Мектепалды даярлықтағы сенсорлық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

«Жаманшұбар негізігі мектебі» КММ

Тасанова Баян Ашуовна

Мектеп алды даярлық тәрбиешісі

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер мен таныстыру.

Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды бір−бірінен ажырата білуге үйрету.

  1. Білімділік:Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
  2. Дамытушылық:Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін, байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
  3. Тәрбиелік:Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Әдіс−тәсілдері: Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбер.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық.

Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады) .

Бауырсақ сөзі: Менің атым бауырсақ.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан, әжеден кеттім.

Тыңдамадым атамды

Тыңдамадым әжемді

Үйімді мен сағындым

Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

− Сары.

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

−Дөңгелек.

Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.

  • Балалар менің тұратын үйім жоқ.

Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Төртбұрыш ( оның төрт бұрышы бар) .

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар) .

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.

(Аю келеді музыка ойналады) .

Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?

Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.

Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.

Аю: Рахмет, балалар мен енді кетейін.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тұңығып алайық.

Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»

Тапсырма: Түс пен пішінді ажырата білу.

Сары шеңберге секір.

Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.

Көк ұшбұрышты атта.

Түлкі: Қандай қызық ойын.

Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды) .

Бауырсақ: Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.

Сен бізді бір сынап көрші.

Тәрбиеші: Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.

Арман: Бала, бала балапан

Кәне қайсы алақан

Саусақтары әйбат

Былай, былай ойнат.

Ақбота: Төртбұрышты қолданып,

Ұшбұрыш қолданып

Көрпешені жасаймын

Әдемісін ішінен

Қуыршаққа сыйлаймын.

Сабыржан: Отан менің − жан анам,

Отан менің − жан әкем.

Отаным деп шаттанам

Отаным деп әлденем.

Ернар: Ойыншақтар қандай, қандай

Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.

Түрлі - түсті түстері

Көз тартады өздері.

Сырымбет: Мен бақшаға келемін

Күнде қалмай жүремін

Ұйықтаймын, ойнаймын,

Мен сабақтан қалмаймын.

Түлкі: Бәрекелді балалар. Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?

  • Ең бірінші қоянға көмектестік.
  • Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.
  • Аю мен ойнадық

Денсаулық жолмен жүрдік

Түлкіге тақпақ айтық.

Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру) . Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.

Тәрбиеші: Балалардың ашық түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл - күйлерінен алған сабақтың әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық сыныбына арналған геометриялық пішіндер қаласына саяхат: Дьенеш логикалық блоктармен математикалық сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған сенсорлық тәрбие: геометриялық пішіндерді топтау бойынша оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Балабақшаға арналған сайыс сабақ: Геометриялық пішіндер ғаламшарында
Ертегілер еліне саяхат: мектепалды даярлықтағы ашық сабақ
Мектепалды даярлықтағы орамалды әшекейлеу: күзгі шығармашылық сабақ
Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ Күннің көзін бұлттан арылтайық: 1-10 сандарын санау, дыбыстық талдау және геометриялық пішіндер арқылы оқыту
Мамандықтың бәрі жақсы: мектепалды даярлықтағы тіл дамыту сабағы
Мектепалды даярлықтағы сауат ашу сабағы: Қ дыбысы мен әрпі
Бөбекжайға арналған сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер туралы ертегі - 1-5-ке санау және пішіндерді таныту
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz