Файл қосу

Верный бекінісі негізінің салынуы


Өміралиева Ақтолқын Саятайқызы
Шымкент қаласы №84 Циолковский
атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Верный бекінісі негізінің салынуы.
Мақсаты - Білімдік - оқушылараға XIX ғасыр 50 жылдарында Қазақстанның
Оңтүстік аудандары мен қырғыз жері Верный бекінісінен кейін Ресей қол
астына қарауын тездеткенін түсіндіру.
Тәрбиелік - оқушыларды өз халқын сүйіп, салт дәстүрлерін танып
қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық – оқушыларды терең білім алуға ынталандыру.
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасын сұрау
3) Жаңа сабақ
4) Қорытынды.
Бағалау, үй тапсырмасын беру, сабақты аяқтау.
Көрнекілігі: карта, плакат
Үй тапсырмасын сұрау.
1) Үйге не берілді. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
2) Ұлы жүздің саяси жағдайы.
3) Ресей әкімшілігінің күшеюі.
4) Қоқан феодалдарының ұлы жүз қазақтарына озбырлық жасауын қалай
түсіндіруге болады.
5) Қоқан тепкісіне қарсы қазақтардың күресі туралы айтып бер.
6) Ұлы жүзді Ресей қол астына көшіру үшін патша үкіметі қандай шараларды
іске асырды.
Сұрақтар
1) Тентектөре бастаған көтеріліс (1821 ж) қашан болды?
2) Пристав деген не?
3) Ресейдегі басқарудағы қадағалаушылық полициялық күші басым қызмет.
4) Кіші жүз Ресейге қашан қосылды?
Жаңа сабақ.
1. Верный бекінісі салынуының алғы шарттары.
Тірек сөздер.
1. Қоқан бөлігі.
2. Таушүбек бекінісі
3. Капитан Гутковский
4. 1851 ж 7 шілде
5. Ақмешіт бекінісі
6. Майор Перемышельский
7. Верный
8. Саз балшық, ағаш дуал
9. 400 отбасы
10. Қапалдан Верныйға
11. Іле қонысы
12. Бұғы руы
13. 1857 ж тұңғыш су диірмені
14. Сыра зауыты
15. Семенов Тянь- Шанский
16. Пржевальский , Северцов
17. Ш.Уалиханов
18. XIX ғасыр 50 жылдары
II. Тірек сөздердің мағынасын ашу.
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары әлі қоқан билігінде болды. Сондықтан
алдағы кезде ол аймақты және қырғыз жерін бөтен билік иелерінен босатып алу
үшін дәйекті күрес жүргізу керек болды. Омбы мен Орынбордан жіберілген
отрядтар Ырғыз, Торғай, Сырдария өзендері бойынан бірнеше бекініс қамалдар
тұрғызды. Бұған дейін бұл өңір Қоқан хандарының билігінде болған. Таушүбек
бекінісі Қоқан хандарының билігінде болған. Таушүбек бекінісі Қоқан
Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек Ресей үшін Қоқан билеушілерді
қууды қиындатты. Бұл қамалды алмай Қоқан билігі не соққы беру қиын еді.
1850 жылы капитан Гутковский бастаған 200 қазақтан және 50 жаяу әскерден
құралған топ Қапалдан шығып Таутүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде
қырғыздар жасағымен қақтығысқан Гутовский Іле жағалауына қайтып оралуға
мәжбүр болды. 1851 жылы шілденің 7- сінде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз
берілуге мәжбүр болды. 1853 жылы Орынбор генерал губернаторы граф В.А.
Перовскиидің басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қоқан
билеушілерінің Ақмешіт бекенісі Ресейдің қол астына қарады. Енді орыс
әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы
Гасфорттың Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштасыру туралы ұсынысы
Петербургке қабылданды.
Верный бекінісі Ұлы жүз приставы майор М.Д Перемышельскиидің отряды 1853
жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жеріне Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылы
көктемде сол отряд Верный деп аталған бекіністін іргетасын көтерді. Верный
Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде
болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды. 1854
жылы күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаға Іле отрядының 470 солдаты
мен офицері келіп қоныс тепті.
Пікірталас.
1. Кіші жүздің Ресейге қосылуы қажет Досы көпті жау алмайды.
2. Кіші жүздің Ресейге қосылуы қажет емес.
Бодан тәуелді болуы, әскери бекініс- әскери қамал.
Бірлік бар жерде тірлік бар.
Бірігіп көтерген жүк жеңіл.
Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Шыңғыс хан
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Орыс хан
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері 8-сынып (ұбт-ке дайындаудың жолдары)
Ашық сабақ. Сабақтың мақсаты
Қазақстанның XYIII ғасырдағы әләуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Әдістемелік нұсқау. лабораториялық жұмыстар
Қазақстан аумағындағы қалалар
Сабақта жаңа технологияларды қолдану
Пәндер