә) тәрбиелік
: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек
сүйгіштікке баулу.
б) дамытушылық
Оқушылардың теориялық білімдерін іс - жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс:
Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.
Керекті құрал - жабдықтар:
интерактивті тақта, қатты қағаз,
үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш, мата қиындысы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:, сынып оқушыларымен амандасу, олардың тазалығына мән беру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, сұрақ қоюдан басталады.
1. Құрақ, оның түрлері туралы жалпы мағлұмат:
2. Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, үнемділікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі - қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ - төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл - көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен - ақ өмірге келетінін ежелден - ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай - қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір - бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап - талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай - ақ танисың. Құрақ құрап, көрпе тігетін, ұршық иіріп, тоқыма, шәлі тоқитын әйел-аналар арамызда баршылық. Ал біз әңгімелегі отырған Күлән Шәудірбаева жолдасынан ерте айырылып, өмірдің қиындығын көп көрсе де жалғыз қолымен еңбек етіп, іс тігіп, балаларына жетімдік тауқыметін тартқызбай жүрген жан. Ақтөбенің Байғанин ауданында тұратын Күлән Шәудірбаеваны ауылдастары мақтан етеді. 1986 жылы жолдасы бақилық болғанда балаларын жетілдірем деп жүріп, өзі оң қолынан айырылыпты. Отбасындағы бар тірлік бір өзіне қарап тұрған соң, ол тағдыр сынына мойымай жалғыз қолымен еңбек етіп, тігін тігіп, құрақ құрап, ою ояды. Өмір қыңыр мінез танытып, сүріндірсе қайта тұрып, жылатса жұбанған кейіпкеріміз бүгінде аяулы ана, асыл әже атанып отыр.
Күлән апа тігіншілік өнерді алғаш әжесінен үйреніпті. Кейін анасы да қызын осы іске бейімдесе керек. Қазір Күлән апа 88 жастағы анасы екеуінің басы қосылса, тігіншілік турасында, қолөнер жайында сыр шертіседі екен. Кейіпкеріміздің анасы Ару әлі күнге тоқыма тоқып, ізінен ерген немере-шөберелеріне іс тігуді үйрететін көрінеді.
- Мен аудандық балабақшада ұзақ жыл еңбек еттім. Балаларым оң-солын енді тани бастаған кезде жолдасым өмірден озды. Жылдық садақасын берер кезде азық-түлік алу үшін облыс орталығындағы базарға барғанмын. Ол кезде ауылдың дүкендерінде қазіргідей молшылық жоқ еді. Түн ішінде теміржол стансасында үш пойыз қатар тұрды. Жүк сөмкемді арқалап, сол пойыздардың астынан өтемін деп асығып келе жатқанда үлгере алмай қалдым… Ауруханада есімді жиғанда оң қолымның жоқ екенін көрдім. Балаларымды қалай өсіремін, ендігі тұрмысым қалай болады деп қатты қиналдым алғашында. Тіпті, он екі мүшемнің бірін алғанша, неге бірден өзімді өлтіріп тастамады деп хақ Тағалаға тіл тигіздім. «Адам үш күннен соң көрге де үйренеді» деген емес пе? Рас, әуелгіде сол қолыммен еңбек етпек түгілі, тамақ іше алмадым. Шүкір, кейін қиындықтардың бәрін жеңіп, жалғыз қолмен де өмір тіршілігіне бейімделдім, - дейді Күлән апа.
Қиындық құрсауына шырмалған шақта Күлән апаға туыстары қолдау көрсетіпті. Кейін балалары үй тірлігіне үйреніп, қолғабыс танытқан. «Қолымнан айырылған кезде енді іс тіге алмайтын шығармын - деп қиналдым. Бірақ жаның қалаған істі қалайда жасауға талпынады екенсің. Екі жылдан соң анам аяқ тігін машинасын алып берді. Сол жақ қолыммен киім пішіп, құрақ құрауды, кесте тігуді қайта жалғастырдым. Балаларыма, туыстарыма әлі күнге киім тігіп, қажетті дүниелерін жаңартып беремін», - дейді кейіпкеріміз.
- Күлән апа қонақжай адам. Үйіне әр кез қонақ келгенді жақсы көреді. Өзі жалғыз қолымен ас дайындап, бауырсақ пісіріп, түрлі дәмді тағамдар әзірлейді. Егер тігіншілік кейіпкерімізге әжесінен дарыған десек, онда Күлән ананың осы қасиетін отбасында қазір немересі Әйгерім жалғастырып келеді. Күлән әжесі іс тіге бастаған кезде Әйгерім жанына келіп, көмектеседі екен. «Ана көрген тон пішер…» дегеніміз осы емес пе?
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико
lll. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қайшы, ине, үтікпен қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Оқушылардың алдарындағы артық заттарды партаның шетіне қойғызып, жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеремін де, қауіпсіздік ережесін ескере отырып, нұсқау карта бойынша «гүл», «аққу»құрағын жасау жұмысына кірісеміз . Жұмыс кезінде оқушылардың жұмысын тексеріп, қателіктері болса түзетіп, білмеген жерін үйретемін
lvСабақты қорытындылау
v Оқушыларды бағалау
v Үйге тапсырма
Сабақтық тақырыбы
: Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:оқушыларға бисер туралы толық мағлұмат беру;
- Дамытушылық:оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
- Тәрбиелік:оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі
: үлгілер, СЛАЙД
Пәнаралық байланыс
: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих
Ұйымдастыру кезеңі:
· Оқушылармен амандасу;
· Оқушыларды түгендеу;
· Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;
· Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Жаңа сабақ
Оқушылар бүгін біз бисерден бұйым жасауды үйренеміз.
Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ сопақша, әр түрлі - хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз. Стеклярустың бисерден айырмашылығы - оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz