Грамматикалық ойындар

Бершүгір орта мектебі

«Грамматикалық ойындар»

( Әдістемелік құрал )

Наменова К. Ж

2010 ж.

Бершүгір орта мектебінің әдістемелік кеңесі

Наменова К. Ж

«Грамматикалық ойындар»

(5-6 сыныптар үшін)

2010 ж

Аудандық білім бөліміне қарасты

Бершүгір орта мектебінің әдістемелік кеңесінде қаралып, таратуға ұсынылған.

Бершүгір орта мектебінің № қаулысы

Пікір жазғандар:

1. А. Т. Жанаев-мектеп директорының бейіндеу ісінің меңгерушісі

2. Ж. Т. Күштаева-оқу ісінің меңгерушісі

Бұл әдістемелік құралда қазақ тілі пәні бойынша грамматикалық ойындар берілген. Оқушылардың ой-қиялын дамытуда, тапқырлыққа тәрбиелеуде, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыруда маңызы зор. Әдістемелік құрал қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне арналады

Алғы сөз

Бұл әдістемелік құралдағы грамматикалық ойындар оқушының тілін, ой-ұшқырлығын дамытады, тапқырлыққа жетелейді, өзіндік пікір айтуға жағдай жасады және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Фонетикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге көмектеседі.

Ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Олардың білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, ізденімпаздығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады.

«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны

Көңілді шумақтар

1-БІР

Же 1 екен 1 қазан:

Ке 1 жемді 1 қазан

1 -ақ сәтте қойды жеп,

Кү 1 етті:

«Тойдым», -деп.

Естіп 1 кез дү 1 ді,

Жағадағы тү 1 ді

Паналауға жүгірді.

2-ЕКІ

Баласына ж 2 ріп,

Ұрсып жатыр К 2 лік:

- 2 леніп с 2 ріп,

Алып қапсың « 2 лік».

2 ншілей « 2 ңді»

Көрсетпе!-деп ж 2 ді.

К 2 рейіп баласы,

2 ленбей таласып,

«Жоймасам ба 2 мді!»

Деп б 2 нген с 2 лді.

3-ҮШ

3 тентек баласы

3 інші кластаың

Доп 3 ін таласып,

К 3 терін сынасты.

Бір допты кішкене

3 еуі ап құшаққа,

Барынша к 3 ене,

Тартысты 3 жаққа . . .

3 досқа

Үйшікте

Жатқан кеп к 3 ікте,

Тұмсығын 3 кілдеу

Көтеріп, т 3 кірді.

«Жағдай м 3 кілдеу», -

Дегендей, 3 үрді-

Өзінше 3 досты

Басқансып « 3 кірді».

5-БЕС

«Тебесің, -деп, -қойларды»,

5 ті айғырды қораның

Тө5іне лақтырдым.

5 аспап батырмын.

Сен 5 ең, сұрағын:

5 іктегі бөпемнен,

5 жастағы көкемнен.

6-АЛТЫ

6 бала ел с6н баққан

Тепті ұзақ күн 6бақан.

Бөсті бізге 6 ш тым:

-Тұрмаушы едім қ 6 тырап,

Б 6 қта көп м 6 дым:

Жауырыным ж 6 рап,

Көрінбейтін б 6 рым.

10-ОН

10 бала қоршады

10 ыншы вагонды,

Т 10 әкеп қарсы алды

Ағайды пог 10 ды.

Құрметті бұл қ 10 ақ

Ауылға ж 10 дағы,

С 10 арда ол болмақ

Аңшымен с 10 дағы.

АДАСҚАН АТАУЛАР

Қолына алып қа З ықты

Ашқарақ асқа асықты

Жарасқа бәрі күліпті.

Жазда е С ік киіп жүріпті

Көпен қатты ысқырды,

Кеп С ерлерді ұшырды.

Балық аулай барғанмын мен,

Шортан ілдім Б армағыммен.

Қол бұлғайды балалар,

Келеді ұшып тыр М алар

Атам ш А пан байырғы

Қойын кері қайырды

Түні бойы б Ұ қалар

«Бақ-бақ»-десіп жақ талар

Татты да сорпаны,

М ұз салды ол тағы

Е Л екті ерттеп алады,

Базарға атам барады.

Інім менің мүскентай

Қолқанатқа жарады-

Қ алтасымен кішкентай

Күнде отын жарады

.

Айман апай айналды

Бәрін жиып қасына:

Бір-бір бантик байлады

Бес қ А зының шашына.

Ойны қанбас Т ілектің,

Күнімен асық атады.

Сыбанып ап білекті,

Б ақасын баптап жатады.

Жазда ауылда атама

Шөп шабыстым ша Ң ғымен

Қыста қарап жатам ба-

Қырдан астым шалғымен

Екі жасар шамасы

Қарында Ш ы Қ ымбатты

Жеті жасар а Т асы-

Жомарт келіп жұбатты.

КЕРІ ОҚЫП КӨР

«УА!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсендер

«УА!»-дан тағы сөз туар,

Кері оқып көрсеңдер.

«АУ!» болады ол сөзін

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы.

«СҮТ»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын:

Кейде ұйқыда көретін

«ТҮС» боп шығар жаңағын.

Көп қой ыдыс түрлері,

«КЕСЕ» деген және бар.

Көп жүк артып жүреді,

«ЕСЕК»-күшті жануар.

Оңға қарай оқысаң,

ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.

Солға қарай оқысаң,

ТЫМАҚ -қысқы киімін.

Кері оқуға келетін

Тең мағына беретін.

Қызық сөздер тағы бар,

Оны өздерің табыңдар!

ӘРІП ҚЫСҚАРСА

Қызық болар лезде,

Түсіп қалса сөзде әріп.

Мағына да сол кезде

Шыға келер өзгеріп.

Палау,

Алау,

Лау,

Ау,

У.

Ебелектер,

Лектер,

Тер,

Ер.

Қанар,

Анар,

Нар,

Ар.

Жолақ,

Олақ,

Лақ,

Ақ.

Қауыз,

Ауыз,

Уыз,

Ыз.

Барыс,

Арыс,

Ыс.

Жеңіс,

Еңіс,

Іс.

Күй,

Үй.

Хат,

Ат.

ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС, ҚАЙСЫСЫ БҰРЫС?

Мынау- қалпақ,

Мынау-қармақ,

Мынау-қаңбақ,

Мынау-қаймақ.

Аттары ғой бұл әлі,

Ал осылар туралы

Былай десем дұрыс па,

Әлде мұным бұрыс па?

Көлге салам қалпақты,

Басқа кием қармақты,

Күнде жеймін қаңбақты,

Жонда қуам қаймақты.

Бұрыс болса, ұрыспа,

Әлде былай дұрыс па?

Жонда қуам қалпақты,

Күнде жеймін қармақты,

Басқа кием қаңбақты,

Көлге салам қаймақты.

Бұрыс болса, ұрыспа,

Әлде былай дұрыс па?

Күнде жеймін қалпақты,

Жонда қуам қармақты.

Көлге салам қаңбақты,

Басқа кием қаймақты.

Бұным-дағы бұрыс па,

Әлде былай дұрыс па?

Басқа кием қалпақты,

Көлге салам қармақты,

Жонда қуам қаңбақты,

Күнде жеймін қаймақты.

ТАСЫМАЛ

«Тасымалды» өттік біз,

Жаздық мысал көп-көп біз.

Деген сөзді: «темір»

Бөлдім былай: т-

емір,

Оған алдым

Мен бір.

Деген сөзді: «түлкімен»

Бөлдім былай:тү-

лкімен .

оған алдым

2 мен.

Деген сөзді: «іргелес»

Бөлдім былай:ірге-

лес .

Бұған алам

Енді 5!

ШАРАДАЛАР

Бас буынмын-батырмын,

Зат есіммен келесі

Талай асқа батырдың.

Біріктіріп екеуін,

Елімде ағып жатырмын.

(Ер-тіс)

Бастайтыным -сан

Неше?

Қостайтыным-бір мүшең.

Енді келер жалғасын

Асқа күнде саласың.

Бәрін қоссаң,

Табасың

Қазақстан қаласын.

(Екі-бас-тұз)

Бір бөлігі-сын есім,

Екіншісі-топырақ.

Біріккенде,

Білесің

Атын үлкен атырап.

(Қызыл-құм)

Басың тәтті дер едім,

Бұйрық райда-ал соңы

Тұтас-

Атын береді

Таныс көлдің,

Тап соны.

(Бал-қаш)

АНАГРАММАЛАР

Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен.

(Құрық-қырық)

«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)

«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала алады.

(Жаз-қаз)

«Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан)

ЖАҢЫЛТПАШТАР

ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ

Жаңылтпаштарымнан

жаңылысыңқырағандарың

!

ЖЕТІ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ

Бүлдіршіндерді

Күлдіргендер

Бүлдіргендер екен десек,

Бүлдіргендерді

Бүлдіргендер-

Сөйтіп бәрін күлдіргендер

Бүлдіршіндер екен, білсек.

(Е. Өтетілеуов)

Талқы

(Жалғауларын қойып оқы)

Қып-қызыл күнделігі

Көр қыз . . . Моншақ атты.

Ол жайлы мен де бүгін

Айтамын сонша қатты.

Ойынға үйір неме

Сабақ . . . оқымайды.

Келмейді үйірмеге,

Кестеде тоқымайды.

Теңеді халық оны

Түз . . . жел, құйынына.

Сынадық салып оны

Ұландар жиынына.

Сын оған бір . . . өтті

Садақтың жебесіндей.

Моншағым терлеп кетті

Монша . . . төбесіндей

«МАҒЫНАСЫН ТАП» ойыны

Н-ЖАТТЫҒУ

Төбе деген жарық,

Түсті одан жарық.

Жауып еді бұршақ,

Сынды содан бұршақ.

Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың.

Ұйқасқан көп сөздің,

Айтшы несін сездің?

ҰЙҚАСЫН ТАП

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған . . .

Тістемейді, теппейді,

Бос қойсам да . . .

Мына тұрған тайлағым,

Келмейді оны . . .

Сирақ, мойын көрік деп,

Жүр жирафқа . . .

Мына тұрған торайым,

Танауына . . .

Шалшыққа кеп аунайды,

Нас баладан . . .

«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны

1. Ұяда . . .

Ұшқанда . . .

2. Көп . . .

Терең . . .

3. Ата көрген . . .

Ана көрген . . .

4. Істі . . .

Икемді . . .

5. Туған жер . . .

Туған ел . . .

6. Жақсы бала . . .

Жаман бала . . .

«КІМ БІЛГІР?» ойыны

Тақтадан заттардың, жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі? (көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)

«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.

  1. Ашу- . . . ,

Ақыл- . . .

  1. Ақылдан . . . жоқ.

Ашудан . . . жоқ.

  1. . . . тауып айтады,

. . . қауып айтады.

  1. Дос . . .

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындар жайлы ақпарат
Сұрақ - жауап ойыны
Бағдарлама
Ойын технологиясы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЙЫН - ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУ
Ұлттық ойындар 6 сынып , қазақ тілі ( орыс мектебі)
Төрт түлік. есімдік
Қазақ тілі пәніне арналған оқыту әдістемесі
Шет тілі сабағында ойын түрлерін қолдану
Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz