2-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Сын есім (417-421 жаттығулар)

Маматаева Айгүл Сейдоллақызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№ 219 Ы . Алтынсарин атындағы мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 2 « Г »

Сабақтың тақырыбы: Сын есім. 417 - 421 жаттығу

Сабақтың мақсаты : Сын есім жайлы білімдерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділігі : Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоюға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Тәрбиелігі : Табиғатты қорғауға, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, « Кім тапқыр », « Ойлан тап » ойындары

Сабақтың көрнекілігі: кесте, ребус, ойын

Сабақтың барысы

1Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Амансыңба алтын күн ?

Амансың ба көк аспан ?

Амансыңба достарым ?

Сендерді көрсем қуанам !

Кәне бері қараңдар

Сабақты біз бастайық.

Жаттығуларды қиналмай

Лезде жазып тастайық.

  • Яғни, біздер қандай сабақ

Қазақ тілі сабағы

  • Міне, балалар біз қазақ тілі сабағымызды бастайық.

Сыныпты жыл мезгіліне қарай топқа бөліп, топ басшыларын айту.

I топ Көктем III топ Күз

II топ Жаз IV топ Қыс

II. Үй тапсырмасын сұрау

« Кім көп құрады ? « ойыны

416 - жаттығу “ Ат жарысы ” тақырыбында әңгіме құрап келу.

Топтарға тапсырма беру

I топ Әңгімені оқыту

II топ Іңгімені оқыту

III топ Суретті сипаттау

IV топ Ережені сұрау

II. Үй тапсырмасын бекіту.

Суретпен қорытындылау.

Сөз таптарын еске түсріу .

  • Сөз таптары нешеге бөлінеді? Оларды ата.
  • Зат есімнің жекеше және көпше түріне мысал келтір .

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау.

III. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Сын есім. 417 - 421 жаттығу Топтық жұмыс

417 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Құшағы кең теңізден,

Аясында гүл бақтың.

Аппақ сүтін емізген,

Қымбаттысы қымбаттың -

Анам қандай жақсы адам. ( Әли Ысқақбаев. )

Сын есімдердің астын сызу. Оларға сұрақ қой.

I топ Мәнерлеп оқыту.

II топ Сын есімдерді табу.

III топ Сын есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.

IV топ Сын есім қай сөзбен байланысып тұрғанын айтып, сызу.

418 - жаттығу. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.

Үлгі : Жуас ат. Таза бұлақ

I топ таза . . . III топ сұйық . . .

II топ биік . . . IV топ жүйрік . . .

Ұзын . . .

418 - жаттығу. Ұжымдық жұмыс.

« Кім тапқыр » ойыны

Ребусты шеш. Шешуінднгі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

“ Қалың ”

Биыл қыста қар қалың жауды

I топ Ребусты шеш.

II топ Сөйлем құрау

III топ Тақтаға жаздыру.

IV топ Сын есімді тауып, астын сыз.

IV Сабақты бекіту

« Ойлан тап » ойыны

420 - жаттығу берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде.

I топ Адал . . . III топ Қең . . .

II топ жіңішк е . . . IV топ семіз . . .

Қандай ? - деген сұраққа жауап береді.

Бұл - сын есім, өйткені

Заттың сапасын білдіреді.

V . Сабақты қортындылау.

Ойын “ Артығын тап ”

Қызыл көк ойнады жақсы ақылды жүгірді

Жасыл сары жаман жалқау

Ережені еске түсіріп айтқызу.

Үйге тапсырма беру. 421 - ЖАТТЫҒУ. Сын есім ережені жаттап келу

Оқушыларды бағалау. Смайлик арқылы бағаланады, мадақтау .

Рефлексия : Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып қазақ тілі сабағы: Сын есім
3-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Зат есім (375, 380-жаттығулар)
8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сын есім - анықтамасы, шырайлары және жаттығулар
2-сынып қазақ тілі: Сын есім тақырыбының пысықтау сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Негізгі және туынды сын есім
6-сынып қазақ тілі: Сын есім туралы сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі пәні: Сын есім тақырыбының сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Негізгі және туынды зат есім
7-сынып: Сын есім - ашық қайталау сабағы, әдістері мен бағалау жүйесі
Сын есім: түсінігі, туынды түрлері және практикалық жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz