Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Менің педагогикалық ұстанымым жайлы ақпарат
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Чильменбетова Айгуль
Менің педагогикалық ұстанымым
(эссе)
Ұстаз болу - даналық пен адамдық
Содан ғана табылады адалдық.
Білім, сүйкім, тәлім - үлгі соларда.
Ешкім оған ойламайды жамандық,-
деп, ақын жырлағандай ұстаз - даналықтың бастауы. Ұстаз - ар мен ождан иесі. Ұстаз - шәкірт жанының бағбаны.
Осынау қиыны мен қызығы мол ұстаздық еңбек жолымның басталғанына да біраз жыл болыпты. Кеше ғана қолыма диплом алып, өзімнің жүрек қалауыммен мұғалімдік мамандықты таңдаған жас маман едім. Алдымда көздері жәудіреген кішкентай бүлдіршіндер отырды. Ал қазір сол өзім тәлім- тәрбие берген шәкірттерімнің балаларын оқытып жатырмын. Бұл да уақыттың үздіксіз тіршілігі екендігінің белгісі. Менің өмірдегі бақытым- ұстаз болуым. Ұстаз болу- жай ғана мамандық емес. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болу- арқалар жүгі ауыр, жауапкершілігі мол іс деп білемін. Өйткені, білім негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртін Отанын сүюге, адамгершілікке баулитын, оның көкірегіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің нағыз тұлғасы деуге болады. <<Ұстаздың абыройы мен білімі болмаса- шәкірттері оның сақалымен ойнайды>> деген екен Сайф Сараи. Алдыңдағы шәкіртің құрмет тұту үшін мұғалім қазіргі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істеп, білімі мен білігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Менің ұғымымда нағыз ұстаз боламын десең, алдымен баланы жан тәніңмен сүйе біл. Оның бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көр. Жан дүниесіне терең үңіліп, баламен сырласу, оның сөзін құлақ қоя тыңдау, қойған сұрақтарына толық жауап беру арқылы мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Маған бұл тұрғыда әдеби кітаптарды көп оқығанның көмегі тиді. Әсіресе, еліміздегі оқу- ағарту ісінің озаты О.Қарабалинаның <<Ұстаз бақыты>> деген кітабы арқылы мен тәрбие жұмысының ерекшеліктері, мектеп өмірінің қилы- қилы қырлары мен оқушы бойындағы адами қасиеттерді танып- білуді үйрендім.
<<Ұстаз- үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды>>- деген екен К.Ушинский. Болашақта шәкірттерімнің Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім. Алдыңа келген жүрегі таза, өмірдің білім атты баспалдағына аяқ аттаған бүлдіршіннің болашағы өзіңнен басталатындығын есіңнен шығармағайсың, бастауыш сынып мұғалімі!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz