Көркем әдебиет сабағы: Төлдер айтысы ертегісі - үй жануарларының төлдерін таныстыру

Күні:22. 04. 2014ж

Қатынас» білім беру саласы

Тақырыбы : Төлдер айтысы (ертегісі) .

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Мақсаты :

Білімділігі: Балааардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбилеу. Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: төрт түлік, төлі

Көрнекілік: үй жануарлары және төлдер суреті

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Іс - әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Мұғалімнің әрекеті: Балаларды сабаққа дайындау
Балалардың іс - әрекеті: Балалар құралдарын дайындайды.
Іс - әрекет кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің әрекеті:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

-Балалар бүгін қай күн?

-Сәуірдің -22, аптаның 2 күні (сейсенбі)

-кәзір біз Көркем әдибет сабағымызды бастаймыз!

Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеміз мен сендерді үш топқа бөлемін.

І-«Ботақан»

ІІ- «Бұзауқан»

ІІІ- «Қошақан»

Асық арқылы ұпай жинап отырамыз, жарай ма балалар?

-жарайды.

-Балалар біз нелерді көріп тұрмыз?

-Жануарлар

- қандай жануарлар бар екен?

«Топтастыру әдісі»

Үй жануары Дала жануары

-Олай болса балалар бүгі біз үй жануарларымен танысамыз, оның төлдерімен танысамыз.

«Кім тапқыр»Жұмбақтар

І-топ

Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қозы)

ІІ- топ

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. ( лақ)

ІІІ- топ

Көкке шаншып құйрығын

Келеді шауып жүйрігім. ( құлын)

«Төлдерін тап»

-Балалр сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді?

-Бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақыры «Төлдердің айтысы» деген ертегі екен, мен сендерге айтып беремін сендер тыңдайсыңдар.

Сергіту сәті:

«Лақ», «қошақан» туралы өлең

-Балалар біз ертегіні түсіндік па?

-олай болса, ертегіні қойып көрейік кәне! лақ, қозы, құлын, бота, бұзау болғысы келеді екен, қай топ жақсы түсінді екен? ( ертегі желісімен қойылым көрсету. )

Ойын « Артығын тап»

Балалардың іс - әрекеті:

-деп келген қонақтармен сәлем беріп амандасады.

Күн ретін айтып үйренеді.

Сабақтың жарыс түрінде өтетінін біледі.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

2 топқа бөлініп

Тақтаға орындайды.

Өз бетінше әңгімелеу

Ертегіні тыңдайды

Өлеңмен айтып, қимылмен көрсетеді.

Көрініс қоюға таласады.

Үй жануарларының артығын табады.

Іс - әрекет кезеңдері: Рефлексивті түзетушілік
Мұғалімнің әрекеті:

Балаларға сұрақ беру.

тыйым сөз, мақал -мәтел айтқызу.

Асықты санау арқылы ұпайды көрсету.

Балалардың іс - әрекеті:

Балалар білетін тақпақтарын айтады.

қуанды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Суретке қарап әңгіме құрауды білді. Ертегіні айта білді.

Қандай түсініктерді игерді: мұғалімді тыңдауды, ұйымшылдықты.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тілдік қорлары молайды,

пәнге қызығушылығы артты. Ойлау қабілеттері дамыды. Сурет бойынша әңгіме құрау дағдылары қалыптасты.


Ұқсас жұмыстар
Төлдер айтысы ертегісі арқылы төрт түлік малдың төлдерін оқыту
Дидактикалық сабақ жоспары: Жыл басына таласқан жануарлар және Төлдер айтысы ертегілері
Үй жануарларының қысқы тіршілігі: 1-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ана тілі 2-сынып Құстар айтысы (Үнді ертегісі) ашық сабақ жоспары
Балапан тобының ерте жас балаларға арналған көркем әдебиет технологиялық карталары
Көркем әдебиет сабағы: жыл мезгілдерін салыстыру және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
№12 технологиялық карта: Гүлдер тобына арналған көркем әдебиет сабағы - Қыс мезгілін қайталау
6-сынып әдебиет сабағы: Әбдірахман Тәжібаев Толағай ертегісі - тіл дамыту және әдеби талдау
3-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет сабақтарының жоспары: Түбірлес сөздер, Құстар айтысы, Күлпаш
Балабақша сабағы: Қысқы баспана ертегісі арқылы ормандағы жануарлардың қысқы тіршілігін таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz