Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сан есімнің түрленуі
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Сан есімнің түрленуі»
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Юсупова Баян
Түркістан-2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамы жайында және оның түрленуі туралы
түсінік беру.
Дамытушылық:
Ойын, талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушының білімділік,
тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, тіл ерекшеліктерін
дамыту.
Тәрбиелік:
Бір-бірін сыйлауға, ұжыммен жұмыс жасай білуге, салт-дәстүрін сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй, бағалау парағы, кестелі
плакаттар,
тірек- сызба, қоржын, асық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сыныптың тазалығын тексеру
• Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысы
❖ Сан есім дегеніміз не?
❖ Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
❖ Сан есімнің мағыналық түрлері?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есімнің түрленуі
Сан есімдер сандық ұғымды білдіреді, оған заттық ұғым тән. Олай болса,
сан есімдер 2 түрлі қызметте жұмсалады.
1) Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіреді. Қанша? неше?
деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Бір жылда он екі \неше\ ай бар.
2) Жеке дара айтылғанда тек абстракт сандық ұғым атаулары ретінде
қолданылады.
Мысалы: бес, жиырма бес мың
Сан есімдер заттық ұғымда қолданылатындықтан, септік, тәуелдік, жіктік
жалғауларын қабылдай алады.
Сан есімнің түрлену кестесі
|Сан есімдер |Есептік |Реттік |Жинақтық |Болжалдық |Топтық |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
3-тапсырма: Төмендегі сан есімдерге сатылай фонетикалық талдау жасау.
І топ
жиырма
ІІ топ
тоқсан
ІІ бөлімде мақал-мәтелдер жарысы. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді
қойып жазу. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
1. Білікті .....ді жығар, білімді ....ды жығар.
2. ..... кісі ..... жақ, қыңыр кісі .... жақ.
3. ..... ала болса, ауыздағы кетеді, ..... түгел болса, төбедегі келеді.
4. ..... сомың болғанша, ..... досың болсын.
5. ..... атасын білген ер ..... жұрттың қамын жер.
6. Қызға ..... үйден тыю.
ІІІ бөлім. Білім мен дәстүр. Қоржыннан асықтарды алу арқылы сұрақтарға
жауап береді. Әр кеспе қағазда 2 сұрақтан берілген.
1-кеспе
1. Жеті атаны ата.
2. Жеті санына мақал-мәтел айт.
2-кеспе.
1. Үш арсызды ата.
2. Үш санына мақал-мәтел айт.
3-кеспе.
1. Әдебиеттегі бес арысты ата.
2. Бес сөзіне мақал-мәтел айт.
4-кеспе.
1. Жеті жоқты ата.
2. Халық даналығындағы 3,5,7 сандарына байланысты ұғымдарын айт.
5-кеспе.
1. Үш тәттіні ата.
2. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректі айт.
6-кеспе.
1. Қазақ салт-дәстүрінде 40 саны кездесетін жерлер.
2. Қырық сөзіне байланысты мақал-мәтел айт.
V. Сабақты бекіту. «Кім көп біледі?»
І-топ
1. Сан есімнің мағыналық түрлері.
2. Сан есімнің түрленуі.
3. Жинақтық сан есім.
4. Жалғаудың неше түрі бар?
5. Күрделі сан есімге мысал келтір.
ІІ-топ
1. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Болжалдық сан есім.
3. Сан есімнің түрленуі.
4. Реттік сан есім дегеніміз не?
5. Дара сан есімге мысал келтір.
VI. Сабақты қорытындылау.
Құрметті оқушылар бүгін біз сан есім, оның түрлері туралы білдік.
Сонымен бірге сөз байлығымыз бен салт-дәстүріміз жайында білімімізді
кеңейте түстік.
VII. Үйге тапсырма.
78-жаттығу. Көркем шығармалардан сан есімдер кездесетін үзінділерді
тауып жазып, сан есімдердің астын сызып келу.
VIII. Бағалау.
Бағалау парақшасына топ басшысы сабақ барысында жауап берген оқушыға
баға береді.
|№ |Оқушының |1 |2 |3 |4 |
| |аты-жөні | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
[pic]
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz