Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңаөзен білім ордалары

Сабақтың тақырыбы: Жаңаөзен білім ордалары .
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды киелі Маңғыстау өңіріндегі Жаңаөзен
қаласындағы білім ордалардың шығу тарихымен
байлығымен таныстыру.
2. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу.
Ұстаздардың еңбегін бағалауға үйрету.
3.Өлең тақпақ, мақал - мәтелдер, ой - өрісін тіл
байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңаөзен қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 4 <<Г>> сынып оқушыларының <<Жаңаөзен білім ордалары>> атты тәрбие сағатына қош келдіңдер, дей отырып, тәрбие сағатымды бастамақ болып отырмын.
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
- Облысымыз қалай аталады?
- Біз қай мектепте оқимыз?
Кіріспе: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру. /слайдтан көрсету/
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға 45 жыл толып отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан бар: оның 6 шағын ауданы - көп қабатты үйлер, қалғандары жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес Теңге(қазақ ауыл деп те айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22 мектеп, 20 - дан астам балабақша, "Мұнайшы" мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық колледж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар.
Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы - мұнай және газ өндірістері. Ауыл шаруашылығы да даму үстінде.
1-мектеп туралы мәлімет беру. (оқушы)
1968 жылдан бастап <<Шаңырақ>> шағын ауданда жаңа № 1 орта мектеп салынды. Кейінірек оған №1 Төлесін Әлиев атындағы орта мектеп атағы берілді. Ең алғаш мектеп директоры болып Қарабалина Сақыш болып тағайындалды. Жыл сайын мұғалімдер қатары жас мамандармен толықтырып отырады.
Мектеп басшылары олар мыналар:
1968-1975ж Сақыш Қарабалина.
1976--1978 Боранбаев Санжан
1978-1986ж Салиқа Боранбаева
1986-1994ж Балсұлу Жақыпова
1986-1993ж Есжанова Салиқа
1995- 2005ж Нұрғалиева Аймеден
1999-2006ж Өтебаева Оразбибі.
2006жылдан бастап мектеп директорының қызметін Жүгенбаева Күләш Саламадинқызы атқаруда. Мәслихат депутаты . Өзі басқарған отырған ұжым мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмыстанып, мектептің іші - сыртқы безендірулері мен жөндеу жұмыстарына көп көңіл бөліп жүрген, мектептің материалдық - техникалық базасын жаңартуға жұмыстанып жүрген білікті маман. Қазіргі таңда №1 орта мектепті қара шаңырақ деп бекерге айтпаған.
Қызылсай мектебі туралы мәлімет.
Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 орта мектеп туралы мәлімет.
1959 жылы Қызылсай поселкесінде бастауыш мектеп ашылып, онда алғашқы рет Манаш Қожаниязова мен Жұмажан Аккулиева параллель сыныптарды оқытты. Геологиялық барлаумен айналысып жүрген еңбеккерлердің балаларын оқыту үшін ашылған осы алғашқы мектеп кейіннен <<Қара шаңырақ>> деп аталады.1962жылы Өзен поселкесінде орталау мектеп ашылып, оның алғашқы директоры 1962-1969ж Сәтжан Боранбаев болды. Мұнда барақ типтес үйлерден мектепке орын беріліп. Ол өз жұмысын бастады. Мектеп тарихында мәңгі сақталатын сол жылдардан бері осы мектепте басшылық қызметін атқарған директорлар тізімі.
1962-1969 оқу жылдары еңбек еткен мектебіміздің тұңғыш директор қызметін атқарған Боранбаев Сәтжан.
1969-1974ж оқу жылдары директор қызметін атқарған. Алдашев Тасемен.
1974-1976 оқу жылдары директор қызметін атқарған Өтенова Дәмет.
1976-1983ж оқу жылдары директор қызметін атқарған Айдаров Асылбек.
1983-1993 ж оқу жылдарында директор қызметін атқарған мектебіміздің түлегі Тоқтарбаева Алмагүл
1993-1996 ж оқу жылдары директор қызметін атқарған Темірғалиев Нұреддин
1996-1997ж оқу жылдары директор қызметін атқарған Сапиев Жүзбасар
1997-2000 ж оқу жылдары директор қызметін атқарған Оразов Амандық.
2000-2005 оқу жылдары директор қызметін атқарған Сарыбек Өтеулі
2005-2006 оқу жылдары директор қызметін атқарған Қазақбаев Қосай
2006-2007 оқу жылдары директор қызметін атқарған Кезбаев Болат
2007-2008 оқу жылдарының директоры Темірғалиев Нұреддин
2008-2010 оқу жылдары директор қызметін атқарған Джамалов Дүйсенбай
20 10-2013 оқу жылдары директор қызметін атқарған Сатеева Зағипа
2014оқу жылынан бастап , мектеп басшысы болып Исембаева Жұмабай еңбек етіп келеді.
50 жылдан аса тарихы бар қара шаңырақтың бір кездері мақтанышы болып, мектептің мәртебесін көтеріп жүрген білім үздіктері де баршылық.
2мектеп туралы мәлімет.
№ 2 орта мектеп <<Шұғыла>> шағын ауданында орналасқан. Мектеп 1971 жылы ашылған .Бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Мектептің сыртқы көлемі. 4909,4 м 2 Білім беріп жатқан ұстаздар саны күннен күнге артып келе жатыр бүгінгі 103 мұғалім білім, тәлім - тәрбие беруде. Ал білім алып жатқан оқушы саны 1361.
Директорлар тізімі:
Шынтаева Н .В Алғашқы мектеп басшысы
Атаханова Зоя.
Баданова Райхан.
Мұқанова Раушан Сайлаубаева
Нысанова Айнұр Ерболатовна- қазіргі мектеп басшысы.
3 - мектеп директоры К.Я Стороженко
Мектептің өмірбаяны. Орта мектеп 1967 жылы қолданысқа берілді. Ол кездері Жаңаөзен поселкесі геолог . Аты Жаңаөзен деп аталған.Өзі қаланың центрінде орналасқан еді.Ол білім ордасынан мыңдаған адам білім алуда.
Мектеп директорларының тізімі.
Алешина М. Т мектептің алғашқы басшысы. 1967
Атаханова З.В 1968
Стороженко К.Я 1969
Зонь Н.Д 1977
Анкешова В1978
Кемалова Г.А 1979
Сатканова А.К 1995ж
Абукирова Людмила .Закиевна
Нурсагитова Кульшат .Искаковна 2011 ж
5- мектеп. Туралы мәлімет.
1966 жылы салынған теміржол станциясындағы № 5 орта мектепте ауыл балалары оқып білім алуда.Теміржол станциясындағы мектеп 1981 жылы іргетасы қаланып қолданысқа берілген. Қазіргі таңда гимназия мектебі болуда.
Мектептің директорларының тізімі:
1.Ермағамбетов Есқожа 1981-1988 жылға дейін басқарған. Алғашқы директор
2. Қожбанов Иса 1989-1990жылдар аралығы басқарған.
3.Игибаев Құрман.1990-1991ж
Қазіргі мектеп басшысы Өсербай Рысбаевич 2009 жылдан бастап басқаруда.
Білім алып жатқан бала саны 579
Мұғалім саны 54
6 - мектеп туралы мәлімет.
№ 6 мектеп 1977 жылдан бері білім беру ордасы. Мектеп <<Самал>> шағын ауданында орналасқан.
№6 орта мектептің басшыларының тізімі:
1977-1980 жылы. Легкий И.Ф
1980-1992 жылы Жукова В. А.
1992-2001 жылы Кульжанова К.Т
2001-2007 жылы Оразов А.К.
2007 жылы 4-қыркүйектен бері Бимағамбетова Күләш .
Алғашқы жылдары мектепті үздік аяқтаған оқушылар:
Матвеева Марина Владимировна .Титов Александр Антонович тағы басқалары.
7мектеп туралы мәлімет.
* №7 орта мектеп 1982 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді. Мектеп таза орыс тілінде орта мектеп болып ашылды. Мектеп 4-ші шағын ауданның, қала берді 3-5 шағын аудандарда тұратын оқушылар тартылды.
* Мектептің бірінші директоры болып Амбалова Тамара Бекановна тағайындалды.
* 1986 жылдың қаңтар айынан бастап, 1987 жылдың тамыз айына дейін мектеп директоры болып Ермағанбетов Есқожа Ермағанбетұлы жұмыс жасады.
* 1987 жылдың тамыз айынан бастап Е.Ермағанбетовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты мектеп директоры болып Газиков Мухарбек, соңынан Цой Сергей Леонидовия тағайындалды.
* 1988 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың тамыз айына дейін мектеп директоры болып Марденова Збайда Марденқызы жұмыс жасады.
* 1993 жылдың тамыз айынан 1994 жылдың тамызына дейін мектеп директоры болып Айдаров Талас, ал 1996 жылдың тамыз айынан 1999 жылдың шілде айына дейін Нұрсағитова Гүлшат Ысқаққызы жұмыс жасады
* Мектеп 1990 жылға дейін таза орыс тілінде оқытылатын мектеп болды. 4 шағын ауданда тұратын көптеген ата - аналардың сұраулары бойынша, мектеп басшыларының мақұлдауымен 1990 жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сынып аралықтарында қазақ тілінде оқытылатын сыныптар ашылды.
* 1994 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп орыс және қазақ тілінде оқытылатын аралас мектеп болып өзгерді. 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп таза қазақ тілінде оқытатын болды.
* 1999 жылдың шілде айынан бастап 2002 жылдың қыркүйегіне дейін мектепті Қуандық Бекмағамбетов басқарды.2002 жылдың қыркүйек айынан бастап басшысы болып Далабай О Бекмағамбетов тағайындалды. 2005 жылдың 16 тамыз айынан бастап мектеп басшысы болып Алагозова Сарабике Мұқанқызы тағайындалды.
8мектеп туралы.
Қашаған Күржіманұлы атындағы № 8орта мектебі 1985 жылы ашылды. Мектеп өте қарапайым 4 - корпуста болған.№8 орта мектебінің сол кезіндегі директоры Ырысты Ерғалиқызы 2жыл басқарған. 1992 жылы <<көктем>> шағын ауданына көшірілді. Мектепті Күләш Шәкенова 12жыл басқарды. 2010 жылы мектептің 25 жылдығы тойланды. Қазіргі таңда мектепті Батырова Қалдыбике Мадиярқызы басшылық етеді. Қазір 102 ұстаз білім беруде. Оқушы саны 1682 .
9 мектеп туралы мәлімет .
<<Шаңырақ>> шағын ауданда орналасқан . №9 орталау мектеп ұжымы жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар педогогикалық процесті жетілдіру.Бүгінгі таңда мектепте 564 оқушы білім алуда. Олардың 16 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі .Мектепте оқушыларды білім бұлағымен нәрлендіріп, тәлім тәрбие беруде 49 мұғалім еңбек етуде. Қазіргі Директоры Сатыбалды Муңалбаев
10 мектеп туралы мәлімет.
№ 10 мектеп <<Өркен>> шағын ауданында орналасқан.Директоры Дүйсенбаева Тұрсынгүл Төлегеновна
11 мектеп туралы мәлімет .
<<Өркен>> шағын ауданында орналасқан. Балабақшаның орнында орналасқан болатын.
12 мектеп туралы мәлімет.
№ 12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп 2000 жылы 1- тамызда ашылды. Мектебімізде 53 мұғалім білім беруде. Білім алып жатқан оқушы саны 797 Мектептің алғашқы директорлары:
1. Дүйсенбаева Тұрсын.
2. Бөкиева Қарлығаш.
3. Қайырлиева Рабиға
Қазіргі мектеп басшысы Еңсегенова Алмагүл Өткілбайқызы қазіргі таңда басқаруда.
13 мектеп туралы мәлімет.
<<Білім негізі - бастауышта>> дегендей <<№ 13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп >> мемлекеттік мекемесі 2000 жылы 1-қыркүйекте ашылды. Мектептің білім сапасын арттыруына өз үлестерін қосып жүрген 27 мұғалім бар. Бала саны 468. Абулова Әсем алғашқы директоры. Қазіргі директоры Газимова Қалампыр Шапхатқызы басқаруда.Мектебімізден жыл сайын гимназия сыныптарын бітірген оқушылар қаламыздағы гимназия , лицей мектептеріне түсіп, қаламыздың білім деңгейін жоғары көтеруге өз үлестерін қосуда.
14 мектеп туралы мәлімет.
Теңге ауылындағы № 14 орта мектеп 2000 жылдың 1- қыркүйегінен бастап жұмыс жасап келеді. Мектептің сыйымдылығы 850 балаға арналған.Мектепте салауатты өмір салтын сақтау барысында 2 спорт зал,қызмет жасайды.Мүжәлсіз отбасы, жартылай жетім, тұлдыр жетім балаларды күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 240 орындықты мектеп асханасы жұмыс жасайды. Сәрсенов Серік Тұрарович алғашқы директоры.3директоры Бекмағамбетов Далабай 4директоры Чайканов Жексенбай Жалгасбайович 5 директоры Өтебалы Бисенбай.
6директоры Айтмағамбетов Жағабай Суйрибаев Бақтыбай Пералиевич басқаруда.
15 мектеп туралы мәлімет .
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының <<Рахат>> шағын ауданындағы №15 жалпы орта білім беру мектебі Мемлекеттік мекемесі ТӨЛ ҚҰЖАТЫ 2012-2013 оқу жылы | Государственное учреждение Средняя школа № 15 акимата города Жанаозен
2004 жыл 3 Жалпы аумағы 4 Мекеменің барлық жұмыс орнының ауданы 5 Мектеп 624 орынға арналған. Мектебімізде қазіргі таңда 1709 бала білім алуда.Мектеп оқушыларының дені негізінен көрші елдерден қоныс аударып келген қандастарымыз болатын.Мекеме басқарушылары Мектеп директоры Жібек Сәтбайқызы Утешова .
№ 16 мектеп туралы мәлімет.
№16 <<Бастауыш>> орта мектебі <<Шаңырақ>> шағынауданында орналасқан. Жаңаөзен қаласындағы № 16 бастауыш мектеп 2005 жылы ашылды.Мектептің алғашқы директоры Джаков Максим Абдугалиевич Қазіргі директоры Джаков Максим Абдугалиевич басқаруда.Мектептегі мұғалімдер саны 59. Оқушылар саны 1120 Қаламыздағы орыс мектептің бірі.
17 мектеп туралы мәлімет.
№17 орта мектеп теңге кентінде орналасқан. 2007 жылы қолданысқа берілді. 1. Сарсенов Серік Тұрарович алғашқы директоры.
2директоры Тілеуов Қайрат Қыпшақбайұлы.
Қазіргі директоры Сәрсенов Серік Тұрарович басқаруда. Білім нәрімен сусындатуда. 92 ұстаз еңбек етуде.Білім алып жатқан бала саны 1014 .
18 мектеп туралы мәлімет.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы <<Ақсу>> шағын ауданында орналасқан.№ 18 орта мектеп мемлекеттің мекемесі Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы кезінде салынды. 2008 жылдың қыркүйегінде қолданысқа берілді. Сыйымдылығы 960 орындық 3 қабатты ғимарат жаңа жобада салынып жабдықталған.Қазіргі таңда мектепте 2870 білім мен тәрбие алуда .Мектеп оқушыларына 167 мұғалім білім мен тәрбие беруде.Алғашқы директоры Мұқанов Жетек Абдурахманович
Қазіргі директоры. Джамалов Дүйсен Максимович басқаруда.
19 мектеп туралы мәлімет.
Жаңаөзен қаласы <<Арай>> шағын ауданында орналасқан. Мектеп 2008 жылы қолданысқа берілді Алғашқы мектеп басшысы Нуғаева Зина Орысбайқызы басқаруда. Мектепте ұстаздар саны 99. Бала саны 1687 оқушы білім алуда.
20 мектеп туралы мәлімет.
<<Арай2>> шағын ауданында орналасқан №20мектеп білім ордасы 2013 жылы бой көтерді. Алғашқы мектеп директоры Өмірзақова Бақыт Сарау қызы басқаруда әлі де басқарып келе жатыр. Бала саны 807 .Білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздар саны 37.
21мектеп туралы мәлімет.
2011-2012 жылы 1-қыркүйекте қолданысқа берілді. <<Рахат>> 3ш/а орналасқан. Мектептің алғашқы директоры Тілеуов Қайрат . Қазіргі директоры Рахимова Алтынгүл басқаруда .
Білім ордаларының бірі Жаңаөзен қаласы <<Көктем>> шағын ауданында орналасқан. 9 ғимарат СПТУ деп қазір қысқартылып атап кеткен.
1967 жылы Ералиев Кентінде №162 Қалалық кәсіптік техникалық училище болып ашылды. 1968 жылы Жаңаөзен қаласына ауыстырылды.1984 жылы аты өзгеріп Орта кәсіптік техникалық училищесі болып өзгертілді.1996 жылы №3 Кәсіптік техникалық мектеп деп аты ауыстырылды.2005 жылы №3 Кәсіптік мектеп болып аталды 2008 жылы Жаңаөзен кәсіптік лицейі болып өзгертілді. 2012жылдан бастап Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі болып өзгертілді.720 студент оқып білім алуда.
Директорлардың тізімі:
1-директоры 1979-1981 жылы Губашев Бердіғали Губашевич басқарды.
2-директоры 1981-1989 жылдары Әділханов Қуан Әділханұлы .
3-директоры 1989-2000 жылға дейін Аманниязов Нұрлыбай Қадырбаевич.
4-директоры 2000-2005 жылға дейін Қалдаманов Сенбай Әбиевич.
2005 жылдан бастап Нұғыманов Тұрсынқұл Абатович басшылық етуде.
.Мамандықтың түрлері мыналар:
Электрмен қамтамасыз ету салалары бойынша Техник - электрик.(9сынып)
Автомобильді кранының машинисі.
Бақылау - өлшеу аспаптары бойынша слесарь
Пісіру ісі
Компьютер құрылысына қызмет көрсететін технигі.
Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану Құрылыс - технигі.
Темір жол құрылысы, темір жол және темір жол шаруашылығы
Токарлық іс және металл өңдеу.
Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету
Жаңаөзен қаласындағы <<Шұғыла>> шағын ауданында орналасқан.
1985 жылы іргетасы қаланды. Алғашқы директоры Қайсағалиев Ғарифолла екен.
Қазіргі директоры Тұрарбекұлы Төлебек басқаруда.
Мамандықтың түрлері:
1.Фельдшер акушер.
2.Медбике жұмысы.
3.Лабороторная диагностика.
Технар туралы қысқаша мәлімет.
Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы атындағы Жаңаөзен және мұнай газ колледжі 16 наурызда 1985 жылы Гурьев қазіргі Атырау облысы деп аталады.политехникалық техникумының филиалы негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы тамыздың 31-індегі қаулысы негізінде Жаңаөзен мұнай техникум кейіннен Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің 11 желтоқсанын 1995 жылы № 132 бұйрығы бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 ақпанда1999 жылы № 441 қаулысы негізінде Жаңаөзен мұнай және газ колледжіне Оразмағамбет Тұрмағамбетұлының есімі берілген.Бүгінде О.Тұрмағамбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай колледждің 25 жыл тарихы бар.облысымыздағы орта буын мұнайшылар дайындайтын , материалдық техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайық оқу орны.Қазақстан Республикасының білім беру ісінің <<үздігі>> қызметкері Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері аға әдіскер Алипбаева Бибінұр Саттарқызы басшылық етеді.
Мамандық түрлері.
қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру.
<<іс қағаздарының - жүргізу және мұрағаттану>>
Есеп және аудит
Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп жабдықтарын техникалық күту және жөндеу
Мұнай және газ кенорындарын пайдалану.
Оқушылар мұнай өндірісінде практикадан өтіп , теориялық біліммен ұштастырып, сапалы білім алуда.
<<Каспий>> колледжі туралы мәлімет.
<<Көктем>> шағын ауданында орналасқан іргетасы 2008 жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілді.. Білім беретін ұстаздар саны.44.
Алғашқы директоры Қалдаманов Исенбай Әбиұлы басқаруда.
Мамандықтың түрлері:
1.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
2.Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі.
3.Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі.
4.Бастауыш білім беру.
5. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
к/б 608 бала білім алуда.
с/б 640 студент білім алуда.
Жаңаөзен политехникалық колледжі.
Жаңаөзен политехникалық колледжі 2005 жылы қыркүйектен бастап ашылған. Осы кезде 207 студентпен ашылған. Қазіргі таңда 1251 студент. Осы колледжі өзінің еңбегімен ашқан Болатбаева Тілектес Аманқосқызы. Бұл кісі қазіргі таңда депутат, үлкен еңбек сіңіріп қаламызға үлкен үлес қосып отыр. Біздің колледжімізде бюджет бөлімінде 10 топ бар. Колледждің ішінде Маңғыстау облысының оқушылары оқиды. Яғни Бейнеу, Шетпе қаласынан және Жетібай посёлкесінен келіп оқиды. Біздің колледжімізде барлығымыз стандарт формасын сақтайды. Заман талабына сай мамандықтар бар. Яғни шаштараз,тігін мұнай саласы.Колледждің құрылғанына 9жыл толды.
Мамандық түрлері:
1Медикер.
2.Автомеханик
3.Кәсіптік оқу.
4. Құқықтану.
5. Әлеуметтік оқу.
6. Тігін цехы.
7. Теміржол
8 Мұнай газ кен орын . Стандарттау
9 Шаштараз.
10.Автоматтандыру. тағы басқалары.
Қорытынды .
* << Жаңаөзен білім ордалары>> атты тәрбие сағатымыз қорытындылағым келіп тұр.Жаңарған Жаңаөзеннің көркеюіне, жаңартуына, өз үлестерін қосып жүрген қала басшылары, бизнесмендер, мекеме басшылары, археологтар . Осы кісілердің барлығы да, білім ордасынан жақсы оқып, жақсы білім алып Жаңаөзеннің туған жеріміздің көркеюіне үлесіңізді қосады деп сенемін.


Ұқсас жұмыстар
Торайғыровтың Қамар сұлу романындағы кейіпкерлер келбеті
Ыбырай алтынсарин – ағартушы, педагог
Бөкей хандығының құрылуы
1 қыркүйек салтанатты жиын сценарийі
Жаса, жайна, ару Астана
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін талдау
Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы
Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
М. Әуезовтың Қараш-Қараш оқиғасы әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
М.Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасының сюжеті мен композициясы
Пәндер