Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана - өмір шуағы


Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Ана - өмір шуағы>>Сабақтың мақсаты:1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту. 2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырғагазеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Ансар:Ананың сүті - бал,Жанна:Баланың тілі - бал.Ансар:Күннің шуағы - жылы,Жанна:Ананың құшағы - жылы.Ансар:Ана - үйдің берекесі,Жанна:Бала үйдің - мерекесі.Ансар:Ана сүтін ақтамағанды,Жанна:Ешкім мақтамайды.Ансар:Ана - өмір себуші.Жанна:Қыз ақылы анадан.Ансар:Ана жүзі - күлімдеген күн көзі.
Жанна: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.Ансар: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Айша.К: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей жақсы көрем.Айзира: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай жақсы көрем.Айша: Мен анасын сағынып шырылдаған кішкентай балапандай жақсы көрем.К.Дильназ: Мен сенсіз гүлін таппаған ара сияқтымын.Әлима: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көрінесіңАружан: Сенің қасыңда болмасам шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен боламын.Ш.Дильназ:<<:Ана деген алтын қазық, алтын бақ!Ансар: Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін.
Хор: <<Асыл ана>> әніЖанна:Иә, достар, біздің әніміз аналарымыздың көңілінен шықты деп ойлаймын! Бұл өмірде анаға тең келетін ешкім жоқ.Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады.
Ансар:
Осындай керемет сөздерден кейін өздерінің жүрекжарды тілектерін өлең жолдарымен білдіртуге ер балаларды ортаға шақырайық.

Ғалымжан: Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,
Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан.
Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,
Мен кіршіксіз, ыстық-ыстық, <<салем>> салам.

Нарұл: Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,
Анаң барға шүкір ет, болған пана.
Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,
Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

Начало формыБек: Алтыным - Анам, Құттықтаймын Сізді !!!! Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . . Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам, Алғысым, Сізге бүгінгі күні ! ...

Бекжан: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттыұтап,
Әндетеміз бәріміз.

Руслан: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Сұлтан: Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!

Дамир: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

Нұрталап: Өмірде қымбат екен ана деген,
Өмірі гүл жаратын баламенен
Біздерді ақ гүліндей аялаған,
Мен оның жалғасы боп қала берем

Фархат: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз!
Туған жердің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!

Ансар:
Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,Көкжиектен таң сайын асықты Күн.Келді тағы көктемнің мерекесіДидарыңа шуағын шашып бүгін,- дей келе ортаға биші қыздарымыз Әлиманы ортаға шақырамыз.

Ансар: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.Жанна: Дұрыс айтасың Ансар, анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз бар.Ансар: Иә, өте дұрыс айтылған сөз. Мен толығымен келісемін. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.
Жанна: Ендеше сіздерге <<Асыл әже>> өлеңін ұсынамыз. Ансар: құрметті аналар, бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын балаларыңыздың Сіздерге арналған жүректен шыққан тілектерін қабыл алыңыздар.
Ж.Дильназ: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
Нарұл: Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.
Әлима: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. <<Ат биеден, алып анадан туады>> дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.
Ғалымжан: Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді.
К.Айша: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
Дамир: Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. <<Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады>>, <<Жұмақтың кілті - ананың табанында>>. Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.
Айзира: Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді. Мұғалім: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын.
Топқа тапсырма.
1топ. <<Ананы неге теңер едің?>> тақырыбына сурет салу.
2топ. <<Менің анам>> тақырыбына эссе жазу.
3топ. Ашықхат жасау.
Сұрақ-жауап.
* Анаңның атасының аты кім екенін білесің бе?
* Анаңның қолы босаған нені алып оқиды деп ойлайсың?
А) кроссвордтар шешеді
Ә) әйелдерге арналған журналды оқиды
Б) кітап оқиды
В) тамақ рецептілері жазылған топтаманы алады
3. Анаңның ең жақсы көретін түсін ата.
4. Анаңның ең жақсы көретін телесериалын ата.
5. Екі каналдан қатар екі түрлі бағдарлама беріп жатыр. Біреуінен <<Музарт>> тобының концерті, ал екіншісінен тамақ дайындап көрсететін бағдарлама. Анаң қай бағдарламаны таңдайды деп ойлайсың?
6. Анаң нені жақсы көреді?
А) мармелад Ә) зефир Б) шоколад
7. Мектепке бірінші сыныпқа келген сәтің әлі есіңде шығар. Сол күні анаңның үстінде қандай киім болғаны есіңде ме?
8. Анаңыз үшін қандай мереке маңызды?
9. Анаңыздың сүйіп жасайтын тамағы қандай?
10. Сенің анаңның мектепте сүйіп оқыған пәні?

Мұғалім: - Олай балса балалар,
Ана-отбасы абыройы, бақыты, тәрбиеші, алтын діңгегі, асыраушысы, ақыл-парасаты, ұрпақ жалғастырушысы.
Ана - өмірде алтын ұяң, шуақты күнің, өмір нәрің, әсемдік сұлулығың, мақтанышың, қайнар бұлағың.
Ана - мейірбан жылуы мол, жүрегі күн, өмірі шырақ, жаны нұр, тілегі шексіз, алақаны аялы адам.

Хормен шартық шеңберін жасап:
Анаң-күнің, жүрегің,
Әкең өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын
Атаң - дана, қорғаның
Әжең- пана,
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансың.
Ансар мен Жанна бірге:Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!


Ұқсас жұмыстар
Аналардың жүрегі
Ана - өмір шуағы туралы ақпарат
Ана - күннің шуағы
Ана өмір шуағы жайлы ақпарат
Ана -өмірдің шуағы. ертеңгілік, ересек тобы
Аналар мерекесіне құттықтау айт
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
Ана – гүл, ана – өмір шуағы
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Ана туралы
Пәндер