Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету

Тақырыбы: Ана тілім - ардағым!Мақсаты:1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 20-жылға арналған суреттер.Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.АмандасуБіз әдепті баламыз,Біз ерекше боламыз,Қонақтарды көргенде,Сәлеметсіздер ме! - депСәлемдесіп аламыз.Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту. 20-жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.Қазақстан Республикасының президентіНұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.Қазақстан Республикасының Туы.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.ӘнұранҚазақстан теңгесі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.Елордамыз - Астана қаласы.Бүгінгі Астана - Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілгенТіл туралы Заңның 4-бабындаҚазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі болды.Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияландыТәрбиеші сөзі:Туған елім - тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, менде бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! - деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті."Тіл - біздің тұтастығымыз", "Тіл тағдыры - ел тағдыры" деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.Тіл - таусылмайтын байлық.
ТақпақтарСүйесің өз тіліңдіБоласың білімдіӨз тілің үйретерӨнерді ғылымдыАрдақта тіліңдіАна тілім қазақ тілім, туған тілімҚасиетті тілімнің мәнін білАна тілді құрметтеңдер адамдарЗаманға сай өзге тілдің бәрін біл!Тілім барда мақтанамТілім менің аппақ ән.Бірлігімді бүгінгіАна тілім сақтаған.Ақыл-ойын дананыңАна тілден аламын.Ана тілі ардақты,Ақ сүтіндей ананың.Қазақ тілім туын биік ұстағанҚазақ ттілім кең далама ұқсағанҚазақ тілім мәртебелі еңселіҚұрметтеп отыр , бүгін ел сені.Туған тілім - тірлігімнің айғағыТілім барда айтылар сөз ойдағыӨссе тілім мен де бірге өшемінӨшсе тілі мен де бірге өшемін.Жанымнан қымбатАна тілім мағанАна сөзден тыңдапҮлгі өнеге аламАна тілім - анам,Аппақ қардай арымМұра еткен бабамЖарқыраған жаным.Ана тілім - елдігімАна тілім - ерлігім.Тілді биік құрметтепТойлап жатыр ел бүгін
Ана тілім - тірегімАна тілім - жүрегім.Қасиетті елімніңТек өзің деп білемін.Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,Сенсіз бақыт дүниеден тапты кімСенсің менің қасіретім, шаттығым,Сенсің менің тазалығым, пәктігім.VI. Ойын <<Ұйқасын тап>> Мақал-мәтелдер1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)7. Тіл қылыштан... (өткір)8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)12. Бал тамған тілден ... тамар (у)13. Көп сөз - ... (бос сөз)14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)16.Таза сөйлеу - биік ... (мәдениеттілік)17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)Жүректен жүрекке шеңбері.Жақсылыққа құмармыз,Жақсы адам боп шығамыз.Таза сәби жүректен,Қабылдаңыз мың алғыс!Бізді жақтап отырғанСіздерге де мың алғыс!Осымен <<Туған тілім - ана тілім>> атты ертеңгілігіміз аяқталдыКөп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ана тілім - ардағым
Ана тілің - анаң
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Шешеннің тілі
Тәрбие сағатының барысы
Тіл ұстарту. 7 сынып
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Пәндер