Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"тапқыр болсаң, талас жоқ" танымдық сайыс

"Тапқыр болсаң, талас жоқ" атты танымдық сайыс
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!!! Тәуелсіздіктің көк туы мәңгі аспанымызда желбіреп тұра берсін, еліміз тыныш, халқымыз берекелі, бейбітшілік заман болсын. Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын <<Тапқыр болсаң, талас жоқ>> атты танымдық сайысымызды бастаймыз.
Сайсымыздың мақсаты: Оқушылардың жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу.Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ыталандыру; жас ұрпақтың ұлттық сана - сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Мұғалім:
Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын.Білім іздеп өнер тап,Түнді күндей ашатын.Сахына төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді жастарды шақырайық.

Мұғалім: Сайыс барысы 6 кезеңнен тұрады.
Сайыс бағдарламасы
* Таныстыру. (3 мин)
* Ұрандары. (2 мин)
* <<Сөз тапқанға қолқа жоқ>> (оқушыларға сұрақтар қойылады) (5 мин)
* <<Өлең - сөздің патшасы>> (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқимын, жалғасын балалар жалғастыру керек.) (5 мин)
* <<Сиқырлы сөздер>> тақтаға" Қайырымдылық" сөзін жазамын. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.(2 мин).
* <<Өнерлінің - өрісі кең>> (сайыскерлер өз өнерлерін көрсету) (10 мин)
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар
Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар - дей отыра - ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Оқу ісінің меңгерушісі: Турлашова Гулсан Ермекқызы
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қайсанова Зейнеш Тоқтарқызы
3. Аға вожатый: Саржанова Айниса Маманқызы
4. Мектеп психологі: Ахметов Бегалы Ерболұлы

Армысың айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
<<Сәлем - сөздің анасы>> деген нақыл
Топ алдына шыққанда басын иіп
Сәлемдесу - парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер топтарменен
Сәтте келіп қалғандай бір танысатын - дей отыра.
1.Таныстыру кезеңі.

(таныстыру кезеңінің ұпайы)
Әр топ өз ұрандарын айтып, таныстырса.
2.Ұрандары.

(ұрандарына ұпай)
Білімдіден шығады алғыр шешен,Шешендікпен болған ғой барлық көсем.Сайра шәкірт, суырып шарықташы,Қалмасын бұл сайыста сенің есең
3. <<Сөз тапқанға қолқа жоқ>> (оқушыларға сұрақ қою кезеңі).
Тапқыр достар ойынының ережесі бойынша әріптер таратамын, берілген сұрақтарға қолдарындағы әріптен басталатын сөзді айтып жауап беру керек.

I топ
1. Атыңыз кім?
2. Жағдайыңыз қалай?
3. Қар қашан жауады?
4. Жалқаусыз ба?
5. Қазақстан мемлекетін қалай мақтан етесіз?
6. Көңіл - күйіңіз қалай?
7. Қандай кітапты көп оқисыз?
8. Өлеңді кім жазады?
II топ
1. Астанамыз қай қала?
2. Қазір қайда тұрсыз?
3. Қандай түсті ұнатасыз?
4. Жазушы немен жазады?
5. Сізге қай қала ұнайды?
6. Балықта аяқ бола ма?
7. Жер шары қандай?
8. Жаңа жылдың сәні не?

Абай атамыз былай деген екен:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы - дегендей сайыскерлердің қанщалықты қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа білетінін біліп алу үшін

4 <<Өлең - сөздің патшасы>> кезеңіне берсек. (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқимын, жалғасын балалар жалғастыру керек.)
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен үзінді
1.<<Қыс>>
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы -- ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы -- үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң -- қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
2. <<Ғылым таппай мақтанба>>
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ --
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой --
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ақыл - тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім - кен қанша болса азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтелеуов бабамыз айтқандай, білім сайысының <<Сиқырлы сөздер>> кезеңіне берсек.
5. <<Сиқырлы сөздер>> тақтаға " Қайырымдылық" сөзін жазамын.
Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.
Ал, қане, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салмақшы.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,
Сайыскерлер, аянбай, жан салмақшы!

6.<<Өнерлінің өрісі кең>> (сайыскерлер өз өнерін көрсету).



(өз өнерін көрсету кезеңінің ұпайлары)
Мұғалім: Осымен сайсымыздың шарттары аяқталды. Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Әділқазылар алқасына берсек.

Мұғалім:Тұлпардан тұғыр озбас шабылсада,
Оғанда үкі, тұмар тағылса да, - дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз топтар марапатталады.

Көріскенше күн жақсы!


№ 3 Аршалы орта мектебі





<<Тапқыр болсаң, талас жоқ>> танымдық сайысы




Ұйымдастырған:
Әлеуметтік педагог:
Жангабулова Г.С.

Ұқсас жұмыстар
Тамақтана білу-денсаулық кепілі сайыс сабақ 6 сыныптар
Сөз ойла, тез ойла
Білімді болсаң, байқап көр
Физикалық шаманы
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Сөздің көркі - мақал
Көлінен безген қаз оңбас
Әділқазылар алқасы бағаларын беріңіздер
Тапқыр болсаң талас жоқ
Сайыс шарттарымен таныстыру
Пәндер