Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушылардың миф пәндеріне деген қызығушылықтарын, әр пән бойынша алған білімдерін қорытындылауға, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру
Тақырыбы: Жұлдызды сәт
Мақсаты:
Оқушылардың миф пәндеріне деген қызығушылықтарын, әр пән бойынша алған
білімдерін қорытындылауға, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін,
белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жұлдызшалар, презентация
Барысы:
Ойынға 6 оқушы қатысады.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық!
Қандай сұрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
«Жұлдызды сәт»- сын сабақ
Жұмбақты шешіп, ойна күл
Білімдіден мол талап,
Күтіледі оны біл!
Ал, ойыннан қалмайық,
Жұлдызсыз мүлде болмайық.
І. Викториналық сұрақтар. Кім тез жауап береді, соған жұлдызша беріледі.
1. Физика нені зерттейді. (табиғат құбылыстарын)
2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең? (180[pic])
4. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)
5. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)
6. Ең үлкен ғаламшар (Юпитер)
7. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)
8. Табиғи жарық көзі не? (күн)
9. Компьютердегі ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғыны қалай
атайды? (монитор)
10. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым? ( Коперник)
11. Екі ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)
12. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
13. Зиянкес программа (вирус)
14. 25- тің квадраты (625)
15. Қысым бірлігі ( Паскаль)
16. Компьтердің миы (процессор)
17. Ең аз қабырғалы көпбұрыш (үшбұрыш)
18. Судың үш күйін ата (су, мұз, бу)
19. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
20. Космодром қай жерде, аты қандай? (Байқоңыр, Қызылорда)
21. Косманавтиканың негізін қалаған кім? (Циолковский)
ІІ. Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер- дей келе, «Жеті жұмбақ» деп
аталатын ІІ бөлімде анаграммадан сөз құрастырып, сөзді орысша, ағылшынша
атау керек.
1. тапкі- кітап- книга-bоок
2. дама- адам- человек- man
3. нақ- қан- кровь-blood
4. мақал- қалам- ручка- pen
5. қылсауден- денсаулық- здоровья- health
6. тамақ- мақта- вата-cotton
7. раужан- жануар- животное -animal
ІІІ. «Сиқырлы шырпылар»
1).Шырпыдан құралған 5 шаршыдан 3 шырпыны алып тастап, дәл осындай
өлшемдегі 3 шаршы қалдыру керек.
| | |
| | | |
2). 17 шырпы 6 шаршы құрайды. 5 шырпыны алып тастап,3 шаршы қалдыр.
| | | |
| | | |
3). 6 шаршы құрап тұрған 18 шырпының 2-уін алып тастағанда, 4 шаршы шығуы
тиіс.
| |
| | |
| | | |
Сергіту сәті
Жүргізуші: Ойынның шартымен таныстырып өтейін. әр ойыншы мына әріптердің
(Қ,С,Ж,Т,О,Б) ішінен өзіне ұнаған әріпті таңдайды. Қойылған сұраққа жауап
сол әріптен басталу керек.
1. Атың кім?
2. Жасың нешеде?
3. Сүйікті пәнің?
4. Болашақта кім болуды армандайсың?
5. Мінезіңдегі жағымды қасиетің?
6. Сүйікті тамағың?
IV. «Ғажайып жетілік»
Жүргізуші: Бұл бөлімде оқушылар мына кестеден ұпай бойынша сұрақ таңдайды.
Дұрыс жауапқа: 10 ұпай- 1 жұлдызша, 20 ұпай- 2 жұлдызша, 30 ұпай- 3
жұлдызша, 40 ұпай- 4 жұлдызша беріледі.
|Математика- ғылымдар патшасы |10 |20 |30 |40 |
|Информатика- ақпараттар ғылымы |10 |20 |30 |40 |
|Қызықты физикалық құбылыстар |10 |20 |30 |40 |
Математика- ғылымдар патшасы.
10 - Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол
қанша жаста? (үште)
20 – Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер
бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6
минут)
30 – Ұзындығы 135 см. Сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіп екі
бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап. (45 см, 90 см.)
40 – Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта
жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта
жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді? Асхат неше тоқаш жеді? (Мәди- 2, Асхат-3)
Информатика- ақпараттар ғылымы.
10 – Компьютердің жанындағы өсімдік. (кактус)
20 – Төрт бөліктен тұратын, компьютердің негізгі құрылғыларына жататын
құрылғы немесе ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаратын құрылғы.
(пернетақта)
30 – Интернетке шығу үшін міндетті түрде керек құрылғы. (модем)
40 – Қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да
мәліметтер жиынтығы. (мұрағат)
Қызықты физикалық құбылыстар.
10 – Судың таза немесе тұзды екенін қолды батырмай қалай анықтауға болады?
(екі стакандағы суға екі картоп салып жібереміз. Тұзды судағы картоп батып
кетеді)
20 – Ең алғашқы қыздыру шамын ойлап тапқан орыстың электр технигі және
өнертапқышы кім? (А. Н. Лодыгин)
30 – ыдыста бірнеше піскен және шикі жұмыртқалар араласып жатыр,
жұмыртқаның піскенін қалай анықтауға болады? (жұмыртқаларды айналдырған
кезде піскен жұмыртқа тез айналады, ал шикі жұмыртқа баяу айналады)
40 – Бір шайнекте шикі су, екінші шайнекте қайнаған су бар. Қыздыру бірдей
болғанда қай шайнектің суы тез қайнайды? (шикі су тез қайнайды, себебі онда
еріген ауа көпіршектері бар, ал қайнаған кезде көпіршік жойылады. Ал
қайнатылған суда көпіршік жоқ, бір рет қайнатылған су шикі судан кеш
қайнайды.)
V. Лездеме сұрақтар
Жүргізуші: Бірінші жағы оқылады, екінші жағын тез айтуыныз қажет. Әр
ойыншыға 3 сұрақтан қойылады.
Бірінші ойыншыға:
1. Динамометр- құрал 2.Градус- өлшем бірлік 3. Кактус- гүл
Екінші ойыншыға:
1. Вольтметр- құрал 2. Дәреже- амал 3. Компьютер-
құрылғы
Үшінші ойыншыға:
1. Барометр- құрал 2. Sin, cos- тригонометриялық ф/я 3. Сканер-
құрылғы
Төртінші ойыншыға:
1. Амперметр- құрал 2. См, кв, м- өлшем бірлік 3. Принтер-
құрылғы
Бесінші ойыншыға:
1. Телескоп- құрал 2. Көбейту, бөлу- амал 3. Плоттер-
құрылғы
Алтыншы ойыншыға:
1. Калькулятор- құрал 2. Tg, ctg- тригонометриялық ф/я
3. Процессор- компьютер миы
Жүргізуші: Ойыншыларымыздың жинаған жұлдызшаларының санын білейік. Ең көп
жұлдызша алған екі ойыншы ортаға шықсын.
«Арифметика» сөзінен неғұрлым көп сөз құрастырған ойыншы жеңіске жетеді.
Қорытынды: Бүгінгі ойын талай шабыт шыңдады,
Ойын қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді,
Болса егер көңіл жақын таңдады.
/
Жеңімпаз ойыншы анықталып, марапаттау рәсімі болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz