Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"жігітке жеті өнерде аз" сайысы

Жігітке жеті өнерде аз...
Мақсаты: Ер балаларды ұлттық тұлғада халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, ұлтжанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Оқушылар арасынан қабілетті, яғни, білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан-жақты, сегіз қырлы - бір сырлы оқушыларды анықтау. Өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.
Жүргізіші:
Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, оқушылар және келген қонақтар.
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,
Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.
Талай ғасыр небір ақын жыраулар
Жігіттердің батырлығын жырлапты.
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, ұлттық тұлғада халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, ұлт жанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу және тәрбиелеу. Білімді жастарды анықтайтын, сегіз қырлы - бір сырлы жігіттер арасында өтетін <<Жігітке жеті өнерде аз>> атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген
Сахына төріне сұлу да сымбатты, сыпайы да да ұстамды, өнегелі де өнерлі, жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.

Спорт пен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпен табысқан.
Алдарыңызда өзі палуан күрескер
Мектептің оқушысы Советханов Мадихан

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,
Бұл мектепті өзі қалап таңдапты,
Шындық үшін шырылдайтын, ұлт жанды.
Шақырайық ортамызға Қайратты

Білімімен бүгін міне ән қосты,
Сұрақтар мен жауаптарды талдасты.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер
Ортамызға шақырайық Сәтсапарды

Білімді, өзі алғыр жан-жақты
Ақыл десе өз - өзіне айбынды
Оқушысы мына біздің мектептің
Шақырайық ортамызға Бағдатты.

Сайыскерлермен танысып алдық.Сайыскерлер орындарыныңзға отырыныздар.
Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтінСезімтал мен зерегін таразылап көретінТаныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештіңТарландардың бағасын әділ шешіп беретін - сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
* Мектеп директоры - Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы
* Оқу ісінің меңгерушісі - Тұрлашова Гүлсан Ермекқызы
* Тәрбие ісінің меңгерушісі - Қайсанова Зейнеш Тоқтарқызы
* Кәсіподақ төрағасы - Маханов Руслан Жалғасбайұлы
* Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - Шалов Мұрат Ахметжанұлы

Енді сайсытың барысына тоқталайық. сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Сайыс бағдарламасы
* << Тегімді менің сұрасаң...>> өзін таныстыру. (3 мин)
* << Көркіне ақылы сай>> қызықты сұрақ-жауаптар сайысы.
* << Ердің асылы күшінен білінеді>> (қол күрес)
* <<Білімді мыңды жығар>> (Мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту) (3 мин)
* <<Күш атасын танымас>> (гир көтеру)
* << Тығырыққа тірелгенде>> Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау.
* <<Мен өнерлі жігітпін>> (сайыскерлер өз өнерлерін көрсету) (10 мин)

Армысың айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
<<Сәлем - сөздің анасы>> деген нақыл
Топ алдына шыққанда басын иіп
Сәлемдесу - парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер топтарменен
Сәтте келіп қалғандай бір танысатын - дей отыра.
1.<< Тегімді менің сұрасаң...>> өзін таныстыру
Таныстыру кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)


Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табар ма екен, сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар - деп
2. << Көркіне ақылы сай>> қызықты сұрақ-жауаптар сайысы.

1-сұрақ: Төрт түліктің пірін атаңыз.
Жауабы: Түйе пірі -- Ойсыл қара, жылқы пірі -- Қамбар ата, сиыр пірі -- Зеңгі баба, қой пірі -- Шопан ата, ешкі пірі -- Шекшек ата.
2-сұрақ: Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Жауабы: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
3-сұрақ: су түбінде не жоқ?
Жауабы: құрғақ тас жоқ.
4-сұрақ.Қазақ халқының дәстүр-салты мен той-томалақтарын атап шық,Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.
5-сұрақ .5 асыл мен 5 дұшпанды ата.Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.6-сұрақ. Жігіттің үш асыл мінезін ата.Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.7-сұрақ. Үйленген ұлға беретін үлес қалай аталады?
Жауабы: енші
8 - сұрақ: Қазанға не сыймайды?
Жауабы: қақпағы
9 - сұрақ: 7 мамыр қандай күн, 9 мамыр ше?
Жауабы: 7 мамыр - отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - ұлы жеңіс күні
10 - сұрақ: Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?
Жауабы: шүберек су болады
11 - сұрақ: Бір жұмыртқа 15 минутта піскенде, 3 жұмырытқа ше?
Жауабы: 15 минутта
12 - сұрақ: Тауық бір аяғымен турғанда 2 килограмм, ал екі аяғымен тұрса?
Жауабы: 2 килограмм<<Көркіне ақылы сай>> кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)
Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай.Ер өнері білінбес,Қоян-қолтық алыспай.3. << Ердің асылы күшінен білінеді>> (қол күрес)
<< Ердің асылы күшінен білінеді>> кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)


Ақыл - тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім - кен қанша болса азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтелеуов бабамыз айтқандай, сайысымыздың <<Білімді мыңды жығар>>кезеңіне берсек.
4. <<Білімді мыңды жығар>> (Мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту).
1.Ауылдан асқан байлық жоқ
Неден қымбат қазына жоқ (КІТАП)
2.Талапсыз жас, қанатсыз не? (ҚҰС)
3.Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ? (ТІЛ)
4.Отансыз кім, ормансыз бұлбұл (АДАМ)
5.Өнер алды қандай тіл (ҚЫЗЫЛ)
6. Білім - теңіз, не кеме? (МЕКТЕП)
7. Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны нешеу болмайды. (ЖЕТЕУ)
8. Ер жігіт туар кім үшін. (ЕЛІ)<<Білімді мыңды жығар>> кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы
Сан шыңға шыдай білсең
Тек төзе біл бұл сынғада
Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат, салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Ол үшін спортты жанымызға жолдас қылу керек. Біздің жігіттеріміз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма? Сол себебтен жігіттердің күшін сынға салып көрейік.
5. <<Күш атасын танымас>> (кір тасын көтеру)
<<Күш атасын танымас>> ( кір тасын көтеру) кезеңінің ұпай сандары (2-5 балл)

Мықты болсаң талаптарды орында,Келді кезек мықтыларды танытар.Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,Соңғы кезең қалды енді, күлімде - деп,6.<<Тығырыққа тірелгенде>> деген кезеңін бастайық.Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау.
Мысалы: Картоп аршу. Түйме тағу . Шаш өріп, бантик тағу. Пародия салу.
<<Тығырыққа тірелгенде>> кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)


Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді жұртым,
Өнерлі болса жігіттер болар сылқым.
Қане жұртым көрелік <<нағыз жігіт>>,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп <<шіркін>>.
7.<<Мен өнерлі жігітпін >> кезеңіне берсек.
<<Мен өнерлі жігітпін>> кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)

Қазылар алқасы шешім шығарғанша бір әсем әуенге берсек.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге өз құттықтауын өнерімен көрсеткісі келген қыздардың әсем әндеріне береміз.
Ән: АйДанАру триосы

Жүргізуші:
<<Батыр болған бабамнанЕл қорғауды үйренгенАру болған анамнанАр қорғауды үйренген>> жігіттерді ортаға шақырамыз.
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын, -- дей отырып, ендігі сөз кезегінәділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасынҚанаттарың талмасынЖаман адам кез келмесінАяқтардан шалмасынЖігер болсын көздеріңдеҚатардан еш қалмаңдарШат заманда, сүйікті елдеБиіктерге самғаңдар!


Ұқсас жұмыстар
Сайысымыздың соңғы кезеңі Шығармашылық кезеңі
Реттік сан есім
Бала сұлтаны - 2015
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Жас сарбаз бен бойжеткен
"жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Алғырлар тобына
«есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс)
Көңілді сандар
Жанұя және математика
Пәндер