Паскаль тілінің қайталау операторы

Омиралиева Қарлығаш Темерханқызы №14 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің REPEAT (қайталау) операторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды циклдің түрлерімен таныстырып, оператордың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмді программалауды үйрету. REPEAT қайталау операторы көмегімен программа құру, командаларының жазылу ретін, өрнектелуін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін, программа құруға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, флипчарт, Power Point -та дайындалған презентация-слайдтар, электронды тест, Паскаль АВС

Пән аралық байланыс: Математика, ағылшын тілі.

Күтілетін нәтиже: Repeat операторының қызметі, синтаксистік диаграммасын білу, циклдік алгоритмді программалауға үйрету.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

«Менің көңіл күйім» жаттығуы арқылы оқушылардың көңіл -күйін көтеру. Оқушыларға түсті таңдауды ұсынып, қызыл түс-шаттық, қызылсары-көңілді, сары-ашық, жағымды, жасыл-салмақты, көк-көңілсіз, күлгін -қобалжу, алаңдаушылық, қара-шаршағандық, әлсіздік, ақ-немқұрайлықты білдіреді.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Цикл алаңы» ойны арқылы сұрақтар қою.

  1. Циклді оператор дегеніміз не?
  2. Әзірше қайталау операторы қалай орындалады?
  3. While операторының синтаксистік диаграммасын жаз.
  4. While операторында шарт жалған болғанда не болады?
  5. Шарт деген не?
  6. Циклді оператордың неше түрі бар?

б) Үйге берілген есептерді тексеру.

Тапсырма№1: Қатесін табыңыз: 1-ден n - ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.

Program kvadrat;

Var s, i, n: integer;

Begin

WriteLn (‘ n = ’) ;

Readln (n) ;

I:=1; S:=0;

I:= i+1;

While i<=n do

S:=S + sqr (i) ;

Begin

WriteLn (‘ S=’, S) ;

End;

End.

Program kvadrat;

Var s, i, n: integer;

Begin

WriteLn (‘ n = ’) ;

Readln (n) ;

I:=1; S:=0;

While i<=n do

Begin

S:=S + sqr (i) ;

WriteLn (‘ S=’, S) ;

I:= i+1;

End;

End.

№2 Мысал. 1 кг ірімшік 300 тг. тұрады. Ірімшіктің 100, 200, 300, . . ., 1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығаратын программа құру. Қадам - 100 -ге тең.

Program esep3_3;

Var

m: Integer;

z:real;

BEGIN

Цикл денесі

m:=100;

while m<1000

begin

z:=(300*m) /1000;

WriteLn(m, ' ', z, ' тг. ') ;

m:=m+100;

end;

END

Программа нәтижесі:

100 30 тг.

200 60 тг.

300 90 тг.

400 120 тг.

500 150 тг.

  1. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта қайталау операторының цикл тұлғасы шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа операторымен танысамыз. REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, екінші өзгешілігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады ( while операторында керсінше болатын) .

БС.

WHILE (эзірше) операторы

жок

иә

REPEAT операторы

жок

иә

Бүгінгі күнді жазып, жаңа ұғымдармен танысайық: REPEAT (оқылуы: репит, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы:антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздері. Осы түйінді сөздер арқылы операторды жазамыз.

REPEAT қайталау операторының синтаксистік диаграммасы:

Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.

REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторға берсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды. Цикл тұлғасы болып келген опертор жай немесе құрама опертор бола береді. Бұл оперторды да WHILE оперторын пайдаланған есептерде қолдануға болады, қай оперторды қолдану әркімнің өз еркіне байланысты шешіледі. WHILE оперторы көмегімен шығарылған есепті енді REPEAT операторымен шығарайық.

Program esep3;

Var m: Integer;

z:real;

BEGIN

m:=100;

while m<1000 do

begin

z:=(300*m) /1000;

WriteLn(m, ' ', z, ' тг. ') ;

m:=m+100;

end;

END.

Программа нэтижесі:

100 30 тг.

200 60 тг.

300 90 тг.

400 120 тг.

500 150 тг

Program esep4;

Var m: іnteger;

z:real;

BEGIN

m:=100;

REPEAT

z:=(300*m) /1000;

WriteLn(m, ' ', z, ' тг. ') ;

m:=m+100;

until m>1000

END.

Программа нэтижесі:

100 30 тг.

200 60 тг.

300 90 тг.

400 120 тг.

500 150 тг

  1. Жаңа сабаққа есептер шығару.

3 түрлі тапсырма беріледі, № 1 тапсырма while операторы түрінде берілген есепті REPEAT операторымен жазу. №2, №3 оқушылардың мүмкіндігіне қарай REPEAT операторы түрінде программа құру.

№1 тапсырма. 1, 3, 5, …, 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу. While операторы түрінде берілген есепті REPEAT операторымен жазу.

while операторы
repeat операторы
while операторы:

program kosyndy;

var x, y, s: integer ;

begin

x:=1; s:=0;

while x<=15 do

begin

y:=sqr(x) ;

s:=s+y;

x:=x+2;

end ;

writeln ('s=', s) ;

end .

repeat операторы:

program kosyndy;

var x, y, s: integer ;

begin

x:=1;

s:=0;

repeat

y:=sqr(x) ;

s:=s+y;

writeln ('s=', s) ;

x:=x+2;

until x>15;

end .

№2 тапсырма. Берілген есепті есептеу алгоритмін және repeat операторын қолдана программа құру керек.

1-20 дюйм аралығын сантиметрге түрлендіріңдер (1 дюйм=2, 54 см) .


Ұқсас жұмыстар
Қайталану операторы. 9 сынып
Шартты көшу операторы
Паскаль – бағдарламалау тілі
Паскаль - программалау тілі
Шығару операторы
Паскаль тілінің қарапайым операторларымен жұмыс. 9 сынып
Тест жауаптарымен. 9 сынып
Шартты операторы таңдау операторы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Ақпаратты сығу программалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz