Сызықтық функция (y = kx + l): анықтама, график және есептер

Сызықтық функция

Мақсаты: Білімділік . Сызықтық функция туралы түсініктеме беру және оның графигін жасауды үйрету, есептер шығаруды меңгерту

Дамытушылық . Оқушылардың «Математика» еліне ойша саяхат жасау арқылы, ақыл-ойын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ тіл байлығын және сөздік қорын дамыту. Танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Оқушылардың дәптерге көркем, таза жазуларын қалыптастыру.

Тәрбиелік : Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас, ұжымдық, іс-әрекет тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білімді дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, түсіндірмесін есептеу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l - нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.

у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.

Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса , у = 0x+l , онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.

№1058

y=5x функциясы берілген:

  1. х-тің 2ге, -3 ке, 0-ге, -ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;
  2. у-тің 0-ге, 10-ға, -20-ға, 12-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар

№1059

Сызықтық функция у=3х+2 формуласымен берілген:

  1. х-тің -1-ге, 4-ке, 0-ге, --ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;
  2. у=тің 5-ке, -1-ге, 2-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар

№1060

Сызықтық функция у=2, 3х+4 формуласымен берілген, кестені толтырыңдар:

Х
-2
-1
3
10
Х: у
-2:
-1:
: 4
: 6, 3
: 8, 6
3:
10:

Сызықтық функцияның графигі

У = 1, 5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.

Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.

х
-3
-2
-1
0
1
2
3
х: у
-3: -6, 5
-2: -5
-1: -3, 5
0: -2
1: -0, 5
2: 1
3: 2, 5

Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.

Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1, 5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.

Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.

Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0; l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін (

\[-{\frac{l}{k}}\]
; 0) нүктесінде қияды.

Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі

l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық.

у=kx функциясының формуласынндағы х =0 болғанда у =0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді.

у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу.

у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0; 0) нүктесін алу керек.

Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у- тін мәнін табу керек.

Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2; 4) нүктесін алу керек. Табылған О(0; 0) және А(2; 4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі.

у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k.

у=kx функциясының графигі -О(0; 0) және (1; к) нүктелері арқылы өтетін түзу.

Егер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады.

у=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k- ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық.

у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.

№1083

Мына формуламен берілген функцияның графигін салыңдар

1) у=х+1 3) у=-3х+2 5) у=5х-2

2) у=2х+5 4) у=6х-1 6) у=х-3

№1084

у=3х-4 сызықтық функцияның графигін салыңдар. Графиктің көмегімен мынаны анықтаңдар:

  1. х=2, -2, 3 мәніне у-тің қандай мәні сәйкес келеді?
  2. у=-1, 2, 5 мәндері х-тің қандай мәндеріне сәйкес?

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырма №1085

Ататүрік атындағы № 17 мектеп - гимназиясы

Тақырыбы:

Математика пән мұғалімі: Атаева Н


Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді жоспар: 7-сынып - Сызықтық функциялар (y=kx, y=kx+b) және олардың графиктері
6-сынып математикасы: Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы: бұрыштық коэффициент k және ығысу l-тің әсері
Алғашқы функция және интеграл: анықтамалар, қасиеттер және практикалық есептер
7-сынып: Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы және коэффициенттерге тәуелділігін негіздеу
Квадраттық функция: анықтама мен параболаның геометриялық сырлары
Алғашқы функция және интеграл: есептер арқылы білімді жүйелеу
Тригонометриялық функциялардың туындылары: анықтама, формулалар және есептер
8-сыныпқа арналған алгебра сабағы: y = ax^2 + n және y = a(x - m)^2 функцияларының графиктері
Функция шектері: теория, тамаша шектер және есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz