Сынып дарабозы - 2014

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Саденова меруерт Айдарқызының өткізген тәрбие сайыс сабағының жоспары.
Сынып дарабозы - 2014
Мақсаты: 1. Оқушылардың пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеріп, пысықтау.
2. Тілдік, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, нақыл сөздер, жоспар.
Сабақтың барысы:
- Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! XXI ғасыр білім мен ғылым
ғасыры екені аян. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін жастар білімді болуы керек. Бүгінгі біздің «Сынып дарабозы» атты сайыста оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады, яғни болашаққа деген сенімімізді білдіреміз. Сайысқа 2 Б сыныптың ер балалары қатысып отыр. Әр оқушы өз білімдерін көрсетіп, өз сыныбының намысын қорғайды. 7 оқушының ішінен 1 оқушы жеңіп шығып «Сынып дарабозы» атанады.
Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.
1-айналым. «Бәйге» Әр оқушыға 4 сұрақтан беріледі.
2-айналым. «Сен білесің бе?» Ақындар, батырлар, жазушыларды суреттері арқылы тану.
3-айналым . «Ұшқыр ой». Оқушылар әріптерді таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.
4-айналым . «Іздеген жетер мұратқа». 4 пән бойынша сұрақтар қойылады.
5- айналым «Сөзжұмбақ сыры» әр оқушыға сөзжұмбақ беріледі.
6-айналым . «Жорға» екі оқушыға бірдей 10 сұрақ қойылады.
Қайсысы көп жауап берсе, сол бүгінгі сайыстың жеңімпазы болады.
Әр айналымнан кейін ұпайы аз оқушымен қоштасамыз
Екі айналымнан кейін ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз, үшінші айналымға бес оқушы барады, үшінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасамыз, төртінші айналымға төрт оқушы барады, одан кейін тағы ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз, бесінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасамыз, екі оқушымен соңғы айналымға барамыз, екі оқушының біреуі осы сайыстың жеңімпазы болады.
Әрқашанда білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден адал аппақ ниетпен.
( Жарысқа қатысушы оқушылармен таныстыру )
Қазылар орнықтырыр әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1-айналым. «Бәйге»
Әр оқушыға төрт сұрақтан беріледі. Ол үшін тақтада тұрған ұяшықты таңдайды. Сол ұяшық бойынша сұрақтар қойылады.
1-ұяшық сұрақтары:
- 1 тәулікте неше сағат бар? (24)
- Мектептегі ең жоғарғы баға? (5)
- Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)
- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)
2-ұяшық сұрақтары:
- «Кел, балалар оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)
- Күзде жапырақ қайтеді?
- Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? (Бағдаршам)
- Екіні өз өзіне неше рет қосқанда 10 шығады.
3- ұяшық сұрақтары:
- Мәтіннің неше түрі бар? ( сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)
- 1 сағатта неше минут бар? (60)
- Абай Құнанбаевтың шын аты. (Ибраһим)
- Ең үлкен бір таңбалы сан?
4-ұяшық сұрақтары:
- Көктемде алғаш шығатын гүл? (бәйшешек)
- Сөз мағынасын өзгертетін қосымша. (жұрнақ)
- Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге, жуан, жіңішке)
5-ұяшық сұрақтары:
- «Орман емшісі» қай құс? (тоқылдақ)
- Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)
- 72 мен 11 айырмасы. (61)
- Табиғатты жырлаған ұлы ақын кім? (Абай Құнанбаев)
6-ұяшық сұрақтары:
- Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?(сұраулы)
- Бейбітшілік құсы. (көгершін)
- 64 пен 14- тің айырмасы. (50)
- Көктем айларын ата. (нурыз, сәуір, мамыр)
7- ұяшық сұрақтары:
- Қосымша нешеге бөлінеді? (2, жұрнақ, жалғау)
- 1 ғасырда неше жыл бар?
- Мұқағалидің шын есімі. (Мұхаметқали)
- Абай айтқан бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Оқушылардың ұпайлары есептелінеді.
2-айналым. «Сен білесің бе?»
- Ақындар, батырлар, жазушылардың суреттері көрсетіледі. Сендер соның атын өз іштеріңізден ойланып, қағазға жазасыңдар, айтпайсыңдар.
1-сурет. Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? (Абай Құнанбаев)
2- сурет . Желтоқсан оқиғасына қатысып, ауыр соққыдан қаза болған батыр апамыз кім? (Ләззат)
3-сурет. «Қарттарды сүйем» өлеңінің авторы кім? (М. Мақатаев)
4-сурет. Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы. (Бауыржан)
5-сурет . Атақты күйші. Оның «Сарыақа», «Балбырауын» күйлері бар. (Құрманғазы)
6-сурет . Қазақ халқының еңбек сіңірген әншісі. ( Рымбаева Роза)
7- сурет . Торғайда тұңғыш мектеп ашқан ағартушы ұстаз? (Ы. Алтынсарин)
8-сурет . Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апамыз, оның соғыстағы қаруы пулемет болған. (Мәншүк Мәметова)
9-сурет.
10-сурет.
Ұпайлары есептелінеді, ұпайы аз екі ойыншымен қоштасамыз.
3-айналым . «Ұшқыр ой». Әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.
А- Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? (Алматы)
Ә-үй құсы. (Әтеш)
Б- Суда өмір сүретін тіршілік иесі. (балық)
Г-Машина тұрағы. (гараж)
Ғ-Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)
Д-Бізді ауырғанда емдейтін адам. (дәрігер)
Ж - Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
З - Ойыншықтың атауы. (зырылдауық)
И - Жеті қазынаның бірі. (ит)
К - Көру мүшесі. (көз)
Қ - мемлекеттік тіл. (қазақ тілі)
Л - қышқыл жеміс. (лимон)
М - пән атауы. (математика)
Н - Қасиетті тағам. (нан)
П - ең алып жануар. (піл)
Р - гүлдің аты. (раушан)
С - уақыттың өлшем бірлігі. (сағат)
Т - төрт түліктің бірі (түйе)
Ұ - құстың үйі (ұя)
Ү - үй құсы. (үйрек)
Ы - кесе, қасық бұл не? (ыдыс)
І - киім ілетін зат. (ілгіш)
О - Қыста жылыну үшін не жағамыз? (от)
Ш - Әнұран авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов)
Х - сөйлем соңында нүкте қойылатын қандай сөйлем? (хабарлы сөйлем)
Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.
4-айналым. «Іздеген жетер мұратқа»
Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.
Ана тілі. 10-Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. (наурыз көже)
20- Көкек көктемнің нешінші айы? Көкек айын басқаша қалай атайды? (2-ай, сәуір) .
30- «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған? (қыс)
Қазақ тілі 10- Сөйлем неден құралады? (сөзден)
20-Кім? Кімдер? Не? Нелер сұрағына жауап беретін сөз табы. (зат есім)
30- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Математика. 10- 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
20- Аулада 4 тауық және олардан үшеуі артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны нешеу? (12)
30- Шаршының қабырғасы 4 см болса, периметрі нешеге тең? (16)
Дүниетану. 10- Адам немен тыныс алады? (ауамен)
20-Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
30- Өсімдіктердің жер асты мүшесі. (тамыр)
Ұпайы аз оқушымен қоштасамыз.
5- айналым. «Сөзжұмбақ сыры»
Үш оқушыға сөзжұмбақтар беріледі.
Тәуелсіз. 1 . Жылдан құр қалған жануар. (түйе)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz