Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Логикалық есептер сайысы


Тақырыбы: Логикалық есептер сайысы

Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке,

Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер» сайысын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың
жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім
күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
/Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Елтай орта
мектебі аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап
сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған
қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған
тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ
болыңыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
Блиц-турнир
1-топ:
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша
отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат
ойнады? (4сағат)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол
қандай сан? (1,2,3)
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге
бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2-топ:
1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше
минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде
барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған
адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жаубын
парақтардан табасыңдар. Есептердің мәндерін суретті жинау керек - 1 ұпай.
Суретте кім бейнеленгенін шешсеңдер тағы – 1 ұпай саны қосылады.

5-3 [pic]-26,18 – 14,02

11 – 6 [pic]16,25-52,12 34,02-х12,37

27: 3 12,5+0,21-5(-4,5)

Жауаптары:
1 -40,2

4 -35,87 21,65

7 34,71
/Леонард Эйлер 18ғ. Өмір сүрген швейцариялық белгілі математик жиындарды
Эйлер дөңгелектері арқылы кескіндейді
Рене Декарт француз математигі, оң және теріс сандарға түсінік берді./
1. Жанкүйерлерге сұрақ (Фокус)
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана
шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас
екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай
алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы
тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші
шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да
бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

3 - аялдама: «Ойлан, тап!» аялдамасы. Суретте жетіспейтін фигура
тауып, алдында жатқан фигуралар арасынан тауып көрсету керек.

| | | | |
| | | | ? |
| | | | |
| | | | |

4-аялдама: Пуассон есебі. Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық
маңызы бар бір есеп ұсынбақпыз. Бұл есепті кезінде француз математигі
Пуассон шешкен екен. Сондықтан, бұл есеп Пуассон есебі деп аталады.
Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л.
суды қалай құйып алуға болады?
5 – аялдама: 6*6 аялдамасы: Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл
әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге
қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір
әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.

|И |Ц |Ү |Ш |Б |Ө |
|О |А |Р |Ы |К |Л |
|Н |Б |Ұ |П |Е |Ш |
|А |Ы |Ж |А |Й |Н |
|Л |Т |Ү |З |Ы |Қ |
|Б |Ө |Л |У |С |О |

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш
Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)
Жанкүйерлерге тапсырма:
Қолды тақтадан үзбей екі қолмен бір уақытта екі фигура салу.
Қосымша: Сергіту аялдамасы
Есеп: Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй
толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу,
ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойыз Елтай орта мектебінде. Абайлаңыздар, сақ
болыңыздар!
Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз
әділ-қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші: Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны
белгілі. Біздің жас математиктер математика туралы не дер екен?
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Математикалық брейн-ринг сыныптан тыс шарасының жоспары
Қолданылған нақыл сөздер
Сынып топ басшысы
Тақырып Параллелограмның ауданы
Тапқырлар сайыс
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
Сөз жұмбақ сайысы
Математика және біз сайысы. 5 сынып
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістері
Логикалық есептер шешу
Пәндер